Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Макроэкономикалық көрсеткіштер, анықтамалары
Экономиканың дамуын ұлттық есептер жүйесі (Ұ.Е.Ж.) мен халық шаруашылығының балансы жалпылама сипаттайды. Ұлттық есептің БҰҰ статистикалық комиссиясы жасаған стандарттық жүйесі әлем тәжірибеде 1953 ж. бастап қолданып келеді. Ұ.Е.Ж. мемлекеттің негізгі экономикалық көрсеткіштерін бағалау және әрбір елдердің экономикасын өзара салыстыру үшін халықаралық стандарт рөлінде қолданылады. Ұ.Е.Ж. негізінде есептелген макроэкономикалық көрсеткіштерде материалдық және материалдық емес өндірістің айырмашылығы есепке алынбайды. Макроэкономикалық көрсеткіштерге жататындар жалпы ұлттық өнім (Ж.Ұ.Ө.), жалпы ішкі өнім (Ж.І.Ө.), таза ұлттық өнім (Т.Ұ.Ө.), ұлттық табыс (Ұ.Т.) және жеке табыс (Ж.Т.). Жалпы ұлттық өнім Ж.Ұ.Ө. – белгілі уақыт кезеңінде қоғамның қарамағындағы ұлттық өндірістік факторлармен өндірілген барлық игіліктер мен қызмет түрінде анықталады. Басқаша айтқанда жалпы ұлттық өнім Ж.Ұ.Ө. – бұл ұлттық тауарлар мен қызмет көрсетудің бір жылдық нарықтық құны Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) – белгілі бір мерзімде ел шеңберінде өндірілген барлық тауарлар мен қызметтердің нарықтық құны. Ұлттық иелігіне қарамастан, осы елдің территориясындағы барлық экономикалық субъектілер қызметтерінің нәтижесі жатады.
Таза ұлттық өнім ТҰӨ бұл қолданудан шығарылған жабдықтардың орны толтырылғаннан кейін тұтыну үшін қалған түпкі өнімдер мен қызметтердің сомасы. Келесі формула бойынша есептеледі: ТҰӨ = ЖҰӨ - А, Мұнда А – амортизациялық жарнаның сомасы. ТҰӨ-нің бік компоненті бизнеске салынатын жанама салықтар экономикалық ресурстардың ағымдағы үлесін көрсетпейді, сондықтан жанама салықтың көлемі ұлттық табысты ҰТ есептегенде ТҰӨ-нің ақшалай көлемінен алынады. ҰТ = ТҰӨ - ж.с. Мұнда: ж.с. – жанама салықтар. Жеке табыс ЖТ халықтың жеке тұтынуына түсетін ақшаның санын және осы жағдайдың ҰТ-тың қозғалысында орын алатын қайта бөлу процестерін көрсетеді. Жеке табысты есептегенде ҰТ-тан корпорациялардың пайдасына салынатын салықтар, олардың бөлінбей қалған пайдасы, әлеуметтік сақтандыру жарналарының көлемі алынып тасталады, трансферттік төлемдер қосылады. ЖТ = ҰТ – С+Т мұнда: С - корпорациялардың пайдасына салынатын салықтар, бөлінбей қалған пайдасы, әлеуметтік сақтандыру жарналарының көлемі; Т - трансферттік төлемдер. Қолда қалған табыс адамдардың жұмсай алатын табыстарын сипаттау үшін қолданылады, осыны есептеу үшін жеке табыстан халық төлейтін салықтардың жалпы көлемі алып тастайды. Қолда қалған табыс- тұрғындардың билігінде болатын табыс.
