Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Олигополистік нарық стандартты және дифференциалды болады





Стандартты олигополияда ауыр өнеркәсіп өнімдері өндіріледі. Мысалы: құрыш, мыс, т.б.

Дифференциалды олигополияда тұтыну тауарлары өндіріледі: автомобиль, киім, т. б. Олигополистік нарықта бірнеше фирмалардың маңызда үлесі бар. Бұл фирмалар бір-біріне тәуелді болады. Олигополиялардың болуы масштаб әсерінен. Олар ҒТП - тің және капиталды орталықтандыру нәтижесінде пайда болған. Көп фирмалар өз әрекеттерін аз ғана капиталмен бастап, басқа фирмалармен бірігіп әрекет етеді. Салаға кіру үшін бірден ірі фирма болу керек, себебі олигополистік нарықта патенттер, лицензиялар, жарнамаларды, стратегиялық тауарларды бақылауға көп шығындар кетеді. Олигополистік нарықта тек қана бағалы емес бәсеке қолданылады, өйткені баға өзгерісіне басқа фирмалар тез арада жауап бере алады. Сондықтан олар жарнамаға көп шығын жұмсай алады. Монополияның пайда болуы ғылыми техникалық прогрестің тоқтауына алып келеді. Сонымен қатар монополия өнім сапасының төмендеуіне және бәсекенің жойылуына ықпал етеді. Сондықтан да мемлекеттің басты мақсаттарының бірі ол нарықта фирманың монополизациясын жою. Сол үшін белгілі бір шаралар қолданылады. Олар әкімшілік және нормативтік реттеу. Әкімшілік реттеу ол монополияға қарсы заңдар шығарып, мемлекет тарапынан бақылау жүргізу арқылы жүргізіледі. Монополияға қарсы акт бірінші рет 1889ж. Канадада пайда болды.

2.. Салық – заңмен белгіленген тәртіп пен шарттарға сәйкес жеке және заңды тұлғалардың бюджетке төлейтін міндетті төлемдері. Салық салу табысты реттеу мен мемлекеттің қаржыларын толықтыру тәсілі. Мемлекетте түсетін салықтардың және басқа да төлемдердің жиынтығы және олардың құрылуының формалары мен әдістерінің жиынтығы салық жүйесі деп аталады.

Салық жүйесінің элементтері:

1. Салық субъектісі – заң бойынша салық төлеу міндетті адам. Бірақ, салықтың ауыртпашылығы бағалар механизмі арқылы басқа тұлғаға жіктелуі мүмкін, сондықтан арнайы салық төлеу қызметін атқарушы тұлға белгіленеді.

2. Салық объектісі – салықтың есебі неге жүргізіледі (жалақы, пайда, құнды қағаздар, жылжымайтын мүлік).

3. Салықтың көзі – салық неден төленеді.

4. Салық ставкасы – салық салыну бірлігіне келетін салықтың көлемі.

5. Салық жеңілдіктері.

Салық қызметтері:

- Фискальды (тіркелген) немесе жұмылдыру қызметі. Салық түсімі арқылы алынатын қаражаттар мемлекеттің саяси-шаруашылық қызметін атқарудың қаржы негізі болып табылады.

- Бөлу қызметі. Салық механизм арқылы мемлекеттік бюджетке жалпы ұлттық өнімнің көп бөлігі жұмылдыруда болады. Салық арқылы мемлекет әскери, әлеуметтік бағдармаларды қаржыландырады. Салық мемлекетке қаржыны әртүрлі топтардың арасында территория, облыс, аудандар бойынша барынша біркелкі бөлуге мүмкіндік береді.

- Реттеуші қызметі, мемлекет салықтың көмегімен тұтыну және қорлану арасындағы пропорцияны реттейді. Салықтар дағдарыстық құбылыстарды жоюға, нарық конъюнктурасына әсер етуге, экономиканы тұрақтандыруға пайдаланады.

- Ынталандыру қызметі, мемлекет өндіріс пен техникалық прогресті дамыту үшін әртүрлі ынталандыру шараларын жүзеге асырады.

