Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Экономикалық цикл фазалары: құлдырау, тоқырау, жандану, өрлеу. Мәндері
Экономикалық цикл – бұл бір экономикалық дағдарыстың басынан екіншісінің басталуына дейінгі кезең, ол экономикада кезең-кезеңмен қайталанатын өрлеу және құлдыраумен сипатталады. Цикл төрт фазадан тұрады. Ең бастапқы фазасы – құлдырау. Бұл жағдайда экономикалық өсудің деңгейі мен қарқынының төмендеуі жүреді, одан әрі өнім шығару тоқтайды. Мұндай құбылыс тауардың артық өндірісімен байланысты. Бұл уақытта сатылмаған өнімдердің қорлары бірден ұлғаяды. Артық тауарларды сата алмайтын өнеркәсіп және сауда кәсіпорындарының жаппай банкроттығы жүреді. Өндірістің тоқтауынан жұмыссыздық өседі, жалақы қысқарады. Қоғамда несиелік байланыстар мен бағалы қағаздар нарығы бұзылып, акция бағамы құлдырайды. Барлық кәсіпкерлер қарыздарды өтеу үшін ақшаға деген қажеттілікті қатаң сезінеді. Сондықтан банктік сауда пайызының нормасы өседі. Құлдыраудан кейінгі фаза – тоқырау. Бұл уақытта өндірістің құлдырауы, ал онымен бірге бағаның төмендеуі тоқтайды. Бірте-бірте тауар запастары азаяды. Аз ғана сұраныс салдарынан еркін ақша капиталының массасы ұлғаяды, ал банктік пайыз ставкасы төмендейді. Тоқырау кезеңінде тауарлар ұсынысы сұраныстан оза алмайды, сондықтан олардың арасында тепе-теңдік қалыптасады (тауар шығымының тоқтауы сұраныс деңгейіне дейін олардың ұсынысын азайтады). Сол уақытта дағдарыстан шығудың табиғи жағдайлары қалыптасады. Өндіріс құралдарына бағаның төмендеуі және несиенің арзандауы капиталдың қорлануын, жаңа техникалық негізде кеңейтілген ұдайы өндірістің қалпына келуін қамтамасыз етеді. Келесі фаза – жандану – дағдарыс алдындағы деңгейге дейін өндірістің кеңеюін білдіреді. Тауар запастарының мөлшері нарықты үздіксіз қамтамасыз ету үшін қажетті деңгейде белгіленеді. Тұтынушылық сұраныстың жандануымен туған бағаның азғана өсуі байқалады. Жұмыссыздық мөлшері қысқарады. Ақша капиталына сұраныс өседі және процент ставкасы ұлғаяды. Келесі фаза - өрлеу. Бұл кезеңде өнім шығару көлемі дағдарыс алдындағы деңгейден асып түседі. Осымен байланысты жұмыссыздық қысқарады. Сұраныстың кеңеюімен тауарларға баға өседі. Өндірістің табыстылығы артады. Несие құралдарына сұраныс ұлғаяды және сәйкесінше банк пайызының нормасы өседі.
Date: 2015-10-22; view: 2662; Нарушение авторских прав |