Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Ақша-несие саясатының құралдары, мәні
Ақша-несие саясаты – бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемін реттеу мақсатында мемлекеттің ақша-несие саласында қолданатын өзара байланысты шаралар жиынтығы. Мемлекеттің ақша-несие саясатының құралдары: - Ашық нарықтағы операциялар. Ұлттық банктың ашық нарықта ақша массасының көлемін реттеу мақсатында мемлекеттің құнды қағаздарын сатуы және сатып алуы. Мұның мағынасы: Ұлттық банк ақша эмиссиясын тоқтату және банктердің несиелік мүмкіншіліктерін шектеу мақсатында, нарықта құнды қағаздарды сатып, бұл қағаздарды сатып алған банктердің резервтік шоттарынан белгілі бір соманы есептен шығару. Керісінше, ақша шығаруын және несиелерді беруді ынталандыру үшін Ұлттық банк құнды қағаздарды өзіне қайта сатып алып, оның құнын банктердің резервтік шотына аударады. - Резервтік норманы өзгерту - ақша-несиені реттеуде қолданатын өте қатаң құрал. Ұлттық банк барлық банк мекемелердің міндетті резервті нормасын бір мезгілде өзгерту арқылы әрбір банктің резервінің көлеміне тікелей әсер ете алады. Міндетті резервтер – бұл әрбір коммерциялық банктер салымдардың бір бөлігін міндетті түрде сақтау қоры ретінде мемлекеттің Ұлттық банкте ұстауы қажет. - Есептік ставкасын өзгерту - коммерциялық банктер Ұлттық банктен несие алғанда ақша көлемін реттеу мақсатымен бірінші дәрежедегі банк несиенің мөлшерлемесін жиі өзгертіп отырады. (пайыз мөлшерлемесін көтерсе коммерциялық банктер алатын несиелерін азайтуға мәжбүр болады, керісінше, төмендетсе – несие көлемі өседі) Осы жоғарыда келтірілген 3 құралдарды қолдану – мемлекеттің «арзан ақша саясаты» және «қымбат ақша саясаты» деп аталады. Қазақстанда осы келтірілген құралдармен қатар, ақша айналысын реттеу үшін басқа да тәсілдер қолданылады. - Күрделі несиелік қаржының өсімін шектеу. Ұлттық банк коммерциялық банктердің несиелік қаражаттарының бөлінуін пайыздық норма арқылы шектеп отырады. - Ерікті келісімдер бойынша Ұлттық банк коммерциялық банктермен өзара келісімге келеді.
Шығындар түрлері(тұрақты, өзгермелі, жалпы, шекті, орташа, экономикалық, бухгалтерлік, айқын, айқын емес және т.б.), олардың мәндері және оларға не жатады. 1. Тауар өндірісінде өндіріс факторларын (еңбек, жер, капитал, кәсіпкерлік қабілеттілігі) сатып алуға шығатын шығындарды талдау қажеттілігі туындайды. Шығындар - нарықта құн формасынан алынған ресурстар шығындары. Яғни өнім өндіріп өткізілетін өндірістік ресурстарды пайдаланудың ақшалай көрінісі. Өндіріс шығындары ұдайы өндірістің нәтижесі болып табылады. Бұл кәсіпорынның өндірісте тұтынатын құрал-жабдықтары мен жалақы төлемдерінің шығындарын көрсетеді. Өндіріс шығындарының классификациясы 1. Шығындарды есепке алу тәсілдері бойынша:
Жоғарыда келтірілген схемаға мынадай тұжырым жасауға болады. Бухгалтерлік шығындар - өнімнің белгілі бір мөлшерін өндіруге нақты жұмсалған өндіріс факторларының шығындары жатады. Онда факторлар сатып алынған бағамен көрсетіледі. Кәсіпорын шығындары бухгалтерлік және статистикалық есеп беруде өнімнің өз құны түрін алады. Экономикалық шығындар ресурстардың сиректігіне және оларды балама пайдалану мүмкіндіктеріне негізделеді. Тауар өндіру үшін алынған ресурстардың экономикалық шығындары, оларды өте қолайлы пайдаланып өндірген құнға тең болады. Бұлар айқын және айқын емес шығындар болып бөлінеді. Айқын шығындар - өндіріс факторларымен жабдықтаушыларға айқын ақша формасындағы төлем түрінде жұмсалатын шығындар. Оларға ресурстарды сатып алу шығындар; жұмысшылар; қызметкерлерге жалақы төлеу, көлік шығындары т.б. Айқын емес шығындар - өндірісте пайдаланылған фирманың өз иелігіндегі ресурстардың құнын айтады; ғимараттардың жалға берілмеу шығындары т.б. 2. Өндірілген өнім көлемінің өзгеруіне байланысты:
Тұрақты шығындар – (FC) белгілі уақыт аралығында өндіріс пен өткізу көлемінің өзгеруіне байланысты емес шығындарды атаймыз. Тұрақты шығындардың графикалық бейнесін бөлігіне паралельді түзу сызық көрсетеді.