Бақылап-есептеу қызметі, мұнда кәсіпорын мен тұрғындар топтарының, қаржы қоры көлемінің табысын есептеуді жүзеге асырады.


Салық сипаты тұрғысынан:

- Тікелей салықтар. Олар мемлекет тарапынан тікелей кәсіпорындар тұрғындар табысынан алынады. Тікелей салықтар төлем қабілеттілігіне тікелей пропорционалды болады. Осы салықтың түрлеріне – пайдадан, табыстан, жылжымайтын мүліктен, құнды қағаздар операциясынан, жалақыдан т.б. алынған салықтар жатады.

- Жанама салықтар – мемлекет тікелей емес, баға арқылы айналдыра отырып алады. Бұл белгілі тауарлар мен қызметтерге салынатын салықтар. Жанама салықтар бағаға үстеме жасалып алынады. Оған – акциздер, кеден баж салығы, қосымша құнға салынған салық жатады.

Бюджет деңгейіне байланысты салықтар бөлінеді:

- Жалпы мемлекеттік салықтар. Олар мемлееттік бюджетті реттеудің қайнар көзі саналады. Жалпы - мемлекеттік салыққа жататындар: заңды және жеке тұлғалардың айлығынан (табысынан) салық; қосымша құн салығы; акциздер; құнды қағаздар операциясынан салық; арнайы төлемдер мен жер байлығын пайдаланғандар салығы.

- Жергілікті салықтар жергілікті бюджет табысының негізгі көзі болып табылады. Жергілікті салық пен алымға жататындар: заңды және жеке тұлғалар мүлкінің салығы; көлік, құрал-жабдық салығы; кәсіпкерлікпен айналысатын заңды және жеке тұлғаларды тіркеудегі алым; қызметтің кейбір түрімен айналысуға құқылы адамдардан алым; аукцион сатылымынан алым.

- Тұрақты салық табыстар көлемінің мөлшеріне байланысты емес, салым бірлігіне абсолюттік сомада белгіленеді.

- Регрессивтік салық, яғни табыс өскен сайын салық мөлшерлемесі төмендейді. Регрессивтік салық үлкен табыстары барларға пайдалы.

- Пропорционалды салық. Табыс өзгерсе де салық өсімінің мөлшері тұрақты болып қалады (қосымша құн салығы - 16%).

- Прогрессивтік салық. Мұның мағынасы – табыстың өсуіне қарай салық өсімінің мөлшері өседі. Мысалы, Қазақстандағы жеке тұлғалардан алынатын жеке табыс салығы. Прогрессивтік салық үлкен табыстары барларға тиімсіз.

Табысқа салынатын жоғары салық кәсіпкердің белсенділігінің төмендеуіне, басқа да жағымсыз факторларға әкеледі. Осы проблемаларды американ экономисі Артур Лаффер 80-шы жылдардың басында зерттеп келесі қорытындыға келді: табыс салығы өсімінің жоғары болуы қай бір елде болмасын оның өндірісінің тоқырауына, инфляция деңгейінің тереңдеуіне және халық байлығының төмендеуіне әкеледі. А.Лаффер салықтардың бюджетке түсуі және оның мөлшері арасындағы тәелділікті зерттеген. Графиктегі мұндай көріністі «Лаффер қисығы» деп атайды.


 

Лаффер қисығы салық мөлшерімен келіп түсетін салық көлемінің арасындағы байланысты көрсететін қисығы. Корпорациялардың табыстарына салық мөлшерінің тым көп өсуі олардың капиталдық салымдар жасауға ынтасын жоққа шығарады, экономикалық өсуді төмендетеді. Соның нәтижесінде мемлекет бюджетінің түсімі азаяды. Осы қисық көмегімен келіп түсетін салық көлемдерінің сомасының ең жоғары деңгейде болатын салықтың мөлшерің анықтауға болады. Артур Лаффер ойы бойынша, табыс салығы 50% асқанда фирмалар мен адамдардың іскерлік белсенділікгі төмендейді.

