Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Есте сақтау қабілетін зерттеу





Есте сақтау қабілетіне арнайы зерттеу жұмыстары белгілі бір көрсеткіштері бойынша жүргізіледі. Бұл ұзақ уақытты қажет етуімен және оны жүзеге асыру үшін ерекше жағдайды талап етуімен, интерпретация кезінде туындайтын қиындықтармен және де оларға тән емес сипатқа (яғни есте сақтау қабілеті емес) шағымдану жайларымен байланысты болады. Бұл оның жағдайын арнайы зерттеу үшін себеп болмайды.

Ақыл-ой қабілетінің айқын кемшілігі әдетте есте сақтау қабілетін зерттеудің көрсеткіші болмайды, себебі жалпы есте сақтау қабілеті қызметінің ауытқушылығы құрылымында үнемі орын алады.

Зейіннің аса өрескел ауытқушылықтары аясында есте сақтау қабілетін зерттеу көбіне дұрыс емес болып шығады және де оның нәтижелері есте сақтау қабілеті ауытқушылығының ғана емес, сонымен қатар есте сақтау кезіндегі зейін ауытқушылығының да дәлелі болады. Есте сақтау қабілетіне ерекше зерттеу жұмыстарын жүргізудің тікелей көрсеткіштері оның үлгілік арнайы ауытқушылығына жасалған шағым және анамнезде бас сүйек ми жарақатының болуы, эпилептикалық талма және амнезиялар болып табылады.

Есте сақтау қабілетін зерттеуде оның ауытқушылығын дәлелдеп қана қоймай, сонымен қатар оның сипаты мен шығу тегін анықтау қажет. Есте сақтау қабілетінің бұзылуы сипаты бойынша модальді-спецификалық емес (оның барлық түрлерінің жалпы төмендеуі) және модалді спецификалық (оның көру, есту, вербальді, қозғалтқыштық және т.б. сияқты жеке түрлерінің бұзылуы) болып бөлінеді.

Есте сақтау қабілетінің бұзылуы ерекшелігін ерікті тікелей есте сақтау кезінде анықтаған жөн. Жанама есте сақтау қабілетін зерттеу әдетте есте сақтау қабілетіне жасалған шағым негізінде емес, науқастардың жалпы психикалық қызметтерінің ерекшеліктерін анықтау мақсатында жүргізіледі.

Есте сақтау қабілетін зерттеу нәтижелеріне талдау жасауда оның қызметінің қай кезеңі екендігін, яғни ақпаратты анықтау, оны сақтау және жүзеге асырылуының зардап шегетіндігін анықтау қажет. Есте сақтау қабілетінің сипаттамасы мнестикалық қызмет ретінде оның есте сақтау (қарқыны, көлемі), сақтау (беріктігі, ұзақтығы), жүзеге асыру (толыққандығы, нақтылығы, бірізділігі), ұмыту (бөлшектеу, терең, жағдаяттық) кезеңдерінен тұрады. Есте сақтау қабілетінің барлық ерекшеліктерін ұсақ-түйегіне дейін зерттеу – нейропсихологиялық зерттеудің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады.







Date: 2016-05-24; view: 2705; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию