Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Психикалық жағдайына сипаттама беру
Аталмыш кезеңде психиатриялық және психологиялық тест жұмыстарын жүргізу процесінде алынған анамнестикалық мәліметтер және сұрастыру арқылы алынған ақпараттарды еске отырып, зерттелушінің психикалық іс-әрекеттері көріністерінің ерекшеліктері клиникалық тұрғыда қалыптасып, көрініс табады. Сипаттау барысында анықталған ерекшеліктерді мазмұндауда бірізділік қағидасын ұстанған дұрыс. Бастапқыда сана-сезімі аймағына адамға қол жетімділігі туралы, өзі және айналасындағылар туралы ақпарат береді. Содан кейін танымдық аймақты қарастырып (білімі, мектептен үйренген дағдылары, ойлау ерекшелігі, түйсігі, зейіні және есі, сөйлей білуі), эмоционалды және мінез-құлық аймағы жағдайына сипаттама береді. Белгілі бір тапсырмаларды, тесті орындау қыр-сырын сипаттаған жөн. Бұл зерттелушінің психикалық тұрпатының қандай да бір қырын ашып көрсетуі мүмкін. Психикалық қызметтерге сипатта берудің қорытынды бөлімінде бала немесе жасөспірімнің өзінің жағдайына, мінез-құлқына, іс-әрекет нәтижесіне сын сапасын көрсетіп, одан әрі жалпы зердесін сипаттайды. Зерттелушінің психикалық ерекшеліктерін суреттеуде анықталған кемшіліктерге сыныптық баға беруден бас тартып, тапсырмаларды, тесттерді және т.б. орындау нәтижелерін нақтылау, сипаттау ұғымдарын таңдаған жөн, себебі алынған мәліметтердің барлығы бірдей психиатриялық зерттеуден өтушінің өзінің белгілі субъективтілігі нәтижесінде түсіндірілмейді. Анықталған феномендерге психикалық дәрежесіне жеке сипаттама беруді аяқтау кезінде сыныптастырған жөн. Осылайша оларды клиникалық диагнозды негіздеуде пайдаланғанда қолайлы болады. Балалық және жасөспірім шақта психикалық ауытқушылықтарға диагностика жасау үшін белгілі бір ауру жағдайын сыныптауды жалпы жұмыс және халықаралық сыныптастыру ретінде пайдалануға болады. Сабақтастықты сақтау мақсатында статистикалық халықаралық жіктеудің есеп беру жұмыстарында пайдаланады (қазіргі кезде ауруларды Халықаралық топтастыру 10шы қаралды). Жұмыс мақсатында балаларды арнайы білім беру ұйымдарына таңдауда педагогтар, логопедтер, психологтардың түзету жұмыстары үшін патологияларды анықтаудың жалпы қабылданған тәсілдерін қолданған дұрыс.
Date: 2016-05-24; view: 1742; Нарушение авторских прав |