2. Иемдену – затты меңгеріп алудың нақты қоғамдық әдісі. Иемдену осы берілген меншіктің және оның нақты түрлерінің негізі, тамырлы белгісін құрайды. «Меншік» және «иемдену» деген түсініктерді ажыратып, әрқайсы жеке танып білу қажет: бұлардың жеке ұғымдар және экономикалық қатынастар жүйесінде өздерінің жеке орындары болады. Шаруашылық өмірдің жүйесімен сәйкестікте болады және сонымен бірге дамиды. Алғашқы заманда адамдар көбінесе табиғат сыйларын жинап, аң мен балық аулап иемденген. Бара-бара екі типті шаруашылық қалыптасады – иемденуші (табиғаттың дайын сыйларымен айналысатын) және өндіруші шаруашылықтар. Меншік – қоғамдық құрылыстың негізі – қоғамдық бастаулардың негізіне жатады. Меншік экономикалық категория ретінде өндіріс құрал – жабдықтарын және өндірілген өнімдерді иемденуге байланысты адамдар арасында туындайтын қоғамдық қатынастар.Меншік қатынастарын дұрыс түсіну үшін, оны иемдену қатынастарымен салыстыру қажет. Иемдену – затты меңгеріп алудың нақты қоғамдық әдісі. Иемдену осы берілген меншіктің және оның нақты түрлерінің негізі, тамырлы белгісін құрайды. «Меншік» және «иемдену» деген түсініктерді ажыратып, әрқайсы жеке танып білу қажет: бұлардың жеке ұғымдар және экономикалық қатынастар жүйесінде өздерінің жеке орындары болады. Иемдену – шаруашылық өмірдің жүйесімен сәйкестікте болады және сонымен бірге дамиды. Алғашқы заманда адамдар көбінесе табиғат сыйларын жинап, аң мен балық аулап иемденген. Бара-бара екі типті шаруашылық қалыптасады – иемденуші (табиғаттың дайын сыйларымен айналысатын) және өндіруші шаруашылықтар. Меншік ол зат емес, меншік – заттарға байланысты адамдар арасындағы қатынастар, яғни меншік объектісін пайдаланудағы субъектінің құқығы. Меншік, заң жағынан алып қарағанда, мүліктік қатынастарға жатады. Құқық нормалар мен актілерде материалдық байлық әр түрлі субъектілер арасында қалай иемделінетіні және бөлінетіні анықталады. Экономикалық теорияда жеке меншік құқықтың мынадай түрлерінде даму алады. (Оноре тізімі бойынша): 1. Иемдену құқығы, яғни игіліктерге міндеттелінген денелік (күш қуаттылық) бақылау құқығы. 2. Пайдалану құқығы, яғни игіліктің пайдалы қасиетін өзі үшін қолдану құқығы. 3. Басқару құқығы, яғни игіліктерді қолдануды кім және қалай қамтамасыз етуді шешу құқығы. 4. Табысқа деген құқық, яғни игіліктерді пайдалану нәтижесіне ие болу құқығы. 5. Егемендік құқығы, яғни игіліктерді жатсындыру, өзгерту, тұтыну немесе жойып жіберу құқығы. 6. Қауіпсіздік құқығы, яғни игіліктерді сыртқы ортаның зияндылығынан қорғау құқығы. 7. Игіліктерді мұрагерлікке беру құқығы 8. Игіліктерді иеленудегі мерзімсіздік құқығы. 9. Сыртқы ортаға зияны келтіретін әдістерді қолдануға тыйым салау құқығы. 10. Өндіріп алуға жауапкершілік құқығы, яғни қарыз үшін игіліктерді өндіріп алу құқығы 11. Қалдық сипатты құқық, яғни бұзылған құқықтарды қалпына кеттіруді қамтамасыз ететін институттардың әрекет ету құқығы.
3. Экономикалық өсу – бұл ұлттық өнімнің сандық көбеюі, сапалық жағынан жетілуі. Өсудің үш типі бар: 1. Экстенсивті өсу дегеніміз – қосымша өндіріс факторларын тарту арқылы ұлттық өнімнің көбеюі. 2. Интенсивті өсу дегеніміз – техника мен технологияны толық жетілдіру арқылы ұлттық өнімнің көбеюі. 3. Аралас өсу дегеніміз - өндіріс қуатының өсуі нәтижесінде өндіріс факторларын пайдалану санының өсуі және техника мен технологияның жетілуі. Экономикалық өсуді есептеу проценттік жылдық өсу қарқынымен анықталады: Экономикалық өсуді есептеу проценттік жылдық өсу қарқынымен анықталады: ЖҰӨ1 ЖҰӨ өсу қарқыны = ----------------- 100% ЖҰӨ0 Date: 2015-10-22; view: 1009; Нарушение авторских прав |