Лаффер қисығы.  
бюджетке салық түсімі   М     L N       0 15 30 45 60 75 салық өсімі (%) Егерде салық өсімі О –ден 100% -ке көтерілсе, онда салық болмайды. Салық түсімі максималды деңгейге 50% (М-нүктесінде) көтеріліп, онан соң 0-ге дейін төмендейді. Салық түсімі LN шартты нүктесінде тепе-тең, бірақ L –нүктесіндегі өсімнің төмен дейгейін құптауға болады, ал N-нүктесіндегі түсім жайсыз жағдайдың көрінісі.

 

3.Экономикалық тиімділік - экономикалық қызметтің, экономикалык бағдарламалар мен шаралардың нәтижелілігі, яғни экономикалық жүйенің атқарымына жұмсалған шығын мен осы атқарымнан алынған нәтиженің ара қатынасы тұрғысынан осы жүйенің сипаттамасы. Салыстырмалы өлшемдермен бағаланады, яғни шығынның нәтижеге қатынасы — шығынның бір өлшеміне шаккандағы нәтиже. Экономикалық тиімділік алынған экономикалық пайданың, нәтиженің осы нәтижені алуға септігін тигізген факторлар, ресурстар шығынына қатынасымен сипатталады


 

 

 

19 Емтихан билеті

 

1. Экономикалық теория адамның шектеусіз қажеттіліктерінің қанағаттандырудағы қоғам өндірісінің сирек, шектелген ресурстарын бөлу, айырбастау және тұтыну туралы ғылым.Экономикалық теорияның зерттейтін құбылыстардың мәні экономиялық категория мен экономикалық заңдарда қарастырылады

Экономикалық заңдар - бұл экономикалық құбылыстар арасындағы тұрақты қайталанатын байланыс.

Экономикалық категория - экономикалық құбылыстардың маңызды жақтарын көрсететін жалпылама ұғымдар.

Экономикалық категориялар - адамдардың қоғамдық өндірістік қатынастарының теориялық көрінісі (тауар, баға, пайда және т.б.).

 

Қолдану мерзіміне қарай барлық экономикалық заңдар 3 түрге бөлінеді

1. Арнайы экономикалық заңдар -шаруашылық жүргізудің нақты бір белгілі нысандарын дамытумен байланысты заңдар.

2 .Ерекше экономикалық заңдар- олардың іс-әрекет жүргізу жағдайлары сақталатын нақты бір тарихи дәуірлерге тән заңдар

3. Жалпы экономикалық заңдар- адамзаттың барлық тарихи дәуірлеріне тән заңдар

 

2.

3.Тауар- бұл сатушға арналған жіне айырбас ұшін өндірілген адам іс-әрекетінің нәтижесі

Тауардың 2 қасиеті бар:

1. Тұтыну құны – тауардың пайдалылығы, адамның белгілі бір қажеттілігін қанағаттандыру қасиеті.

2. Айырбас құны (тауардың өз құны) – тауардың басқа тауарларға айырбасталу қабілеттілігі.

Тауар – сатуға немесе айырбасқа түсетін өнім. К.Марстың ойынша, тауардың екі қасиеті бар:

- адамның сұранысын қанағаттандыру, яғни тұтыну құны;

- басқа затқа айырбастау мүмкіндігі, яғни айырбас құны (өз құны).

Тұтыну құны – тауардың пайдалылығы, адамның белгілі бір қажеттілігін қанағаттандыру қасиеті.

Айырбас құны (тауардың өз құны) – тауардың басқа тауарларға айырбасталу қабілеттілігі.

 

20 Емтихан билеті

 

1. ЖҰӨ-ді табыстар арқылы есептеу, шаруашылық іс-әрекеттер субъектілерінің табыстарын бөлу (еңбек ақысы, ренталық толем-дер, процепг, пайда) және табыстар төлемімен байланыссыз бөлінетін қаржылардың құрылу тәртіптерін сипаттайды

