Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Көгілдір мұхиттар әрдайым жасалып отырған
«Көгілдір мұхиттар» термині біршама жаңа болғанымен, мұхиттардың өздері туралы бұлай айтпас едік. Олар бұрынғы және қазіргі іскерлік әлемнің ажырамас бөлігі болып табылады. Жүз жыл бұрынғы дүние жүзіне қарап, өзіңізден «сол заманға қазіргі индустрияның қаншасы белгісіз болды?» деп сұраңызшы. Оның жауабы мынау: автомобиль жасау, дыбыс жазу, авиация, мұнай өңдеу, денсаулық сақтау және басқарушылық консалтинг сияқты негізгі салалар туралы ол заманда мүлде айтылмады, ары кетсе, бұл салалар дүниеге жаңа келе бастаған болатын. Енді уақыттың тілін бар болғаны отыз жылға шегерейік. Тағы да инвестициялық қорлар, ұялы телефондар, газ электростанцияларын, биотехнологияларды, дисконтты бөлшек сауданы, пошталық жолдамалардың курьерлік жеткізілімі, минивэндер, сноубордтар, кофе-барлар және үй бейнемагнитофондары сияқты мульти миллиардты салалардың зор көлемін санамалап шығуға болады – бірақ бұның өзі түгелі емес. Бар болғаны үш онжылдық бұрын аталған саланың ешқайсысы шын мәнінде болған жоқ. Енді уақыт тілін алға қарай жиырма немесе елу жылға жылжытайық та, өзімізден «алдағы заманда бүгінгі күнге белгісіз қанша сала пайда болады?» деп сұрайық. Тарих тәжірибесіне көз жүгіріп келешекті болжайтын болсақ, жауабы белгілі – олардың саны өте көп болады. Ақиқат мынада: салалар ешқашан бір жерде тоқтап тұрмайды. Олар үздіксіз даму үстінде. Жұмыстар жақсара, нарықтар өсе береді, ал ойыншылар келеді де кетеді. Тарих тәлімінен белгілі болғаны: бізде жаңа салалар ашудың және бұрыннан бар салаларды қайта жаңғыртудың лайықты бағасын алмаған мүмкіндіктер бар. Тіпті U.S. Census ұсынған Standard Industry Classification (SIC) жүйесінің өзі 1997 жылы North America Industry Classification Standard (NAICS) жүйесіне орын берді. Жаңа жүйеге сәйкес өндірістің SIC ұсынған он секторы жаңадан пайда болып жатқан салаларды бейнелеу үшін жиырма секторға айналды5. Мәселен, ескі жүйеде болған қызмет көрсету секторы енді жеті бизнес-секторға, ақпараттық сектордан бастап денсаулық сақтау секторына дейін өзгертілді, оған қоса әлеуметтік қамсыздандыру секторы да пайда болды6. Бұл жүйелердің стандарттау және сабақтастықты сақтау мақсатында құрылатынын ескеретін болсақ, көгілдір мұхиттардың кеңеюі қаншалықты елеулі болғанына осы өзгерістер арқылы көз жүгіртеміз. Дегенмен осы күнге дейін бәсекемен байланысты стратегиялық ойлаудағы басты тірек ретінде алқызыл мұхит стратегиясы таңдалады. Бір жағынан бұл - корпоративтік стратегияның өзінің арғы атасының - әскери стратегияның - күшті ықпалында болуымен түсіндіріледі. Стратегияның тілі де әскери терминдерге толы: басты атқарушы «офицерлер» (Chief Executive Officers) «штабта» (Headquarters) отыр, ал қызметкерлер «әскері» (Troops) майданның «алғы шебінде» (Front Line). Осындай терминдермен сипатталатын стратегия жаумен қақтығысуға және қатаң белгіленген мөлшердегі жердің өлшеулі бір кесегі үшін айқасуға бағытталған7. Алайда, өндіріс тарихы көрсеткендей, cоғыстан айырмашылығы - нарық әлемінің шекарасы ешқашан қатал шектелген емес; керісінше, онда үнемі көгілдір мұхиттар жасалып отырған. Сөйтіп, бар назарды алқызыл мұхитқа шоғырландыру – соғыстың басты факторларына көну (кеңістіктің өлшеулі болуы және аман қалу үшін жауды жеңу қажеттілігі) және іскерлік әлемнің айқын артықшылығын: бәсекелестер болмайтын бірегей нарық кеңістігін жасау мүмкіндігін жоққа шығару дегенді білдіреді. Date: 2015-08-15; view: 489; Нарушение авторских прав |