Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Көгілдір мұхиттарды жасау қажеттілігінің артуы





Көгілдір мұхит жасау қажеттілігі өсуінің астарында бірнеше қозғаушы күш жасырынып жатыр. Технологияның дамуы өндіріс өнімділігін едәуір жоғарылатты және жеткізушілерге өнімдер мен қызметтерді бұрын-соңды болмаған көлемде жасауға мүмкіндік берді. Нәтижесінде, түрлі салалардағы ұсыным сұраныстан басым түсе беретін болды8. Жағдайды жаһандану үрдістері қиындата түсуде. Елдер мен аймақтардың арасындағы шекаралар жойылған сайын, ал өнімдер мен бағалар туралы ақпарат бүкіл дүние жүзіне қолма-қол тараған сайын, нарық-тауашалар мен монополиялық салалар құрдымға кетуде9. Ғалами бәсекенің ықпалымен ұсыным артып келеді, бірақ дүниежүзі бойынша сұраныстың өсуі туралы дәлелдер байқалмайды, статистика, керісінше, көптеген дамыған нарықтардағы қатысушылар санының азаюын көрсетіп отыр10.

Бұның нәтижесі - тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің барған сайын көпшілік жаппай тұтынатын заттарға айналуы, бағаға қатысты соғыстардың қатігезденуі және пайданың азаюы болмақ. Жақында өткізілген ірі америкалық брендтердің бір сала шеңберіндегі зерттеулері осы үрдістің бар екендігін растады11. Зерттеулер бойынша, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің негізгі санаттарының брендтері барған сайын бір-біріне ұқсап келеді, ал ұқсастық ұлғайған сайын адамдар өз таңдауын оның бағасына қарап жасайды12. Бұрынғыға қарағанда, тұтынушы кірді тек «Тайдпен» ғана жуғысы келмейді. Және ол «Крест» пастасының төмен бағамен сатылатыны туралы естісе, «Колгейтке» жабысып қалмайды – және керісінше. Мейлі экономикалық өркендеу, мейлі құлдырау кезінде болсын, өндірушілерге толы салаларда брендтерді ажырату қиындап барады.

Осының барлығы жиырмасыншы ғасырда стратегиялық және менеджерлік шешімдердің басым көпшілігін дүниеге әкелген бизнес-ортаның ақырындап жойылып келе жатқанын білдіреді. Алқызыл мұхиттардағы қан таси түсуде, сондықтан басшылар қазіргі қаптаған менеджерлердің үйреншікті мұхитынан гөрі, көгілдір мұхитқа көбірек ден қоюда.







Date: 2015-08-15; view: 500; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.012 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию