Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Эксперименталді – психологиялық әдіс





Бұлардың ішінде әйгілі, тиімді методикалар қатарына; “коос ”, “субьектілердің ерекшеліктері”, “оқиғаның жалғасы”, “Леонтьевтің жанама есте сақтауы”, “Пиктограмма” сынды және т.б. Бұлардың көпшілігі жасқа сай ерекшеленіп топтастырылады. Кейбір методикалар көру қабілетінің бұзылуы, есту қабілеті бұзылып бар тұлғаларды бейімдеу үшінде арналған.

Мына жайттарды есте сақтау қажет: қандай да бір эксперименталды – әдістемелік көмегімен материал, сонымен қатар психикалық ерекшеліктері жайында көбірек мәлімет жинақтауда мүмкін болады. Мысалы; “Пиктограмма” әдістемесі есте сақтау қабілетінің деңгейін, обстрактілі ойлау қабілетін, жеке адамның ерекшеліктері жөнінде мағлұмат алуға мүмкіндік береді.Тұлғаны зерттеу үшін, бір ғана әдістемелік жүргізу жеткіліксіз.

Психологтың құзырлығында әдістемеліктің сан түрлері болу керек, себебі бұл әдістеменің көмегімен негізгі психикалық бұзылымның себебін, түр – сипатын анықтай аламыз.

Маңызды міндеттердің біріне эксперименталды – психологиялық әдістемеде көмектің өз көмегімен, деңгейімен берілуі маңызды.

Бұл әдістемеге қатысты Рубенштейн сан қырлы көмек түрін ұсынды:

· Қарапайым сұрақтар қою арқылы, дәлірек айтқанда балаға айтылған сөздерді қайталату арқылы, себебі бұл баланың зейінін айтылған сөзді дұрыс қалыптастыру, түсіндіру үшін қажет;

· Келісім беру, “жақсы жарайсың”, “келесі” дегендей;

· Әр түрлі сұрақтар қою, себебі мұндай сұрақтар қою баланың логикалық ойлау қабілетін дамытады;

· Жетекші сұрақтар немесе сын қарсылықтар экспериментатор тарапынан;

· Ым – шара жасау, көмек беру;

· Демонстрациалық іс – әрекеттер немесе қандай да бір істі өздігімен қайталауды өтіну;

· Тапсырманы қалай орындау керектігі жөнінде нұсқаулық беру.

Ең аз көмек тұрғысынан “ынталандырушы көмек” бөлу керек. Бұл көмек балаға (“ойланып көр”, “сен орындай аласың”) немесе шараларды орындау барысында психологтың (“дұрыстап зер салып қара”, “асықпа”, “ана жаққа бетбұр”) сынды болу керек. Бұл көмек түрі қарапайым балалар үшін жеткілікті, алайда өзіне сенбейтіндер, қорқақтар, бияз жандар үшін, баяу қимылдайтындар үшін қиындық туғызуы мүмкін. Кейде бұл көмек түрі ПДТ бала үшін де жеткілікті болуы мүмкін.

Нұсқаулық көмек – бұл кезде психолог балаға тапсырманы орындау үшін нақты бір белгі береді. Бұл нұсқаулықты ПДТ балалар орындай алғанымен, бұл нұсқаулық олардың даму деңгейін анықтау үшін жеткіліксіз.

Үйрету көмегі – баланың максималды нақты деңгейін анықтау үшін қажет.

Белгілі бір әдістемеге сипаттама беруде аталмыш жағдайда қандай көмек түрін көрсеткен жөн болатындығы туралы нұсқаулық беріледі. Көмек көрсетуде тәжірибелілікті және біліктілікті талап ететін ойға қонымды әдіс-тәсілдерді таңдау эксперименталды жұмысдың күрделі бөліктерінің бірі болып қала береді.

Сонымен қатар бұл жағдайда басшылыққа алу керек жалпы ережелер мыналарға негізделеді:

- Ең алдымен көмектің біршама оңай түрлерін пайдаланудың тиімділігін анықтау қажет және тек содан кейін ғана оны ашып көрсетіп, оқытуға көшу керек;

- Эксперимент жүргізуші тұлғаның аса белсенді болмағаны және көп сөйлемегені жөн, өзінің эксперимент барысына араласуын дұрыстап ойластырып алуы керек;

- Көмек көрсетілген әрбір сәт, баланың жауап беру әрекеті туралы сияқты мәліметтер хаттамада көрсетілуі керек.

 







Date: 2016-05-24; view: 1941; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию