Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Жұмыссыздар саны
Жұмыссыздық деңгейі = -----------------------------------*100% Жұмыс күші
2. Несие проценті. Несие проценті – белгілі бір мерзімде капитал иесіне оның құралдарын пайдаланғаны үшін төленетін бағасы. Несие проценті капиталға деген сұраныс пен ұсыныс арқылы қалыптасады. Капиталға деген сұраныс келесі факторларға тәуелді: - инвестицияның пайдалылығына, - экономиканың дамуына, - мемлекеттің сұранысына, - салым мерзіміне, - салым салу саласына тәуекелге және басқа да факторларға. Несие пайызы номиналды және нақтылы мөлшері болып бөлінеді. Номинальды процент ставкасы – инфляцияның өсімін есепке алмайтын, ағымдағы нарықтық пайыздың мөлшері.
3. Жиынтық сұраныс, жиынтық ұсыныс Жиынтық сұраныс (АД) – бұл қоғамдағы үй шаруашылықтарының, кәсіпорындардың және үкіметтің берілген баға деңгейінде жалпы өндірілген тауарлар мен қызметтерді сатып алу қажеттілігінің көрінісі. Ұлттық есептер жүйесі бойынша тауарлар мен көрсетілген қызметтерге сұраныс төрт жақтан қойылады: тұтыну, инвестициялар, мемлекет, таза экспорт. Экономиканың жабық және ашық түрлеріне болатынын ескерген жоқ. Жабық экономикада сыртқы экономикалық қызметті қарастырмайды және тек ішкі мүмкіншіліктерге есептеледі. Жиынтық сұраныс тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жалпы санына мемлекет резиденттерінің жағынан түскен сұраныс ретінде анықталады. Графикалық түрде жиынтық сұраныс қисығының еңісі кері тәуелділікті болады. Экономикада ақшаның құнсыздануы басталса бағаның артқан кезінде өнімге деген сұраныс азаяды. 1.2. график. Жиынтық сұраныстың қисығы. Р
Р1 АD2 Р2 АD1 АD
Q1 Q2 ЖҰӨ | Жиынтық сұранысқа бағалы және бағасыз факторлар әсерін тигізеді. Бағалы факторлардың әсері жиынтық сұраныс көлемінің өзгеруіне әкеледі және сызықтың өз бойымен жылжиды. Бағасыз факторлардың әсері жиынтық сұраныс қисығының оңға (АД2 - өсуі) немесе солға (АД - азаюы) жылжуына әкеледі. |
Жиынтық ұсыныс (АS) – бұл бағаның әрбір мүмкін болатын деңгейінде ұсынылатын жалпы тауарлар мен қызметтердің көлемі.
1.3. график. Жиынтық ұсыныстың кисығы.
Р АS
Q
| Жиынтық ұсынысқа мерзім аралықтары әсерін тигізеді: қысқа мерзімде – АS –көлденең сызық, ұзақ мерзімде - АS - тік сызық. 1 – кейнсиандық сызық, қысқа мерзім 2 – аралық мерзім 3 - классикалық сызық, ұзақ мерзім. |
Жиынтық ұсынысқа бағасыз факторлар әсерін тигізеді:
- Өндіріс ресурстары бағаларының деңгейі.
- Нарықтық құрырылымы.
- Өнімділік.
- Құқық заңдылық нормалардың өзгеруі.
Жиынтық сұраныстың ұлғаю нәтижелері жиынтық ұсыныс қисығының әр бөлігіндегі өзгерістерге байланысты болады.
.
№ 27 Емтихан билеті
1. Нарықтың атқаратын қызметтері.
3. Ақша массасы дегеніміз не? Ақша агрегаттары
Ақша түрлеріне байланысты айналыс жүйесі екі типке бөлінеді:
· металл ақшаның айналыс жүйесі – айналыста алтын және күміс монеталар жүреді, несие ақшалар металл- ақшаға еркін айырбасталады.
· несие және қағаз ақшаның айналыс жүйесі.
