Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Түйсікті зерттеу
Түйсікті зерттеу бағыты зерттеліп отырған баланың жай-күйінің ерекшелігіне тікелей тәуелді болады. Зерттеу жүргізу кезінде қарастырылатын түйсіктің негізгі түрлері көру және есту түйсігі болып табылады, қажет болған жағдайда сипап сезу түйсігі және сирек жағдайда иіс сезу және дәм сезу түйсіктері мұқият зерттеледі. Есту түйсігі ең алдымен есту қабілеті нашар балаларда немесе бұл есту қабілетінің нашарлығы мүмкін болатын балаларда зерттеледі. Есту қабілетінің жай-күйін зерттеуді дәрігер-сурдолог және сурдопедагог жүргізеді, ал психолог бұл ақпараттарды белгілі бір тұрғыда бала дамуына әсер ететін дерек ретінде қарастырады. Айтылған сөзді дұрыс түсінбеуі жағдайы орын алған кезде психолог бұл дұрыс түсінбеушіліктің себебін анықтау мақсатында логопедпен бірлесіп балаға зерттеу жүргізеді. Самай тұсының локалды жақымдану тұжырымын дәлелдеу немесе бұл жақымдануды қалай ауыздықтау қажеттігін анықтау керек болатын жағдайларда психолог нейропсихологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Көру түйсігін зерттеу кезінде балада көру қабілеті агнозияларының (заттық, кеңістіктік, түстік, әріптік және т.б.) болуы жағдайына назар аудару керек. Егер де көру түйсігін зерттеу кезінде оның бұзылуы көру қабілетінің нашарлауымен байланыстылығы туралы ұйғарым қалыптасса, онда баланы көзін тексертуге жібереді, ал қажет болған жағдайда көз ұяшығын зерттетуге жібереді. Көру қабілетінің дұрыстығы және түрлі агнозиялардың болуы кезінде аталмыш құбылыстың болуының себебін анықтау қажет. Оның себебі жалпы ақыл-ой кемістігі және көп жағдайда перцептивті ауытқушылықтарға алып келетін қабық тонусы ауытқуымен сипатталатын қабықтың жергілікті қабынуы болуы мүмкін. Бұл құбылыстардың үйлесімділігі оның құрылымында түйсігі жақымданған балада жалпы ақаудың болуы кезінде, оның ақыл-ой қызметін зерттеу кезінде анықталады; қабық тонусы тербелісінің болуы зерттеу жұмысының барлық кезеңінде әртүрлі астеникалық құбылыстармен (тез арықтаушылықпен, шаршағандықпен, зейіннің айқын бұзылуымен) сипатталады, қабықтың жергілікті қабынуы нейропсихологиялық зерттеу нәтижесінде (электроэнцефалографиялық деректерді зерттеумен байланысты) анықталады. Көру агнозияларының айқындылық деңгейі мен сипатына, олардың мүмкін болатын шығу тегіне және олардың баланың таным қызметіне ықпалына тоқталып кету қажет. Көру қабілетінің нашарлығы және көру агнозияларының болмауы жағдайларында көру түйсігінің аумағына, оның тұтастығына және константтылығына зерттеу жүргізіледі. Егер де көру қабілетінде және баланың жалпы ақыл-ой қабілетінде ақау болмаса, онда көру түйсігінің көлемі азаяды, оған зейін көлімінің азаюы немесе қабығының жергілікті жақымдануы себеп болады. Ақыл-ойы жақсы дамыған балада көру түйсігінің тұтастығы және константтылығы бұзылған жағдайда қабықтың жергілікті қабынуын анықтау мақсатында нейропсихологиялық зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Тактильді түйсік көбіне көзі көрмейтін балаларда және қозғалтқыш ауытқушылықтары бар балаларда зерттеледі. Олардың алғашқыларында ол оның сау екендігін анықтау үшін (арнайы зерттеу негізі ретінде) зерттеледі, ал екіншілерінде болуы мүмкін ауытқушылықтарды уақытылы алдын алу мақсатында зерттеледі. Балаларда төбе қабатының жергілікті жақымдануымен байланысты тактильді агнозиялардың (астереогнозиялар және соматоагнозиялар) болатындығын айтып кету қажет. Бұл агнозияларды анықтау жұмыстарын электроэнцефалографиялық мәліметтердің көмегімен нейропсихологиялық зерттеу барысында жүргізген жөн.
Date: 2016-05-24; view: 3381; Нарушение авторских прав |