Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Жұлдыздардың Орындарды Шаттық Өткізетін Жабдықтар Басқа
Атысуы сауда жасауға пен орынның сәнділігі тұрпаттағы Жалға беру әзіл бірегейлігі музыка мен Билер Ал Cirgue du Soleil-дің құндылық қисығы оқшауланып тұр. Оның құрамына тақырып, қойылымдар түрлілігі, сәнді жабдықтар және басқа тұрпаттағы музыка мен билер сияқты жаңа, цирктік емес факторлар енгізілген. Цирк индустриясы үшін мүлде дәстүрлі болып есептелмейтін бұл факторлар сауықтың балама индустриясынан – театрдан ауысқан. Бұл мағынада стратегиялық арқау саладағы бәсекеге ықпал ететін дәстүрлі факторларды және саланың стратегиялық арқауын өзгерткен жаңа нарық кеңістігін жасауға әкелген жаңа факторларды анық бейнелейді. [уеllow tail], Cirgue du Soleil жәнеSoutwest Airlines көгілдір мұхиттарды мүлде басқа бизнес-жағдайларда және салалық контекстерде жасады. Сөйте тұра, оларды стратегиялық бейіндеріне ортақ үш басты сипат: фокус, дивергенция және ұран ерекшелейді. Осы үш өлшем ол компаниялардың тұтынушылары үшін де, өздері үшін де құндылықты күрт арттыру мақсатында жүргізген қайта құру үдерісін басқарды. Құндылық қисығының түсініктемесі Стратегиялық арқау компанияларға болашақты осы шақтан көруге мүмкіндік береді. Ол үшін компания құндылық қисығын түсіне білуі керек. Саланың құндылық қисықтарында істің ағымдағы жағдайы туралы және бизнестің болашағы туралы стратегиялық білімнің қазынасы жасырылған. Көгілдір мұхит стратегиясы Құндылық қисығының жауап беретін алғашқы сұрағы – бизнес табысқа жете ме? Компанияның немесе оның бәсекелестерінің құндылық қисығы көгілдір мұхиттың жақсы стратегиясының үш өлшеміне сәйкес келетін болса, бұл - компанияның дұрыс бағытта келе жатқанын білдіреді. Осы үш өлшем көгілдір мұхит идеяларының коммерциялық болашағын белгілей отырып лакмус қағазының қызметін атқарады. Екінші жағынан, компанияның құндылық қисығына фокус жетпей жататын болса, оның шығынының құрылымы жоғары болуы әбден мүмкін, ал енгізу және жүзеге асыру саласындағы бизнес-үлгі – күрделі болады. Дивергенциясыз компания стратегиясы дағдылы болып, еш нәрсесімен ерекшелене алмайды. Тұтынушыларға бірдеңені хабарлайтын тартымды ұран болмаса, бұл - компанияны өзінің ішкі қуаты ғана қимылға келтіріп жатыр дегенді білдіреді, немесе ол - жақсы коммерциялық әлеуеті мен бәсекелестерін кәдімгі жолмен жеңетін шамасы жоқ, инновация - инновация үшін дегеннің классикалық үлгісі болып табылады деген сөз.