Бұл жүйеде айналыстан алтын шығарылады. Қазіргі кезеңде ақша өз айналысында қолма-қолдан қолма-қолсыз ақшаға және терісінше өтеді. Ақша массасы дегеніміз халық шаруашылығындағы тауарлар мен қызметтің айналымын қамтамасыз ететін сатып алу мен төлемдердің жиынтығы. Ақша массасының көлемі көптеген факторларға тәуелді, алдымен ақша нарығының көлемі мен конъюнктурасын белгілейтін, ақшаның ұсынысы мен сұранысынан.
82.Ақшаның ұсынысы – бұл осы мезгілде экономикада айналыста жүрген төлем құралдарының жиынтығы. Ақшаға сұраныс – оның айналыс құралы және жинау құралы қызметінен туындайды. Ақша массасының динамикасына көп факторлар әсер етеді. Ақшаның сандық теориясының өкілі американдық экономисі Фишер келесі формуланы ұсынады:
M · V = P · Q
мұнда: M – айналыстағы ақшаның саны;
V – ақшаның айналыс жылдамжығы;
Р – бағаның орташа деңгейі;
Q – барлық тауарлар мен қызметтердің саны.
Ақша жалпы сұраныс процент мөлшерлемесінің берілген шамасында, адамдар мен фирмалар мәмілеге келу үшін және бағалы қағаздар сатып алу үшін, өздерінің қарамағында болғанын ұнататын ақшаның жалпы көлемі.
Ақша массасының құрамы әр мемлекеттің өз несие-ақша жүйесімен, яғни ақша нарығы құралдарының дамуымен анықталады. Біздің республикамыздағы айналыстағы ақша қаражатының құрылымына келсек, онда ол мынадай агрегаттардан құралады:
1. Мо –айналыстағы қолма-қол ақшалар.
2. М1= Мо + есеп айырысу немесе басқа депозиттік есеп - шоттардағы қалдықтар + чектік және аккредитивтік есеп-шоттар + талап еткенге дейінгі салымдар.
3. М2= М1+мерзімді салымдар.
4. М3 = М2 + мемлекеттік облигациялары.
4. Франчайзинг дегеніміз не?
Франчайзинг - ірі фирманың фабрикалық маркасын пайдалануға құқық алу үшін және белгілі бір сферада, белгілі бір территорияда өз қызметін жасау үшін келісім шарт жасайтын ұсақ жеке фирмалар жүйесі. Олардың бағаны төмендету, тауарды жеткізу, құрал-жабдықтар сатып алуға, несие алуға көмек түрінде жеңілдіктері бар. Франчайзингтік қатынастардың 3 типі бар:
1. Франчайзер - өнім шығарушы немесе қызмет көрсетуші фирма өзінің өнімін өндіру немесе қызмет көрсетуге франчайзи құқығын береді.
2. Франчайзер - өнімді негізгі өндіруші өзінің өнімін көтерме саудамен сату бойынша франчайзи құқығын береді.
3. Франчайзер- көтерме саудагер, фрачайзи фирмаға бөлшек сауда бойынша құқық береді.
Артықшылығы: оқыту мен дайындау, қаржылық көмек, маркетингтік көмек, басқару көмегі, бизнесті тез бастау, қауіп-қатер деңгейінің төмендігі.
Кемшілігі: франчайзингтік төлем, өсу шектеулілігі, тәуелсіздіктің шектеулілігі, келісім-шарт мерзімі мен іс-қимылдың шектеулілігі, тек бір ғана франчайзермен жұмыс жасау мүмкіндігі.
Билет
Сауда
Экономикалық өнімнің өндірушілерден тұтынушыларға қарай жылжумен байланысты қызмет аймағы айналым сферасы деп аталады. Айналым сферасында өнім сатушының қолынан сатып алушының қолына өтеді, яғни меншік иесін өзгертеді. Тауардың бірінші меншік иесі сатушы мен екінші меншік иесі сатып алушының арасында пайда болатын тауар - ақша қатынастарының агенті немесе делдалы сауда болып табылады.