Tc C Vc
Fc
Q
Тұрақты шығындарға: облигациялық заем, міндетті төлемдер, ренталық төлемдер; ғимараттар мен жабдықтардың амортизациялық төлемдерінің бөлшегі; сақтандыру жарналары, жұмысшылардың еңбек ақысы т.б. Олар старттық (бастапқы) және қалдық шығындар болып бөлінеді. Старттық шығындарға - өндіріс пен өткізудің қайта басталуымен байланысты жұмсалатын тұрақты шығындардың бір бөлшегі жатады. Бұл шығындарды координата осінде көруге болады. C Fc старттық шығындар ----------------------------------------------- қалдық шығындар
Қалдық шығындар дегеніміз - өндіріс пен өткізу белгілі бір уақытта толық тоқтағанына қарамастан жұмсалатын кәсіпорындардың тұрақты шығындардың бір бөлігін жатқызуға болады. Өзгермелі шығындар (VC) – белгіленген мерзімде өнімді өткізу мен өндіру көлеміне тікелей байланысты шығындар. Оларға жалақы, шикізат отын, көлік қызметіне, электр жүйесіне шығындар. Ол шығындарды кәсіпкер өндіріс көлемін өзгерте отырып болжай алады. Өзгермелі шығындар 3 түрге бөлінеді: 1. Пропорционалды өзгермелі шығындар - егер көлемі мен шығындарының өзгерісіне пара-пар келсе қалыптасады. 2. Дегерессивтік өзгермелі шығындар – шығындардың салыстырмалы өсуі өндіріс көлемінің салыстырмалы көбеюінен аз болған жағдайда қалыптасады. 3. Прогрессивтік өзгермелі шығындар - өзгермелі шығындардың өсуі өндіріс көлемінен артық болған жағдайда орындалады.
a) б) c)
C C Vc C Vc
Vc
Q Q Q Кәсіпорынның жалпы шығыны (ТС) деп тұрақты және өзгермелі шығындарының қосындысынан тұрады.
Өнімнің жаңа бірлігімен бірге, жалпы шығындар өзгермелі шығындардың сомасындай шамаға өсіп отырады. Кәсіпкер үшін өнімнің бір бөлігін өндіруге жұмсалған шығындардың маңызы зор. Ол орташа шығындар деп аталады. Өндірістің тиімділігін және табыстылығын анықтайтын шығындар: Өнім өндірісінде бір данаға шыққан шығындарды білу үшін орташа шығындар есептелуі: - орташа тұрақты шығындар; - орташа өзгермелі шығындар; - орташа жалпы шығындар. Осы көрсеткіштер арқылы фирманың пайдасын анықтауға болады: 1. Егерде тауардың бағасы (Р) орташа шығындардан (АТС) кем болса, яғни Р<АТС, фирма шығынға қалады. 2. Егер тауардың бағасы (Р) орташа шығындардан (АТС) артық болса, Р>АТС, фирма әр бір тауардан осы айырмашылық көлемде пайда алады. 3. Егер баға орташа шығындарға тең болса, яғни Р=АТС, фирма нолдік жағдайда болады, пайда да алмайды, шығынға да қалмайды. Өнім өндірудің ең жоғары деңгейін анықтау үшін шекті шығындар МС есептеледі. Шекті шығындар – бұл қосымша өнімге шыққан қосымша шығындар. Өндіріс көлемі бір өлшемге өскен немесе кеміген кезде жалпы шығындардың өсуі немесе азаюы. Шекті шығындардың көмегімен өндірістегі алынатын пайданың ең жоғары деңгейі анықталады. Ол үшін шекті шығындар орташа шығындар және тауар бағасымен салыстырылады. Өндірістің қысқа мерзім кезеңінде кейбір факторлар өзгермейді. Сондықтан, өндірілген өнім көлеміне байланысты шығындар тұрақты және өзгермелі түрде болады. Тұрақты (ҒС) шығындар - фирма өнім өндірмеген жағдайда да төленетін шығындар. Өзгермелі (VС) өнім көлемі өзгерген сайын өзгеріп отыратын шығындар (шикізатқа, жұмысшылардың жалақысына т.б. кететін шығындар.)
1. МС= ТС, мұнда: МС-шекті шығындар, Q Q = өндірілген өнім саны.
3. АС = ТС, АС – орташа жалпы шығындар Q. 4. АҒС = ҒС. АҒС- орташа тұрақты шығындар. Q
1. АVС = VС АVС – орташа өзгермелі шығындар. Q
Date: 2015-10-22; view: 1570; Нарушение авторских прав |