Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Мұндағы: ЖҰӨ1 - есепті жылғы жалпы ұлттық өнім
ЖҰӨ0 - базистік жылғы жалпы ұлттық өнім Экономикалық өсу көптеген факторлармен анықталады, соның ішінде маңыздысы: сұраныс, ұсыныс факторлары. Ұсыныс факторына мыналар жатады: - табиғи ресурстардың саны мен сапасы; - халықтың еңбекке жарамдылығының саны мен сапасы; - негізгі капиталдың болуы; - өндіріске қолданылатын технология деңгейі. Осы факторлар өндіріс көлемінің өсуін физикалық мүмкін етеді. Тек ғана сапасы бойынша жақсы ресурстардың көп саны технологиялық потенциалды қоса нақты өнім өндірісін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Алайда өсуге ықпал ету мен өсудің өзін айыра білу керек. Біріншіден, өсу сұраныс факторларына тәуелді. Өспелі өндірістік потенциалды жүзеге асыру үшін экономика кеңеймелі ресурстар көлемінің толық қолданылуын қамтамасыз ету керек. Бұл үшін жиынтық шығындар деңгейінің артуы талап етіледі. Екіншіден, экономикалық өсуге бөлу факторлары да ықпал етеді. Өндірістік потенциалды мақсатқа сай пайдалану үшін тек ғана экономикалық айналымға ресурстардың толық тартылуы қамтамасыз етіліп қоймай, сондай-ақ олардың тиімді қолданылуы қажет. Өндірісті өсіруге қабілеттілік жалпы өнім шығару көлемін кеңейту үшін жеткіліксіз. Ресурстардың нақты көлемін қолдану мен оларды пайдалы өнімнің максимальды санын беретіндей бөлу қажет. Экономикалық өсудің сұраныс факторына мыналар жатады: - еңбек ақы мөлшері; - мемлекеттің фискалдық саясаты; - халықтың қор жинау бейімділігі. Факторлардың өсуі әсерінен экономикалық өсудің модельдері құрылады: олар көп факторлы және екі факторлы модельдер. Көп факторлы модель – барлық аталған факторлардың өсуіне әсер етеді. Жалпы осы факторлардың бірлесіп әсер етуі өндіріс мүмкіндігінің қисық сызығын береді. Әртүрлі факторлардың үйлестірілуі өндірілген өнімнің санына әсерін тигізеді. Екі факторлы модельге еңбек және капитал жатады. Екі факторлы модельді екі вариантпен құруға болады: біріншісінде ҒТП есептелмейді, екіншісінде ҒТП есептеледі. Егер ҒТП болмаса, онда капитал қорлануы баяулап, ақтық өнім төмендеуіне алып келеді және экономикалық өсуді азайтады. ҒТП-тің орындалу шартында капитал және еңбек өнімділігі артады, инвестицияны өсіреді. Экономикалық өсуге ықпал ететін сұраныс және ұсыныс факторлары өзара байланысты екендігін айта кету қажет. Мысалы, жұмыссыздық әдетте капиталдың қорлану қарқынын, сондай-ақ зерттеулерге кететін шығындар өсімін бәсеңдетеді. Және керісінше, жаңалықтарды енгізу мен капитал салымдарының төменгі қарқыны жұмыссыздықтың басты себебі болуы мүмкін. Барлық осы факторлардың өзара әрекетін өндірістік мүмкіндіктер қисығы береді. Бұл қисық аталған технологиялық потенциал негізінде негізгі капитал мен табиғи, еңбек ресурстарының аталған саны мен сапасы жағдайында өндіріле алатын әртүрлі өнім варианттарының максимальды санын көрсетеді. Кез-келген ұсыныс факторлары тарапынан позитивті ықпалдың күшеюі өндірістік мүмкіндіктер қисығын оңға жылжытады (график 1.1).
Date: 2015-10-22; view: 666; Нарушение авторских прав |