Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Ойлау қабілетін зерттеу
Ойлау қабілетін зерттеу іс жүзінде барлық жағдайда жүргізіледі. Оның ерекшелігі бала жасымен тікелей анықталады. Ерте жаста көрнекі-әрекеттік ойлау жай-күйі, мектептке дейінгі жаста – көрнекі-бейнелік ойлау жай-күйі, мектеп жасында көрнекі-бейнелік және сөздік-логикалық ойлау жай-күйі зерттеледі. Ақыл-ойы дамуының жасына сәйкес келмеуі жағдайында психолог ақыл-ой қызметінің оны түзетуге негіз болатын бүтін жағын анықтау мақсатында ерте жасқа тән ойлау формаларын зерттеуге жүгінеді. Ойлау қабілетін зерттеуде оның жас ерекшелік дамуына сәйкестігін (немесе сәйкессіздігін) анықтаумен қатар тоталды ақыл-есі кемтарлығы анықталуы мүмкін аталмыш құбылыстың себебін (әсіресе ерте жаста) айқындау да маңызды. Ойлау қабілетін зерттеуді түйсік, ес, сөйлеу қабілеті және т.б. зерттеуге бағытталған сынақтармен ауыстырудың қажеті жоқ. Ойлау қабілетін зерттеу аталмыш жас ерекшелігінің жетекші қызметі (заттық, ойындық, оқу) мәнмәтініндегі ақыл-ой қызметінің үлгісі ретінде болуы қажет. Сонымен қатар оның ынталануы жағдайындағы іс-әрекет нәтижесіне ықпал ету мүмкіндігін (мысалы, оқуға деген ынтасының төмендеуі жағдайында ақыл-ой сынағын орындау нәтижелері оқыту жүйесіне сай болған кезде төмен, және олар ойын формасында болса жоғары болады) үнемі ескеріп жүру керек. Баланың ақыл-ой қызметінің жағдайына талдау жасауда оның ынталандыру, операциялық, қарқындылық, сонымен қатар сыни ойлау сияқты барлық қырларын қарастыру қажет. Ойлау қабілетінің ынталандырушы құрамдас бөліктеріне сипаттама беруде іс-әрекетінің баламалылығы немесе балаға тапсырманың мақсаты мен шарттарын түсіндіру, жоспарларының әртүрлілігі және ақылгөйлік құбылысының орын алуы белгілері байқалады. Ойлау қабілетінің операциялық жағын зерттеу жалпылау және дерексіздендіру (абстракциялау) деңгейін анықтауды қарастырады. 6-7 жастағы және одан жоғары жастағы балаларды зерттеуде жалпылау деңгейлерін оларды күрделене түсуі ретінде жалпылаушы ұғымдарды пайдалана отырып айрықша белгілері бойынша кездейсоқ, нақты жағдаяттық, функционалды, түрлік-тектік деп дәрежелерге бөліп тастайды. Операциялық жағының бұзылуы жалпылау деңгейінің қалыптаспағандығы немесе жеткіліксіздігі (төмендеуі) және оның бұрмалануы түрінде байқалады. Ойлау қабілеті қарқынының нашарлауы құбылмалылық немесе ойлау инертілігі, пайымдауларының тиянақсыздығы, іс-әрекеттің анайы түріне ауысу түрінде байқалады. Баланың ақыл-ойы қабілеті дамуының жасына сәйкестігін немесе сәйкес келмеуін анықтаудан бөлек, сәйкес келмеуі жағдайында ойлау қабілетінің түрлі психикалық ауруларға тән патологиялық ерекшеліктерін (егер де олар болса) атап көрсету қажет.
Date: 2016-05-24; view: 2119; Нарушение авторских прав |