Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Психологиялық зерттеу





Психолгиялық зерттеудің мақсаты-баланың психикалық дамуы мен баланың жоғары психикалық функцияларының қызметін бағалау, сипаттау. Психолог баланы зерттеу мерзімінде - адамгершілік принципін, балаға қатысты мейірімділікті басшылыққа ала отырып, баланың психикасына әсер етпейтіндей шараларды және сөздерді дұрыс қолдана білуі тиіс. Психолог экспериментальдық-психологиялық зерттеу жүргізу барысында сабырлы, мейірімділік, шыдамдылық сақтауы тиіс, сонымен қатар оның іс-әрекетіне қарап нақты бір дәлелдеме қоюға асықпауы тиіс, баламен қарым-қатынаста үнемі оны мадақтап, оны қолдап отыруы шарт. Зерттеу барысында жүргізіліп отырған орта жағымды болуы тиіс. Кабинеттің ішінде көп заттардың болуы баланың зейінін аударады, сол себепті зат мейлінше аз болуы тиіс. 4 жасқа дейінгі баламен жүргізілетін зерттеу жұмысында-балаға ыңғайлы кішкентай балаларға арналған үстел немесе кілемше, ал 4-6 жас аралығындағы балаларға-балалар үстелінде, ересек балдармен-қалыпты үстелмен өткізіледі, үстелдің үстінде барынша бөгде заттар болмауы тиіс. Алғашқы рет жүргізілейін деп отырған зерттеу жұмысында берілетін тапсырма деңгейі оңай болғаны дұрыс. Психолог баланың іс-әректіне қарайлай отырып, сабырлық танытуы тиіс. Егер бала тапсырма орындау барысында қателіктер жіберген болса, экспериминтатор тапсырманы орындауға қатысты өз нұсқаулығын беруі керек. Зерттеу жұмысының қорытындысы протоколға толтырылады: тапсырма орындауға кеткен уақыт, жіберілген қателіктер, көрсетілген көмек түрлері, баланың тапсырма орындау барысындағы белсенділігі көрсетіледі. Егер бала зерттеу жұмысы кезінде, анасының қатысуынсыз орындағысы келмесе, анасының қатысуына рұқсат беріледі, ал қалған жағдайда анасының қатыспағаны жөн. Зерттеу жұмысынан кейін психолог қорытындыны анасына айтуы тиіс, оның сұрақтарына жауап бере отырып, оған кеңес береді. Егер зерттеу уақытында қандай да бір себептермен бала өзін жаман, теріс мінез-құлықтар көрсеткен болса, онда оның себептерін білу керек, баланы тексеріске қайта бірнеше күннен кейін қайталап алып келгенін айтуы шарт. Сол уақытқа дейін баланы психологпен жұмыс істеуіне дайындап, балаға түсіндіру қажет. Зерттеу қатарына, психологқа сонымен бірге жұмыс істеу барысында, тез жалығып, шаршап қалатындарды да қайта тексеріске шақыру қажет.

Экспериментальды-психологиялық зерттеу жұмысын уақытында, психолог баланың даму картасын, басқа да құжаттармен (мектептегі дәптерімен, суреттермен, баланың жұмыс орындау белсенділігімен, психологиялық мінездемесімен), медициналық қорытынды (неврологиялық, психологиялық және көру,есту мүшесінің жағдайымен, тірек-қимыл аппаратының, сөйлеу тілінің деңгейімен), баланың қандай затқа, тапсырмаларды орныдауға қатысты белсенділігімен, қызығушылығымен таныса отырып, соған сәйкес өзінің әдістерін, тапсырмаларды өткізу тактикасын дайындай отырып, балаға зиян келтіретіндей сұрақтар мен ескертулерді дұрыс қолдануы керек. Ата-анамен жүргізілетін сұхбат-баланың нақты психикалық жағдайы мен сөйлеу тілінің деңгейін анықтау болып табылады.Баланы күнделікті бақылайтын ата-ана тарапынан,психологқа қажетті мәліметтерді қамтамасыз етеді. Анасына қойылған сұрақтар, баланың өмірімен нақтылы мәлімет алуға мүмкіндік береді. Ата-анамен жүргізілген сұхбат, сонымен қатар ата-анасының балаға деген қарым-қатынасы жайлы ақпарат алуға жағдай туғызады. Сұхбат нәтижесінде баланың ерекшеліктері мен баланың қызығушылығын, жалқаулығын, өзіне қатысты көзқараспен таныса алады. Сұхбатты жүргізу барысында баланың жас ерекшелігі, оның өзінің жеке қызығушылықтары, сұраққа жауап беру кезіндегі реакциясына мән беріледі. Баламен сұхбат нәтижесінде оның мінез ерекшелігімен таныса отырып, онымен жек жұмыс жүргізу маңызды.

 







Date: 2016-05-24; view: 3511; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию