Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Психологиялық зерттеу жүргізу әдістері
Психикалық дамуы тежелген балалармен мына әдістемелерді жүргізуге болады. Бақылау әдісі. Бақылау әдісі баланың күнделікті іс-әрекетімен танысудағы маңызды әдіс.Баланы белсенді және сырттай бақылау сыныпта,ойын кезінде,бос уақытындағы іс-әрекеттермен, балабақшадағы, топ ортасында, баланың ата-анасымен қарым-қатынасын бақылау мақсатында жүргізіледі. Бұл бақылаудың тиімділігі баланың қандай да бір затқа қатысты байланушылығын, неден беймазданатынын, эмоционалдық тұрғысынан танысуға мүмкіндік береді. Бақылау баланаың күнделікті қарапайым іс-әрекетті орындаудағы дағдылығы, өзіөзі қамтамасыз ету,киімді қалай киетінін, тапсырманы қалай орындайтындығын, қандай көз-қараспен қарайтындығын, көңіл-күйінің құбылмалығын, қимыл әрекетінің тиянақтылығымыен танысуға болады. Бұл мәліметтер келесі жүргізілетін іс-шараға өз септігін тигізеді. Бақылау әдісі тек қана психологқа өз көмегін тигізіп қана қоймай, медицина ұйымына тигізетін маңызы да зор. Психолог бақылау әдісінін қорытындысынан кейін, баланың психикалық тежелу себептерімен танысқаннан кейін, келесі уақытта жүргізілетін диагностикалық шараларын ұйымдастырады. Бұл әдіс өте тиімді, себебі бұл арнайы қандай да бір құрал-жабдықтарды (аппарат түрлерін) қажетсінбейді, сонымен қатар балаға психоэмоционалдық ауырлық түсірмейді. Психолгтың кәсіби жоғарлығын, дайындағына қол жеткізуге, психологтың психологиялық-педагогикалық қабілеттерімен, түрлі ақаулықтары бар жандармен жүргізілетін дайындығын жоғарлатуға мүмкіндік туғызады. Кәсіби білікті маман иесіне бақылау әдістемесі диагностика саласындағы өте маңыздысы болып есептеледі. Бақылауды жүргізгенде алдымен мақсат қойылған болу керек. Мақсат-бақылаудың қалай жүргізілетінін анықтайды. Психологиялық зерттеу баланың психологиялық-педагогикалық ернекшеліктерімен,баланың нақты ақаулықтарының белгісін анықтауға мүмкіндік туғызады. Бақылау жұмыстары әртүрлі болуы мүмкін. Психолог баланы зерттеу кезінде баланы ойнап отырған ортасына, тобына кіре отырып баламен бірге ойнауға (белсенді бақылау), ал басқа түрде сырттай бақылауға болады. Бақылау әдісі арқылы тұлғаның сандық және сапалық анализінің қорытындысына қол жеткізуге болады.
Экспериментальдық зерттеу(оқытып,үйрету эксперименті) Спецификалық ерекшелік тұрғысынан балаларда үйрету эксперименті маңызды болып табылады. Констатируалық әдіснамасының зерттеу көмегімен,белгілі болғандай баланың дамуы жайында ұзақ мәліметті алу мүмкін емес. Л.С.Выготский тұжырымдағандай, оқыту эксперименті балаларды дамыту үшін өз пайдасын тигізетін болғаннан кейін, әртүрлі үйрету экспериментінің дамуына, түрленуіне әкелді. Үйрету эксперименті кезінде психологиялық процесс көрініс берсе, ал енді екіншісінде-білім беру (оқыту), себебі бұл бағыт жаңа білім алуға, кәсіби тұрғыдан қалыптастыруға мүмкіндік береді. Егер үйрету (тест-білім беру-тест) схемасы негізінде жүргізілсе сандық, сапалық көрсеткіш алуға болады. Түсінгенімізше, баланы оқыту процесі түрленген сайын, баланың оқу кезіндегі қиындықтар мен мүмкіндіктерін анықтай аламыз. Бұл әдістеме негізінде балаға коррекциондық кеңес беру, прогностық бағалау қойылады. Бірақта, жалпылама нақты мәлімет беретін,ол түрленген тапсырмалар болып табылады. Сондықтан мұндай зерттеу-арнаулы диагностикалық топтарға ғана жүргізуге болады. Балаларға потенциалдық тұрғыдан зерттеу мүмкіндігі 7-10 жас аралығында жүргізілу керектігі жөнінде А.Я.Иванова жөн деп тапты. Бұл тапсырманы орындау көлемі қалыпты балаларға да қиындығын туғызады. Бұл тапсырманы орындау барысында баланың оқу бағдарламасын оқуда қиындық тудырғанда не мектеп білімімен үйренбеген балалар үшін жүргізуге мүмкіндік береді. Үйрету (оқу) процесі кезінде бала тапсырмаларды орындау кезінде қиындық туып жатса, көмек көрсетіліп, кейінен жалғыз орындауға мүмкіндік береді. Бұл тапсырмаларды орындау барысында бірнеше нұсқаулықтар бар: - Толық ауызша жауап беруде-бала барлық үш мүмкіндікті дұрыс жауап қайтарады. - Ауызша ішінара аударуды-2-ден кем емес заттарды атайды немесе талдау, нұсқаулық береді - Толық іс-әрекеттілікте-бала дұрыс 3 нұсқаулықты топтастырады, бірақ оларды атамайды (бұл көрініс сөйлеу тілінің бұзылысында жиі кездеседі) - Ішінара ауызша аударуда-бала тек біреуін ғана болмаса тіпті екінші топтағы нұсқаулықтарды жинақтай алмайды. Бұл нұсқаулық үш критерий бойынша бағаланады. I. Бағдарлау қызметі, қалыпты балалардың белсенді мінез әрекетінің, ақыл-ой қуаты дамымауының кезіндегі жұмыс қабілетінің психикалық жетіспеушілігі. II. Көмек қабылдау мүмкіндігі. Бағалау баланың сабақтағы-көмекті қабылдау сонымен анықталады. Қалыпты балалар үшін бұл көмектің 1 ден 5-ке дейін қажет болса, ақыл-есі кем балалар үшін 20-ға дейін. III. Ауызша жауап беруге қабілеті, баланың тапсырманы қалай орындағаны негізінде бағаланады. Психологиялық әдістеме өткізу барысында, мына эксперименттік әдістемелерді өткізуге де болады ”тақырыпты жіктеу”,” 4-ші артық затты тап”, ”коос кубигі” сынды. Бұл әдістемелердің алар орны ерекше, әсіресе психолог уақыт шектейтін болса, сонымен қатар мысалы психологиялық – медициналық – педагогикалық комиссия тұрғысында. Бұл тұрғыда “4 – ші артық затты тауып көр” методикасы тиімдірек. Артық затты тап методикасы 2 – 3 минут алуы керек. Негізгі эксперименталдық – психологиялық әдістері мен сипаттамасы С.Я.Рубенштейннің еңбегіндегі “эксперименталдық патопсихология әдістері мен оларды клиникаға қолдану тәжірибесі”.
Date: 2016-05-24; view: 3572; Нарушение авторских прав |