Сауда - бұл адамдардың тауар айырбасын және сату - сатып алу актін жүзеге асырумен байланысты қызметі. Тауарлардың сауда саттық операциялары өнім жасамайды, тек тауарды өткізудегі қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандырады. Берілген жағдай бұл әрекетті қызметке жатқызуға негіз береді.
Отандық экономикалық ғьлымда сауда қызметтерін негізгі және қосымша қызметтерге бөлу қабылданған. Негізгі сауда қызметтеріне тауарды, жарнамаларды өткізумен, сатып алушының сұранысын зерттеумен, жәрмеңкелерде, аукциондарда тауарларды көрсетумен байланысты әрекет жатады. Қосымша сауда қызметтеріне айналым сферасындағы өндіріс процесінің жалғасуымен байланысты қызметтер жатады: тасымалдау, сорттау, сақтау және тауарларды орау.
Сауда әрекетін жүзеге асыру үшін капитал қажет. Оның алғашқы формасы сауда әрекетінің дербес түріне бөлінгенде үшінші ірі қоғамдық еңбек бөлінісі кезеңінде пайда болған көпес капиталы болды. Мұнан былай көпес капиталының орнына сауда капиталы келді. Сауда капиталы - бұл айналым сферасында жүзеге асатын және өнеркәсіп капиталынан бөлектенген капитал. Алғашқы кезеңде өнеркәсіпшілер, олардың тарапынан нарықты зерттеуге және сауда торабын құруға қосымша шығындарды қажет ететін тауар өткізумен өздері айналысты. Біртіндеп бұл функциялар сауда кәсіпорындарына өтті. Нәтижесінде сауда капиталы өнеркәсіптіктен бөлініп дербес болды. Бұл процесс екі жаққа да тиімді болып шықты: өндіруші уақыт пен ақшаны үнемдейді, ал саудагер сатып алу мен сату бағасының арасындағы айырмашылық ретінде пайда болатын сауда пайдасын алады.
Қазіргі кезеңнің өзгеше ерекшелігі ірі компаниялардың өткізуді бақылау мақсатымен өзінің жеке өткізетін немесе сататын торабын құра отырып, өнімінің сатылуын қайтадан өз қолына алғандағы процесс.
Сауда тек сатқанымен ғана емес, сонымен қатар қалай сатуымен де сипатталады. Ұйымдастыру әдістеріне байланысты:
• Нақты ақшаға сату;
• Нақты емес ақшаға сату. Бұл жағдайда тұтынушының орнына нарық инфрақұрылымының қажетті элементі болатын банк есептеседі.
• Тауарларды несиеге сату;
• Тауарларды сатып алушының мүлкін кепілге алу арқылы сату;
• Тауар айырбасымен сату, яғни бартер.
Сатудың көлемдік белгілеріне байланысты көтерме және бөлшек сауда деп бөледі. Олар сонымен катар бағаларымен ерекшеленеді: бөлек сатқан тауарлардың көтермелеп сатқан тауарлардан бағалары төмен болады. Сатушы үшін тиімді тауар сату есебінен табыс алуға бағытталған сауда әрекеті коммерция деп аталады. Коммерцияның өзегін сатып алу және келесі сатумен байланысты сауда операциялары құрайды, яғни тауарларды қайта сату. Сәтті коммерция үшін екі ең басты шарттар сақталуы қажет:
• Тауардың сатып алу бағасы тауарды нарықта сата алатын бағадан әлдеқайда төмен болуы керек;
• Берілген тауардың түріне төлем қабілеті бар сұраныс көтере сатып алынатын тауарды, оны иемденген бағасынан аспайтын бағамен сату үшін жеткілікті болу керек.
Сауда дүкендерде, аукциондарда, жәрмеңкелерде жүзеге асады. Дүкен (фран. - қойма, амбар) - тауарды сататын немесе сақтайтын бөлме. Дүкендерде әдеттегідей бөлшек сауда жүргізіледі. Бір текті тауарларды өндіру аукциондарда, жәрмеңкелерде үлгімен көтерме сауда жүргізуге мүмкіндік береді.
Date: 2015-10-22; view: 908; Нарушение авторских прав