Алқызыл мұхитта батып қалған компания Компанияның құндылық қисығы бәсекелестерінің құндылық қисығымен сәйкес келетін болса, бұл – компания мейірімсіз бәсекенің мұхитына батып қалды дегенді білдіреді. Компанияның эксплицитті немесе имплицитті стратегиясы бәсекелестерінен шығын немесе сапа жағынан озып кетуге тырысуын байқатады. Бұл – дамудың бәсеңдеуі туралы белгі береді, мұндайда кейбір жолы болғыш компаниялар өз бетінше өсіп келе жатқан сала есебінен ұтуы мүмкін. Бұл жағдайда компанияның дамуы стратегияға емес, сәттілікке байланысты. Қайтарымы жоқ, шамадан тыс ұсыным Компанияның стратегиялық арқаудағы құндылық қисығы барлық фактор бойынша жоғары көрсеткіштерді бейнелеп тұрса, мынадай сауал туындайды: компанияда бар нарық үлесі немесе пайдалылығы инвестиция көлеміне сәйкес келе ме? Егер келмесе, стратегиялық арқау компанияның сатып алушылар үшін инкременталды құндылықты арттыратын нәрседен тым көп ұсынып, өз клиенттеріне шектен тыс қамқорлық жасайтын болуы керек дегенді білдіріп тұр. Құндылық инновациясын өткізу үшін, құндылық қисығы басқалардан өзгешеленіп тұруы үшін, компания факторларды арттыру және жасауды ғана емес, қандай факторларды жою және азайту керектігін шешуі тиіс. Когерентті емес стратегия Компанияның құндылық қисығы ешбір ырғақсыз немесе белгілі бір себепсіз, спагеттиге ұқсап біресе жоғары, біресе төмен секіріп тұрса, ал ұсынысы «төмен-жоғары-төмен-төмен-жоғары-төмен-жоғары» деп сипатталса, бұл - компанияның бірізді стратегиясының жоқтығы туралы белгі береді. Бәлкім, оның стратегиясы бір-бірімен байланысы жоқ шағын стратегияларға негізделген шығар. Мүмкін, жеке-жеке тұрғанда олар мағынаға ие болып, адамдарды жұмыспен шұғылдандыру арқылы бизнесті жүргізуге септігін тигізетін болар, бірақ барлығы бірге компанияның басты бәсекелесінен ерекшеленуіне әкелмейді және болашақты стратегиялық тұрғыдан анық болжауға қол жеткізбейді. Көбінесе бұл – ұйым құрылысындағы атқарымдық және құрылымдық ақаулардың белгісі болып табылады. Стратегиялық қайшылықтар Стратегияда қайшылықтар бар ма? Компанияда бәсекенің бір факторының жоғары деңгейін ұсынатын, алайда оны демейтін басқа факторларға мән бермейтін салалар болады. Мысалы, компания оның веб-сайтын оңай пайдалану мүмкіндігін туғызуға көп қаражат жұмсайды да, беттердің баяу жүктелу жылдамдығын түзетуді ұмытып кетеді. Стратегиялық қайшылық сіздің ұсынысыңыз бен бағаңыздың деңгейлері арасында да болуы мүмкін. Солай, мысалы, автомобильдерге жанармай құйып беретін компания өзінің негізгі «азырақ, бірақ қымбатырақ» – бәсекелесіне қарағанда қызмет көлемі аз, алайда бағасы жоғары ұсыныс жасайтынын анықтады. Сондықтан, компанияның нарықтық үлесі тез азайғаны таңғаларлық жайт емес. Ішкі күштер көмегімен қозғалатын компания Стратегиялық арқауды сызғанда, бәсекенің және осы саланың факторларын сипаттау үшін компания қандай терминдерді пайдаланады? «Жылдамдық» дегеннің орнына «мегагерц» сөзін немесе «ыстық су» деудің орнына «судың термалды температурасы» сөздерін қолдана ма? Бәсеке факторлары сатып алушы түсінетін және бағалай алатын терминдермен берілген бе, жоқ, мұнда кәсіби жаргон қолданылған ба? Стратегиялық арқауды құруда пайдаланылатын тіл компанияның болашаққа стратегиялық тұрғыдан қарауы «сырттан» келетін болашақты ескере, немесе «ішкі жақтан» көз салу негізінде, яғни компанияның өз қызметіне байланысты құрылған-құрылмағанын түсінуге жағдай жасайды. Стратегиялық арқау тілінің талдауы оның саладағы сұранысты қалыптастырудан қаншалықты алшақ екенін көрсетеді. Осы жерде келтірілген үлгі құралдары кітапта ары қарай да пайдаланылатын талдаудың маңызды амалдары болып табылады. Қажетінше оларға қосымша құралдар қосылып отырады. Дәл осы аналитикалық әдістердің және көгілдір мұхиттардың стратегиясын жасау мен жүзеге асырудың алты қағидасының үйлесуі компанияларға бәсекеден құтылып, нарықтың жаңа, ешкім иемденбеген кеңістігін ашуға мүмкіндік береді. Енді бірінші қағидаға – нарық шекарасын қайта құруға көшейік. Келесі тарауда біз көгілдір мұхит жасау кезіндегі мүмкіндіктерді арттыру және тәуекелдерді азайту әдістерін қарастырамыз. Date: 2015-08-15; view: 528; Нарушение авторских прав |