Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Несиенің түрлері





 

Коммерциялық несие тауарлар мен қызметтердің өтуін тездету мақсатымен, төлем мерзімі кешіктірілген тауардың сатылуында қолданылады. Оның объектісі тауарлық формадағы құралдар. Коммерциялық несие формасында жасалатын келісім құжатының қызметін вексель атқарады.

Банктік несиесін кәсіпкерлерге және басқа қарыз алушыларға ақшалай қарыз формасында банктер береді. Несие беруші болып банк табылады.

Мемлекеттік несиеде қарыз алушы мемлекет, ал несие беруші көбінесе халық болады. осы несие мемлекеттік қарыз, мақсатты процентсіз қарыздар, қазыналық міндеттемелер түрін алады.

Несие жүйесінде негізгі рөл атқаратын банк. Банк – (итальян сөзі - орындық) – уақытша басы бос ақшаларды жинақтап, оларды пайыз алу арқылы қарызға (несие) беретін негізгі экономикалық институт. Банктер активтік және пассивтік операциялар жүргізеді. Пассивтік операциялар арқылы банк ақша ресурстарын тартып жинақтайды, ал активтік операицялар арқылы соларды орналастырады.

 

2. Құн заңы.

Құн заңы - өндірушілер арасындағы байланыстарды, сондай-ақ қоғамдық еңбекті бөлу мен ынталандыруды реттеп отырған экономикалық заң. Бұл заңның мағынасы: тауар өндіру мен айырбастау оның қоғамдық қажетті шығындарымен өлшенеді.

Құн заңы нарықта баға заңы ретінде көрінеді, немесе баға – құн заңының көрінісі. Бағаның өзгеруі құн заңының өндіріс салалары арасында өндірістік ресурстарды қайта бөлу қызметін атқаратынын көрсетеді.

 

3. Экономикалық теория мектеп өкілдері, қағидалары.

Экономикалық теорияның даму кезеңдері төмендегідей бөлінеді.

  1. Меркантелизм. Ең алғаш экономикалық ілім XVI­-XVII ғасырларда меркантелизм мектебі болды (итальян сөзі «мерканте» - саудагерлер көпес, сауда, пайда). Бұл ілімнің негізінде қоғам байлығының қайнар көзі материалдық өндіріс емес, тауар-ақша қатынастарында болды.
    1. Меркантелистердің талабы бойынша тауарды шет елдерге көп сату олардан аз сатып алу, сөйтіп елдегі ақша қорын көбейту. Олар сыртқы сауданы дамыту арқылы елдегі алтын мен күмістің көлемін молайту негізінде халықты байытуға болады деді. Демек меркантелистер тек сауда капиталының мүддесін қорғады. Сондықтан халық шаруашылығын толық қамтитын ілімге айнала алмады. Бұл ілімнің көрнекті өкілдері Т.Мен, А.Монкретьен, І Петр, И.И.Посошков.
  2. Физиократизм – (XVIII) қоғамның байлығы саудада емес өндірісте деген қағида ең бірінші «физиократтар» мектебінің өкілі Франсуа Кэненің еңбегінде пайда болды, бірақ ол ұлттық байлықтың қайнар көзі ауыл шаруашылығының еңбегінде деп есептеді. «Физио» - табиғат, «кратос» - үстемдік. Алайда өндірісті тек ауыл шаруашылығымен шектеп халық шаруашылығын басқа салаларын өнімсіз деп есептеу дұрыс болмады. Бұл кезеңнің көрнекті өкілдеріФ.Кенэ, А.Тюрго, Дюпон де Немур.
  3. Классикалық саяси экономия - ХҮІІІ ғасыр (У.Петти, А.Смит, Д.Рикардо, Буагильбер) - өндірістің барлық саласын зерттеп, барлық тауарлардың құндылық өлшемі негізі еңбекте деп дәлелдеген. Экономиканың нарықпен реттелуін және қоғамның барлық топтар табыстарының қайнар көзін анықтаған. ХІХ ғасырдың ІІ жартысы басында саяси экономия екі бағытқа бөлінді: марксизм және маржинализм.
  4. а) Марксизм – (К.Маркс, Ф.Энгельс, В.И.Ленин, Г.В.Плеханов). Зерттеудің негізгі нысаны – капитализмнің экономикалық заңдылықтары. К.Маркстың ашқан басты жаңалығы: қоғамдық-экономикалық формация, капитализмнің даму заңдылықтары, социализмнің жаңа жүйе ретінде пайда болуы, ұдайы өндіріс пен экономикалық дағдарыстар теориясы, тауарға сіңген еңбектің екі табиғаттылығы, қосымша құн туралы ілімдерді қалыптастырды, абсолюттік рентаның, жалдамалы еңбектің мәнін қарастырды. К.Маркс қоғамды екі топқа бөлу арқылы барлық экономикалық құбылыстар да талданды. Қосымша құнның теория мағынасы өндірісте пролетариаттың қаналуы арқылы көрініс тапты.
  5. б) Маржинализм – (К.Менгер, У.Джевонс, Л.Вальрос). Маржинализмнің басты категориялары шекті пайдалылық, шекті өнімділік, шекті шығындар. Шаруашылықты тиімді ұйымдастыру үшін шектеулі ресурстарды ең пайдалы бөлудің әдістерін іздестіру жүргізілді. Микроэкономикалық талдауда шекті көрсеткіштер қолданылу әдістері қарастырылды. Маржинализм экономико-математикалық тәсілдер мен үлгілерді кең қолданады. Л.Вальрас математикалық мектептін негізін қалаған. Ол жалпы нарықтық тепе-теңділік үлгісін жасаған, оның негізі сұраныс пен ұсынысты талдау.
  6. Неоклассикалық теория - ХІХ ғасырдың 90 жылдары (Д.Кларк, А.Маршалл, А.Пигу). Неоклассиктердің ойы келесіде: егер нарықтық экономиканың субъектілеріне мүмкіндігінше экономикалық еркіндік берілсе өте жақсы қызмет атқарған болар еді деп есептеді.
  7. Кейнсиандық мектеп – ХХ ғасыр (Дж.Кейнс). Бұл ағымның «капитализмді реттеу» теориясы бойынша: экономиканы нарықтық реттеумен қатар мемлекеттің араласуының қажеттілігін айқындады.
  8. Институционализм – ХХ ғасырдың 50 жылдарының аяғы (Т.Веблен, У.Митчел, М.Вебер, В.Зомбарт, Д.Гэлбрейт және т.б.). Экономикалық дамудың сипатын құрайтын тек нарық емес, ол – экономикалық институттардың барлық жүйесі. Бұл бағыт өкілдері қоғамның жоғары мұратының көрінісіне әлеуметтік бағдарламаларды, индикативтік жоспарлау және басқа да экономикадағы мемлекеттің араласу шараларды жатқызуы.

 


26 Емтихан билеті

1. Жұмыссыздық және оның түрлері, мәндері. Жұмыс күші

Экономикалық жағдай қолайлы саналады, егер ол толық жұмысбастылықпен сипатталатын болса. Бірақ толық жұмысбастылық деген не? Толық жұмысбастылық түсінігіне анықтама беру қиын. Бір қарағанда оны барлық жұмысқа қабілеті бар тұрғындардың жұмыспен қамтылуы, яғни 100% жұмыс күші жұмыс істейді деп түсінуге болады. Бірақ бұл олай емес. Жұмыссыздықтың белгілі бір деңгейі қалыпты саналады. Толық жұмысбастылықты түсіну үшін жұмыссыздықтың типтері мен жұмыссыздықтың табиғи нормасы түсінігімен танысу керек.


Жұмыссыздықтың негізгі түрлері: фрикциондық, құрылымдық, циклдық, маусымдық және жасырын.

Фрикциондық жұмыссыздық - жұмыс іздеу және оны күтумен байланысты. Бұл жұмыссыздық тұлғалар үшін олардың сәйкес біліктілік және индивидуальдық талабына жұмыс іздеудің белгілі бір уақытын қажет етеді. Кейбір адамдар өздерін күрделі және жоғары төленетін жұмыстарды орындауға қабілеттілігін сезінеді және сондай жұмыс орындарын іздейді. Ал кейбіреулері жұмыс орындарындағы талаптарға сәйкес келмей ақысы төмен жұмыс іздеуге мәжбүр болады. Еркін нарықтық қоғамда әртүрлі себептер бойынша өзіне ыңғайлы жұмыс іздейтін әрқашанда адамдардың белгілі бір саны болады. Бұл процестер еңбек ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттыруды және олардың тиімді бөлінуін қамтамасыз етеді.

Құрылымдық жұмыссыздық. Өндіріс құрылымы өзгеріссіз қала алмайды. ҒТП және технологиялық өзгерістер нәтижесінде жұмыс күшіне сұраныс құрылымы да өзгереді. Кейбір мамандық түрлеріне қажеттілік қысқарады, ал кейбіреулері мүлдем жоғалуы мүмкін. Бұрын болмаған жаңа мамандықтарға сұраныс пайда болады. Жұмыс күшінің құрылымы баяу өзгереді және өндірістің жаңа құрылымына сәйкес келмейді. Осының салдарынан пайда болатын жұмыссыздық құрылымдық жұмыссыздық деп аталады.

Циклдық жұмыссыздық нақты жұмыссыздық деңгейінің шынайы деңгейден айырмашылығымен түсіндіріледі. Экономиканың циклдық құлдырау жағдайында капитал және тұтыну тауарларына сұраныстың жеткіліксіздігі өндірістің қысқаруына алып келеді. Бұл циклдық жұмыссыздықтың пайда болуына негіз болады.


Толық жұмысбастылықтың анықталуы. Фрикциондық және құрылымдық жұмыссыздық экономикада сөзсіз кездесетін жағдай, сондықтан да олар жұмыссыздықтың табиғи деңгейін құрайды. Егер циклдық жұмыссыздық жоқ болса жұмысбастылық толық болады. Сонымен жұмыссыздық- еңбекке қабілетті адамдардың жұмыс істемеуі. Еңбекке қабілетті адамдар (жұмыс күші) – жұмыс істейтін және істемейтін жұмысшылардың жалпы саны.

Жұмыс күші= жұмыс істейтіндер саны+жұмыссыздар

Жұмыс күшіне жатпайтындар: 16 жасқа дейінгілер, арнаулы мекемедегілер, жұмыс күші құрамынан шыққандар. Жұмыссыздықты сандық сипаттау үшін оның деңгейінің көрсеткіші қолданылады:







Date: 2015-10-22; view: 911; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию