Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Алғысөз
Бұл кітап достыққа, адамдардың бір-біріне деген адалдығы мен сеніміне арналады. Дәл осы достық пен сенімнің арқасында, бұл кітапта баяндалған идеяларды зерттеумен айналыса жүріп сапарға аттандық, ал кейін кітаптың өзін де жаздық. Таныстығымыз жиырма жыл бұрын дәрісханада басталған болатын – ол кезде біреуіміз профессор, ал екіншіміз студент болдық. Содан бастап бір-бірімізге шабыт пен демеу беріп, бірге еңбек етіп келеміз. Бұл кітап – идеяның емес, достықтың жеңісі, ал бұл біз үшін бизнес әлемінің кез келген идеясынан артық. Достығымыздың арқасында өміріміз байи түсті, жан дүниеміз құлпырды. Біздің ешқайсымыз жалғыз болмадық. Оңай сапарлар болмайды, тек шаттыққа толы достық та кездеспейді. Әйтсе де біз жолымыздың әрбір күнін қуанышпен қарсы алдық, себебі білім мен дамуға ұмтылдық. Кітапта баяндалған идеяларға жан-тәнімізбен сендік. Ол идеялар аман қалуды ғана армандайтындар үшін емес. Амандыққа ғана ұмтылыс бізді ешқашан қызықтырған емес. Сіздердің есі-дерттеріңіз осымен ғана шектелсе – ары қарай оқымай-ақ қойыңыз. Ал егер басқа жолды таңдағыларыңыз келсе, компания құрып, оның көмегімен тұтынушылар да, әріптестеріңіз де, акционерлер де, қоғам да – барлығы ұтыста болатын келешекті жасағыңыз келсе – оқи түсіңіз. Біз сіздерге ОЛ оңай болады деп уәде бере алмаймыз, бірақ бұл - айтуға тұратын жол. Толассыз табысқа ие саланың болмайтыны сияқты, сәтсіздіктерге ұрынбай жол кешкен компаниялар да жоқтығын зерттеулеріміздің нәтижелері растады. Адамдардың да, корпорациялар секілді, ақылды әрекет ететіндерін, ал кейде олай істемейтіндерін өз тәжірибемізден білдік. Бұрынғыдан артық табысқа жету үшін, жағымды нәтижеге қалай қол жеткізгенімізді ұғынып және осыны жүйелі түрде қалай жаңғыртып отыруға болатынын шешіп алу қажет. Осыны біз ақылды стратегиялық қадамдар деп атаймыз, сондай-ақ, біздің анықтауымызша, көгілдір мұхит жасауға бағытталған стратегиялық қадамның маңызы бірінші дәрежелі мәнге ие. Көгілдір мұхит стратегиясы компанияларды нарықтың бәсекелестік каупінен қорықпауға болатын тауашасын жасау арқылы бәсекенің алқызыл мұхитынан құтылуға түрткі болу үшін жазылған. Көгілдір мұхит стратегиясы бар және көбіне азайып келе жатқан сұранысты өзгелермен бөлісуден, бәсекелестерге үнемі жалтақтаудан бас тартуды, оның орнына жаңа, өсіп келе жатқан сұранысты жасап, бәсекелестіктен қол үзуді ұсынады. Кітап компанияларды осындай қадам жасауға шақырып қана қоймай, ол үшін не істеу керектігін түсіндіреді. Алдымен біз назарларыңызға ұсынылған жолмен жүрген жағдайда қандай жүйелі әрекеттерді жүзеге асыру керектігін көрсететін аналитикалық құралдар мен жоспарларды ұсынамыз, одан соң көгілдір мұхит стратегиясын анықтайтын және оны бәсекеге негізделген стратегиялық шешімдерден ажырататын қағидаларды қарастырамыз. Біздің мақсатымыз - бізге белгілі нарықтың алқызыл суындағы бәсекенің үздіксіз әрі әсерлі болғаны сияқты, көгілдір мұхит стратегиясын да жүйелі әрі пәрменді қыла отырып құрастыру және жүзеге асыру болып табылады. Сонда ғана компаниялар көгілдір мұхиттарды жасау ісіне байыппен әрі жауапкершілікпен келіп, өз мүмкіндіктерін барынша ұлғайтады да, қауіпті барынша азайтады. Ешбір компания - ауқымы мен жасына қарамастан - өзінің өзен кемесінің алаяқ ойыншысына айналуына жол бере алмайды. Жол бере алмайды – және бермеуі тиіс. Бұл кітап он бес жылдық зерттеулердің және өткен жүз жылдан астам мерзімнің мәліметтерін зерттеп танудың қорытындысы болды. Одан бұрын - мақалалардың тұтас бір топтамасы Harvard Business Review журналында және осы тақырыптың түрлі салаларына арналған академиялық басылымдарда жарық көрген болатын. Кітапта ұсынылған идеялар, үлгілер және құралдар көп жылдар бойы Еуропадағы, Құрама Штаттардағы және Азиядағы корпорацияларда іс жүзінде тестіленіп, түзетілді. Кітап осы жұмысқа негізделді және осы идеяларды бірыңғай құрылымға біріктіретін баяндауда ары қарай дамытты. Бұл құрылым көгілдір мұхит стратегиясының негізінде жатқан аналитикалық қырларды ғана емес, адамдармен байланысты, дәлірек айтқанда, ұйымдар мен ондағы қызметкерлерді осы жолға қалай бағыттау, осы идеяларды жүзеге асыруға деген ықыласын қалайша ояту қажет деген сауалдарға байланысты маңызы зор мәселелерді де қамтыды. Әсіресе сенім мен адалдыққа, парасаттылық пен эмоционалдық деңгейді арттыруға қалайша қол жеткізуге болатынын түсінудің маңызы ерекше діттелді. Керек десеңіз, бұл түсінік стратегияның өзегіне айналды. Көгілдір мұхит жасаудың мүмкіндіктері қашан да жанымызда – тек қолымызды созсақ болғаны. Олардың ашылуымен нарық ғаламы кеңейе түсті. Осы кеңею - даму себебі болып табылатынына біз сенеміз. Алайда, теориядағы сияқты, іс жүзінде де адамдар көгілдір мұхиттарды қалай жасап, қалай жүйелеп, оларға қайтіп билік жүргізу керектігін түсіне алмай жатады. Біз сіздерді осы кітапты оқу арқылы нарық кеңістігін кеңейту үдерісіндегі қозғаушы күшке айналу амалдарын білуге шақырамыз.
Date: 2015-08-15; view: 567; Нарушение авторских прав |