Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Психологиялық зерттеудің мазмұны
Баланың психикалық дамуының ерекшеліктерін анықтауда және жоғары психикалық қызметінің жай-күйіне баға беруде ақыл-ой әрекетінің түрлі қырларын зерттеп, сипаттау қажет. Олар: ақыл-ой қабілетінің жай-күйі, зейін қабілетінің ерекшелігі, түйсік, ес, ойлау, сөйлеу қабілетінің ерекшеліктері. Қажет болған жағдайда өз-өзіне баға беруі және ынтасының деңгейі, отбасындағы және бала мен ата-ана қарым-қатынасының ерекшелігі, қатарластарымен қарым-қатынас ерекшелігі және басқа да ерекшеліктері зерттеледі. Ақыл-ой еңбегіне қабілеттілігі жағдайын зерттеу Ақыл-ой еңбегіне қабілеттілігі жағдайын зерттеуде ақыл-ой еңбегіне қабілеттілігінің кейбір кемшіліктері анықталады, бұл кемшіліктердің баланың ақыл-ой қызметі құрылымындағы маңызына және бұл ауытқушылықтардың генезисіне баға беріледі. Ақыл-ой еңбегіне қабілеттілігінің бұзылуы айқындалуы және сипатына байланысты түрлі деңгейде болуы мүмкін. Ақыл-ой еңбегіне қабілеттілігінің бұзылуын айқындаушы деңгейлерін шартты түрде жеңіл (өрескел емес, қатты байқалмайтын), байқалып тұратын және қатты (өрескел) байқалатын деп бөледі. Бұлайша бөлудің шартты түрде болатындығын атап өткен жөн, себебі ақыл-ой еңбегіне қабілеттілігінің бұзылуының байқалуы біршама өзгереді. Ол көп нәрседен, соның ішінде жағдаяттық факторлардан тәуелді болады және де оларды психологтар субъективті түрде өзінің кәсіби тәжірибесі процесінде қалыптасқан өлшемдерге сәйкес анықтайды. Айқындаушы деңгейлерден бөлек бұзылу сипатын да анықтау қажет. Ақыл-ой еңбегіне қабілеттілігінің бұзылуы мынадай сипаттарға ие болуы мүмкін а) бірдей төмендеуі (ауытқушылықтардың байқалу деңгейі тексеру жұмысының барлық кезеңінде шамамен бірдей болады); б) процесс барысында болуы (жанып тұрғандық) сипаты (тексеру жұмыстары барысында ақыл-ой еңбегі қабілетінің біршама өзгергендігі байқалады); в) әлсіреу сипаты (ақыл-ой еңбегі қабілеттілігін тексеру жұмысының аяқталуы кезінде біршама азаюы кезінде); г) күрделі (мысалы ақыл-ой еңбегі қабілеттілігінің өзгеруі оның жалпы төмендеуі аясында және т.б. байланысты болады). Сонымен қатар ақыл-ой еңбегі қабілеттілігінің бұзылуы кейде жұмысқа икемделу ретінде қарастырылады (ақыл-ой еңбегіне қабілеттілігі тексеру жұмысының соңында көтеріледі). Ақыл-ой еңбегі қабілеттілігінің аралас формалары өте жиі кездеседі және оларға баға беруде ауытқушылықтың қай түрі зерттелушіге тән екендігін анықтау қажет, себебі бұл мәліметтер клиникалық диагноз қоюда, сондай-ақ түзету жұмыстарын ұйымдастыруда маңызды болып келеді. Ақыл-ой еңбегі қабілеттілігінің бұзылуының ақыл-ой еңбегі құрылымындағы алатын орнына баға беруде бұл ауытқушылықтардың іс-әрекет барысына және нәтижесіне ықпал ететіндігін анықтап алу қажет. Сонымен қатар бұл ауытқушылықтардың орнын толтыру және іс-әрекетті негізсіз реттеу әдіс-тәсілдеріне баса назар аудару керек.
Зейінін зерттеу Зейінді зерттеуде психолог ең алдымен баланың бойында зейіннің жалпы бұзылу құбылысының бар-жоқтығын анықтауы қажет. Бұл ауытқушылықтардың байқалу деңгейін, олардың іс-әрекет ауытқушылығында алатын орнын, олардың шығу тегі мен сипатын анықтағаны жөн. Зейін қабілетінің бұзылуының байқалу деңгейін анықтау барысында олардың іс-әрекет барысына және нәтижесіне қаншалықты ықпал ететіндігін ескеру керек. Зейін қабілетінің қатты бұзылуы өте көп жағдайда өнімділігіне әсер етпеуі мүмкін, алайда соған қарамастан оның болуының өзі көптеген клиникалық жайлардың диагностикалық белгісі ретінде маңызды болады. Зейін қабілетінің қатты бұзылу жағдайында оның бала үшін қиындық тудыратын жайттардың негізгі себепшісі болу-болмауын анықтау қажет немесе олар жалпы сипаттағы құбылыстар қатарына жатады. Зейін қабілетінің қалайша және қаншалықты бұзылатындығы баланың басқа психикалық іс-әрекеттеріне, әсіресе есте сақтау қабілетіне (есте сақтау қабілетіндегі кейбір ауытқушылықтар зейін қабілетінің бұзылуына себепші болады) ықпал ететіндігін қадағалау қажет. Зейін қабілетінің бұзылуы олардың қандай клиникалық құбылыстар құрылымында байқалатындығына байланысты анықталады. Зейін қабілетінің бұзылуы әртүрлі клиникалық жағдайға тән іс-әрекетін жалпы реттестіру ауытқушылықтарының салдары болуы мүмкін. Зейін қабілетінің бұзылуының қалай пайда болғандығын анықтау үшін олардың сипатын, яғни тоталдылығын немесе бөлшектілігін (зейін қабілетінің барлық немесе кейбір сипаттарының бұзылуы), біркелкілігін немесе тұрақсыздығын (бұл ауытқушылықтар деңгейі бойынша қаншалықты бірдей болып келеді) және бұзылған зейін қасиеттерінің ерекшелігін (көлемі, шоғырланғандығы, тұрақтылығы, ауыспалылығы, таралуы) зерттеу керек.
Date: 2016-05-24; view: 1860; Нарушение авторских прав |