Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Авторлар алғысын білдіреді
Осы кітапты жазуға көп адамның септігі тиді. INSEAD зерттеулерімізді жасауға ерекше жағдай жасады. INSEAD-қа тән теория мен тәжірибенің қиылысуы, профессураның, студенттердің және сол жерде жоғары менеджментті оқып жатқандардың шын мәніндегі интернационалдық ұжымы бізге айтарлықтай пайдасын тигізді. Антонио Борджес, Гэбриэл Хава-вини және Лудо Ван дер Хейден есімді декандар бастап бізге моральдық және тәжірибешілік тұрғыдан қолдау көрсетіп, зерттеулер мен оқытушылық қызметті тығыз байланыста жүргізуге мүмкіндік берді. Pricewaterhouse Coopers (PwC) пен Boston Consulting Group (BCG) біздің зерттеулерімізге қаржылай демеу көрсетті; PwC-тен Фрэнк Браун мен Ричард Бэрд, және BCG-тан Рене Абат, Джон Кларксон, Джордж Сток пен Оливер Тарди біз үшін аса құнды серіктестерге айналды. Көп жылдар бойы бізге бір топ дарынды зерттеушілер көмегін көрсетті, олардың ішінен соңғы бірнеше жыл бойы бізбен үзеңгілес жүріп еңбек еткен Джейсон Хантер мен Джи Ми сияқты адал әріптестерімізді ерекше атап кету керек. Олардың өз ісіне деген адалдығы, зерттеулер кезіндегі тұрақты қолдауы және кемелге жетуге деген ұмтылыстары осы кітапты жазған кезде баға жетпес құндылық болды. Тағдыр біздің басымызды қосқаны үшін бақыттымыз. Біздің INSEAD бойынша әріптестеріміз де осы кітапта баяндалған идеяларға өз үлестерін қосты. Мектеп оқытушылары, әсіресе Субрама-пиан Рангаи және Лудо Вам дер Хейден, идеяларымыз жөніндегі толғануларымызға ой қосты, құнды сын-пікірлер айтты және демеу көрсетті. INSEAD оқытушыларының көпшілігі осы еңбекте баяндалған идеялар мен құралдарды өз студенттеріне – болашақ басшылар мен бизнес магистрлеріне – талқылауға ұсынды, сөйтіп ойымыздың нақтырақ болуына көмектесетін тізбекті кері байланыс беріп отырды. Басқаларының көбі бізге интеллектуалдық қолдау жасап, тілектестігінің қуатын сыйлады. Өзгелердің ішінде мына адамдарға алғысымызды білдіргіміз келеді: Рон Аднерге, Жан-Луи Барсуға, Вен Бенсауға, Анри-Клод де Костиньиге, Майк Бриммге, Лоуренс Капронға, Марко Чекаиьоллиге, Карел Кулға, Арподе Мейеге, Ингмар Дирикске, Рарет Диасқа, Джордж Ипеиге, Нол Эвансқа. Чарли Галуннчке, Аннабель Гауэрға, ХавьсХимепоға, Доминик Эоға, Нил Джонсқа. Филипп Лассеррге, Жан-Франсуа Мапзониге, Пенс Мейерге, Клод Мишоға, Диган Морриске, Кай Нгуен-Хайға, Субраманиа на Ранганға, Джонатан Сториге, Хайнц Танханзерге, Лудо Баи дер Хей-денге, Дэвид Ямкқа, Питер Земскиге және Мин Зенге. Жұмыс барысында әлемнің түкпір-түкпіріндегі талай талдаушылармен және практиктермен істес болу бақытына ие болдық. Олар осы кітапта баяндалған идеялардың өмірде қалай жұмыс істейтіндігін көрсетіп беруге және зерттеулерімізге қажет нақты оқиғалардың сипаттамаларын дайындауға жәрдемдесті. Бұл адамдардың ішінде ісіміздің әуел басынан бізбен қызметтес болған Марк Бовуа-Коладон айрықша атап өтуге лайықты. Біздің идеяларымызды түрлі компанияларда жүзеге асыру жағынан көп тәжірибесі бар ол төртінші тарауды жазуға елеулі үлес қосты. Өзгелермен қатар біз Френсис Гуийярға және оның әріптестеріне; Гэвин Фрейзерге және оның әріптестеріне; Уэйн Мортсисенге; Брайан Маркске; Кеннет Лоға; Ясуши Шнинға; Джонатан Ляндриге және оның әріптестеріне; Джупан Джиаигке; Ральф Тромбетке және оның әріптестеріне, Габор Нартқа және оның әріптестеріне; Шангарам Венкатешке; Мики Кавав және оның әріптестеріне: Атул Синхқа және оның әріптестеріне; Арнольд Ицхакқа және оның әріптестеріне; Волькер Вестерманнға және оның әріптестеріне; Мэтти Вильямсонға; және де Каролина Эдварде мен оның әріптестеріне алғысымызды білдіргіміз келеді. Одан басқа, біз Марк Спелменмен бірлесіп жұмыс жасаудан басталған Ассеnture фирмасымен, Омар Аббошпен, Джим Сэйлеспен және оның командасымен қызметтестігімізді жоғары бағалаймыз. Және Lucent Technologies-ке бізді қолдағаны үшін рахметімізді айтамыз. Зерттеулер барысында БІЗ дүние жүзіндегі корпоративтік қызметкерлермен және үкімет шенеуніктерімен кездестік, бұл адамдар осы кітаптағы идеяларды тұжырымдауға жәрдемдесу үшін, бізге өз уақыттарын сыйлап, білімдерімен аянбай бөлісті. Біз олардың барлығына дән ризамыз. Біздің идеяларымызды тәжірибеде жүзеге асыруға қатысты көптеген жеке және көпшілік бастамалардың ішінде шабыт пен білімнің аса ірі көздері болған Samsung Electronics-тегі Vаlue Innovation Рrogram (VIР) Center мен Сингапурдағы Vаlue Innovation Асtion Таnк (VIАТ). Samsung Electronics-тегі Джош-Иоиг Юнды және Сингапур үкіметінің тұрақты хатшыларын тамаша серіктестер ретінде ерекше атап өткіміз келеді. Ыстық ықылас пен алғысымызды біз Vаlue Innovation Network (VIN), Құндылық Инновациялары (Vаlue Innovation) тұжырымдамасын тәжірибеде ілгері бастыратын ғалами қоғамдастықтың мүшелеріне - әсіресе осы жерде атап өте алмағандарға да білдіреміз. Және, соңында, біз Мелинда Мериноға, біздің баспагерімізге, парасатты түсініктемелері мен редакторлық баға бергені үшін, Harvard Business School Publiching баспасының барлық қызметкерлеріне - іске адалдығы мен бізге демеу берген шынайы ынтасы үшін алғысымызды білдіреміз. Harvard Business Review-дегі біздің қазіргі және бұрынғы редакторларымызға, әсіресе Дэвид Чемпионға, Том Стюартқа, Нэп Стоун мен Джоан Магреттаға рахметімізді айтамыз. Бизнес магистрлері мен докторларға және INSEAD-та оқыған басшыларға шын жүректен ризашылық білдіреміз. Осы кітапта жазылған идеяларды іс жүзінде сынаған Strategy Innovation Study Group пен Vаlue Innovation Study Group (VISG) топтарының қатысушылары ерекше төзімділік танытты. Олардың күрделі сауалдары мен мазмұнды кері байланысы идеяларымызды нақтылауға және жетілдіруге көмектесті.
Date: 2015-08-15; view: 513; Нарушение авторских прав |