Жалпы ұлттық өнім Ж.Ұ.Ө. – белгілі уақыт кезеңінде қоғамның қарамағындағы ұлттық өндірістік факторлармен өндірілген барлық игіліктер мен қызмет түрінде анықталады. Басқаша айтқанда жалпы ұлттық өнім Ж.Ұ.Ө. – бұл ұлттық тауарлар мен қызмет көрсетудің бір жылдық нарықтық құны. Экономикалық теорияда жалпы ұлттық өнім Ж.Ұ.Ө. номиналды және нақты түрге бөлінеді. Жалпы ұлттық өнімді ағымдағы нарықтық бағамен есептегенде, бұл оның номинальды түрін сипаттайды. Бұл көрсеткіштің нақты түрін анықтау үшін номиналды жалпы ұлттық өнімді Ж.Ұ.Ө.-ді инфляция ықпалынан арылту арқылы, яғни баға индексін қолдану арқылы есептеумен анықталады.

Нақты ЖҰӨ = номиналды ЖҰӨ

баға индексі

Номиналды жалпы ұлттық өнімнің нақты жалпы ұлттық өнімге қатынасын жалпы ұлттық өкілінің дефляторы деп атайды.

ЖҰӨ дефляторы = номиналды ЖҰӨ

нақты ЖҰӨ

1. Шығындар бойынша ЖҰӨ өлшегенде шығындардың келесі түрлері қосылады:

- жеке тұтыну шығындарына халықтың ағымды тұтыну үшін тауарлар сатып алуға, ұзақ мерзімде пайдаланатын тауарлар сатып алуға, қызметтер үшін төлем жасауға жұмсалатын ақша құралдары жатады;

- кәсіпкерлердің машиналар мен жабдықтар сатып алудан тұратын және құрылыстар мен айналым қорларының өзгертуге жұмсалатын барлық шығындардан тұратын жалпы инвестициялар. Инвестицияға тек ғана физикалық инвестицияны қоспай, оған адамзат капиталындағы инвестицияны да есептейді. Капиталдың бір бөлігі моралды және физикалық тозу нәтижесінде кетеді. Соның нәтижесінде, жалпы инвестициялар дегеніміз амортизациялар мен таза инвестициялардың қосындысы.

- тауарлар мен қызметтерді мемлекеттің сатып алуы, бұл шығындарға жатпайтын мемлекеттің бюджеттік шығындарының түрі трансферттік төлемдер, себебі олар тауарлар мен қызмет көрсету қозғалысымен байланысты емес.

- таза экспорт – шетелдіктердің осы елдің тауарларын сатып алуға жұмсаған шығындарының көлемі мен осы елдің шетел тауарларын сатып алуға жұмсаған шығындарының көлемінің айырмашылығы.

ЖҰӨ = С+G+І+Х;

Мұндағы: С – жеке тұтыну шығындары; G – мемлекеттің сатып алуы; І – жалпы инвестициялар,

Х – таза экспорт.

2. Табыстар бойынша есептеу шаруашылық іс-әрекеттер субъектілерінің табыстарын бөлу және табыстар төлемімен байланыссыз бөлінетін қаржылардың құрылу тәртіптерін сипаттайды:

ЖҰӨ =W+R+I+P;

Мұнда: W- жалдамалы жұмысшының жалақысы; R – ренталық төлемдер; I – жинақ капиталының пайызы (%); P- фирма мен корпорацияның пайдасы.

ЖҰӨ-ді есептеу тағы бір әдісі – қосымша құнға негізделген әдіс өндірістің әр сатысында қосылған шығындарды алудан сауда көлемін ескереді. Бұл әдістің ерекшелігі - өндіріс көлемін өлшеген кезде қос есепті болдырмау керек.

 

2. Тепе-теңдік баға – бұл сұраныс пен ұсынысты теңдестіретін, сұраныс пен ұсыныс қисығының қиылысуы арқылы пайда болған баға.

Егерде нарықтық баға – Р1 теңдік бағадан - Ре төмен болса, нарықта тауардың тапшылық жағдайы орнайды яғни сұраныс көлемі ұсыныс көлемінен артады. Егерде нарықтық баға Р2 теңдік бағадан жоғары болса, онда артықшылық орнайды, яғни ұсыныс көлемі сұраныс көлемінен артады







Date: 2015-10-22; view: 1096; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.021 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию