Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Экономикалық жүйе түрлері, мәні
Дәстүрлі экономикалық жүйе әдет-ғұрыпқа, дәстүрлерге негізделеді. Өндіріс процесі, айырбас, бөлу және тұтыну уақыт қалыптастырған әдет-ғұрыпқа сүйенеді. Бұл жүйе мемлекеттілікке дейінгі алғашқы қауым кезеңіне ұқсас келеді. Қазіргі уақытта ол амазондық үнділерге, австралияның тұрғындарына, африка тайпаларына тән. Дәстүрлі экономиканың өзіндік ерекшеліктері мынадай: 1. Өндіру, бөлу, және айырбастау үрдістері әдет-ғұрыпқа, салт-дәстүрге, наным-сенімдерге негізделген; 2. Мұрагерлік пен сатылық бөлініс жеке адамның экономикалық ролін анықтайды; 3. Әлеуметтік-экономикалық тоқырау анық байқалады, өйткені ұдайы өндіріс қарқыны тек он жыл барысында ғана көрініс береді; 4. Техникалық прогресс дәстүрлі қоғамның бастамаларына қауіп төндіретіндіктен барынша шектеледі; 5. Діни, касталық және мәдени құндылықтар экономикалық қызметтің жаңа түрлеріне қарағанда басым тұрады; 6. Индустриялық өндірістің даму қарқынына қарағанда халықтың өсу қарқыны артып отырады; 7. Халықтың сауатсыздығы, шамадан тыс тығыздығы, еңбек өнімділігінің төмендігі және жұмыссыздықтың жоғарғы деңгейі. Әкімшіл-әміршіл жүйе мемлекеттік монополиялық меншіктің және оның монополиялық мемлекет өкіметі тудырған үстемдігімен сипатталынады Әміршіл-әкімшіл жүйеге тән ерекшеліктер мыналар: 1. Өндіріс факторлары жалпы халықтың немесе мемлекеттің меншігінде болады; 2. Экономикалық қызметті жоспарлай отырып, бір орталықтан шаруашылыққа қатысты жалпы шешім қабылдау процесі барынша күшейеді; 3. Кәсіпорындар мемлекеттік жоспарларды орындауға қажетті ресурстармен орталықтандырылған қорлар арқылы қамтамасыз етіледі; 4. Өндіріс құрал-жабдықтары мен халықтық тұтыну тауарлары өндірісі арасындағы халықшаруашылық қатынас бір орталықтан анықталып бекітіледі; 5. Бәсеке жағдайы мүлдем болмайды, нәтижеде өндірушілер монополиясы туындайды; 6. Өндірушілерді ынталандыруға бағытталған нарық жүйесі жоқ; 7. Өндірушінің тұтынушы алдындағы үстемдігі, билігі, абыройы артады, өйткені тек өндірілген тауарлар ғана сатып алынады, яғни тұтынушының таңдау мүмкіндігі жоқ. Нарықтық экономикалық жүйе жеке меншік құқығының анықталуына, келісім-шарт кепілдігінің сақталуына орай жеке меншіктікке және экономикалық мәселелерді шешуге негізделеді. Нарықтық жүйенің ерекшеліктері: 1. Өндіріс факторлары жекешелендірілген; 2. Адамдардың шаруашылық қызметін басқару және үйлестіру нарықтық жүйеге негізделген; 3. Жүйеге қатысушылардың іс-әрекетін олардың жеке, өзіндік мүдделерін қорғау арқылы ынталандыру, соның негізінде қоғамдық мүддені қамтамасыз ету үрдісі күшейген; 4. Капитал иесіне кәсіпкерлікпен емін-еркін айналысу және капиталын қашан, қай жерде және қандай қызметке салу керектігін таңдауға құқық берілген 5. Әрбір шаруашылық субъект өздігінше шешім қабылдап, пайда табуға ұмтылады 6. Жекелеген өндірушілер мен тұтынушылардың экономикалық билігінің әлсіздігі соншалықты, олардың белгілі бір бөлігінің шынайы экономикалық билігі жоқ десе де болады, яғни олар нарықтағы жағдайды өзгертуге дәрменсіз қалады; 7. Таза немесе дамыған бәсеке нәтижесінде өндірушілер тарапынан ресурстар барынша тиімді, әрі үнемді қолданылады және "ең аз шығын жұмсап, ең көп пайда табу" қағидасы жүзеге асырылады; 8. Тұтынушының өндіруші алдындағы үстемдігі, билігі, абыройы артады. Өйткені тек сұраныс білдірілген тауарлар ғана өндірілетін болады. Аралас экономикалық жүйе. Аралас экономика идеясы ХІХ ғасырда әлеуметтік мәселені шешу қажеттігі туындап, мемлекеттің шаруашылық өмірге араласуы нәтижесінде пайда болған, яғни аралас экономика теорияларында ең алғаш рет экономика ілімінде мемлекеттің экономикаға араласу қажеттігі турасында ой-тұжырымдар айтылған. Ол мемлекеттік реттеу арқылы нарықты толықтыруға негізделінеді. Нарықтық механизм мынадай проблемаларды шеше алмайды: қоғамдық игіліктерді жасау, әлеуметтік мәселелер, экономикалық тұрақтылық, технологиялық қайта құрылу, қоршаған ортаны қорғау және т.б. Экономикалық мәселелер жеке өндірушілер деңгейінде нарық арқылы шешіледі. Қоғамдық сипаттағы мәселелер мемлекетпен шешіледі. Мемлекеттік реттеу дәрежесі әр елде әр басқа. Жоспарлы жүйені басқарудан бас тарту және өз бетімен саналы нарықтық экономикаға өту елімізде аралас экономикаға өтудің басты бағыты болып табылады.
№ 25 Емтихан билеті 1. Несие және функциялары, мәні. Несие қызметтері. . Ақша нарығындағы маңызды элементтерінің бірі несие. Несие дегеніміз қарыз қорының болмысының формасы, қарыз қорына меншіктің жүзеге асырылуының ерекше формасы. Несие төмендегі принциптер бойынша беріледі: 1. Несиені қайтару прнциптері – белгіленген уақытта алынған құралдарды пайдаланғаннан кейін қайтару қажет болады. 2. Мерзімдік принцип – келісімшарт бойынша белгіленген уақытта қайтару. 3. Төлем приципі – несиені пайланғаны үшін ақы төлеу. 4. Материалдық қамтамасыз ету – қарыз алушы өзінің міндеттемесін бұзғанда кредитордың мүддесін қамтамасыз етуді қорғау қажеттілігі. 5. Несиенің дифферециалды сипаттамасы - әртүрлі қарыз алушыларға ыңғайлы бапты несие бөлу. Несие функциялары: 1. Ынталандыру функциясы- экономикада ақша айналымын жылдамдату арқылы процестерді жылдамдату. 2. Орын басу функциясы – қолма-қол ақшаның орнына несие ақшалар жүреді. 3. Жинақ функциясы – ақша капиталын жұмылдыру, іске тарту. 4. Қайта бөлу функциясы –несиенің көмегімен әртүрлі салалардың арасында қаржылық құралдар қайта бөлініп отырады. 5. Реттеу функциясы – нарықтық экономикада несие экономиканы реттеу құралы ретінде қолданылады. Date: 2015-10-22; view: 1293; Нарушение авторских прав |