Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать неотразимый комплимент Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?

Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Психологиялық қорытындыны рәсімдеу





Балаға жасалатын қорытындыны екі кезеңмен дайындаған жөн. Зерттеу жұмысын жүргізген психолог ең алдымен тапсырмаларды орындау нәтижелерін өңдеп, оларды талқылап, бала мінез-құлқы, таным қызметі, сөйлеу қабілеті, эмоционалды-ерікті аймағы, тұлға дамуының деңгейі туралы және оның қалыптасып, дамуындағы ерекше белгілері туралы белгілі бір қорытындыға келеді, сонымен қатар балаға көрсетілуі мүмкін түзету көмегінің сипаты туралы мәселені шешеді. Осыдан кейін психолог алынған нәтижелерді жазбаша қорытынды түрінде рәсімдейді. Мұндай қорытынды еркін түрде жазылады, бірақ та оны жазу барысында белгілі бір ережелерді ұстану керек. Қорытынды әдетте біркелкі өзіндік үш бөлімнен тұрады.

Бірінші бөлімде балаға зерттеу жұмыстарын жүргізудің себептері, зерттеудің мақсаты, зерттеу жүргізу кезіндегі бала мінез-құлқының ерекшеліктері көрсетіледі. Тапсырмаларды орындауға деген ынтасы, байланыс орнату ерекшеліктері, психологпен қарым-қатынас орнату тәсілдері, тапсырмаларды орындау жолдары, іс-әрекеттерінің сипаты, мақтауға, сәтсіздікке, ескертуге әсері міндетті түрде көрсетіледі. Баланың көрсетілген көмекті тиімді пайдалана білу қабілетіне, осы көмектердің түрлеріне, психологпен бірлесіп тапсырма орындау кезінде үйренген тәсілін осыған ұқсас тапсырмаларды орындауда қолдана білу қабілетіне баса назар аударған жөн. Іс-әрекетінің сөзбен сүйемелденуі немесе сүйемелденбеуі, пікір айтуының сипаты, баланың өз іс-әрекеті туралы айта білу қабілеті ерекше айтылып кетеді.



Екінші бөлімде бала психикасына диагностикалық зерттеу жұмыстарын жүргізуден алынған нәтижелердің талдауы беріледі. Бұл бөлімнің мазмұны әрбір нақты жағдайда қандай психикалық функциялар мен процестер зерттелгендігін анықтаған зерттеу жұмыстарының міндеттеріне байланысты болады.

Қорытындының үшінші бөлімінде бала психикасы бұзылуының құрылымы туралы қорытынды жасалады, және де тек қана анықталған ауытқушылықтар мен олардың ара қатынасы емес, сондай-ақ психиканың сау тұстары, оның одан әрі дамуын анықтайтын баланың ықтимал мүмкіндіктері айқындалады. Одан әрі балаға психикалық көмек көрсетуде мазмұнына және оны ұйымдастыруға ұсыныстар беріледі, түзету-педагогикалық процестері оңтайландырылады. Бұл ұсыныстар білім беру мекемелері мамандарына және ата-аналарға бағытталады.

Қорытындының мәтінінде міндетті түрде зерттелушінің жасы, зерттеу жүргізу күні және қорытынды шығару күні туралы мәліметтер болуы қажет және психолог қолын қоюы керек.

 






Date: 2016-05-24; view: 1964; Нарушение авторских прав

mydocx.ru - 2015-2020 year. (0.011 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию