Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






З-өзіне баға беру және дағуа деңгейін зерттеу





Өз-өзіне баға беруін зерттеу жеті және одан жоғары жастағы балаларға жүргізіледі. Біршама ерте жаста оны зерттеу тек қана жүйке-жүйесі ауытқу жағдайында жүргізілуі қажет, ол мектепке дейінгі жастағы баланың жас ерекшелігіне байланысты. Оның өз-өзіне баға беруі өте жоғары деңгейде (өзін «ең-ең» дегендердің қатарына жатқызуына дейін) болады, ол баланың жүйке-жүйесі тозуы кезінде төмендейді. Әдетте, өз-өзіне баға беруге зерттеу Дембо-Рубинштейн әдістемесі көмегімен жүргізіледі, ол жеті жастан асқан балаларға қол жетімді. Аталмыш әдістеменің нәтижелеріне баға беруде өз-өзіне біршама жоғары баға беру қалыпты (яғни көптеген адамдарға тән) деп есептелетін жағдайды (барлық жағынан орташа көрсеткіш көрсететін адамдар қатарына жатқызылмауын) ескеру керек. Өз-өзіне баға берудің баламалылығы немесе ойға қонымсыздығы зерттелушінің шынайы қасиеттеріне сәйкес емес тұрғыда, әдістеме деректеріне сүйене отырып анықталады. Өз-өзіне баға беру шкаласы көмегімен алынған мәліметтер бойынша әңгімелесулер жүргізіледі.

Дағуа деңгейін «Менің тілектерім» әдістемесі мәнмәтінінде (баладан өзінің 3-тен бастап 20 дейін өзінің тілектерін жазуы сұралады) зерттеген жөн. Зерттеліп отырған балалардың жас ерекшеліктері, клиникалық ерекшеліктері әдетте дағуа деңгейін зерттеудің классикалық әдістемесін қолдану мүмкіндігін жоққа шығарады. Дағуа деңгейінің кейбір қырлары баламен, оның ата-анасымен әңгімелесу кезінде және басқа әдістемелердің мәліметтеріне (жоқ жануардың суреті, САТ және ТАТ әңгімелері және т.б.) талдау жасау барысында анықталады. Дағуа деңгейі әдетте төмен немесе жоғары және баламалы немесе ойға қонымсыз деп бағаланады. Өз-өзіне баға беру деректеріне қарағанда дағуларды жетістіктер деңгейі мен дағуалар деңгейі арасындағы диссоциацияның (сонымен қатар баланың бұл диссоцияларды түсіну ерекшеліктері) қаншалық үлкен екендігін анықтау мақсатында баланың шынайы мүмкіндіктерімен салыстыруға болады. Дағуа деңгейін зерттеу кезінде іс-әрекетінің жалпы ынталану кезіндегі (әсіресе оқу) жетістікке жету ынтасы мен сәтсіздіктен қашу ынтасы арасындағы арақатынасты анықтаған жөн. Аталмыш зерттеу жұмысы барысында сонымен қатар фрустрациялар, әсерлер (кедергілі-доминанттық, қажетті-кегежек; интрапунитивті, экстрапунитивті, импунитивті) сипатын анықтаған жөн, себебі бұл деректер бала іс-әрекетін реттестіру ерекшеліктерін түсінуде маңызды болып келеді. Фрустрацияға әсері әдетте онда фрустративтік жағдайлар (мысалы, тапсырмаларды орындауда сәтсіздікке ұшырау жағдайы) үнемі жай пайда болатын (немесе құрылатын) жалпы тексеру барысында анықталады.

 







Date: 2016-05-24; view: 1632; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию