Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Көгілдір мұхиттардың жасалуы





Бұрынғы аккордеоншы, акробат және от жалмаушы Ги Лалиберте бүгінде Cirgue du Soleil атты Канададағы аса ірі мәдениетті экспортқа шығарушы компаниялардың бірінің басшысына айналды. 1984 жылы бір топ көше актері құрған компания өз қойылымдарын дүние жүзінің тоқсан қаласындағы қырық миллионға жуық адамға таныстырды. Ringling Bros және Ваrnum Bailey сияқты цирк индустриясындағы әлем чемпиондарының құрылғанына жүз жылдан асқан соң ғана қол жеткізе алған көлемді кірісін Cirgue du Soleil өз тіршілігінің жиырма жылға толмас мерзімі ішінде түсіре бастады.

Дәстүрлі стратегиялық талдау нәтижелері көрсеткендей, мұндай жедел даму - өсу мүмкіндіктері шектеулі, құлдырап бара жатқан индустрияда орын алғанымен елеулі. Өнер көрсетуші «жұлдыздар» арқылы көрініс берген қоюшылардың билігі тұтынушылар билігі сияқты тегеурінді болды. Ойын-сауықтың балама түрлері – алуан түрлі қалалық шоу мен спорттық іс-шаралардан бастап үйдегі сауықтарға дейін – цирк индустриясын барған сайын шеттете берді. Енді балалар ата-анасынан ақшаны кезбе циркке емес, ойынға арналған қосымша құрылғыларға сұрайтын болды. Бір жағынан, осының салдарынан цирк индустриясы өз клиенттерін үнемі жоғалтып, нәтижесінде түсім мен табыс көлемі азайды. Оған қоса, жануарлардың құқықтарын қорғау жөніндегі топтар да аңдарды цирк қойылымдарына енгізуге наразылығын білдіруді жиілете түсті. Ringling Bros және Ваrnum Bailey үлгіге айналды, ал бір-бірімен бәсекелес ұсақ цирктер соларға ұқсап бағуға тырысып, сапасы төмен қойылымдар шығарып жатты. Жалпы бәсекелестік стратегиясы тұрғысынан алғанда, цирк индустриясының тартымдылығы шамалы болатын.

Cirgue du Soleil жеңіп алған табысының тағы бір қызықтырар тұсы – компания жеңіске клиенттерді әуел бастан балаларға арналып жасалған, енді құлдырап бара жатқан цирк индустриясынан тартып алу арқылы жеткен жоқ. Cirgue du Soleil Ringling Bros және Ваrnum Bailey-мен бәсекеге түскен жоқ. Оның орнына компания бәсекелестерден ада, нарықтың жаңа, ешкім иеленбеген түрін жасады. Ол тұтынушылардың мүлдем жаңа тобына: бұрын-соңды болмаған, соны қойылымды көру үшін әдеттегі цирк билетінің құнынан бірнеше есе артық төлеуге дайын тұрған ересектер мен корпоративтік клиенттерге бағытталған еді. Cirgue du Soleil-дің алғашқы жобаларының атауы да осыны білдірді: «Біз циркті жаңадан жасаймыз».







Date: 2015-08-15; view: 481; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию