Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Орыс тілді басылымға алғысөз
«Көгілдір мұхит стратегиясының» орыс тіліне аударылғанына және осы кітапта баяндалған ойлардың орыс тілді оқырмандар үшін қол жетімді болғанына біз өте қуаныштымыз. Бірде Ресейге жолымыз түскен болатын. Біздің Ленинградқа келген кезіміз, ол жылдары қазіргі Санкт-Петербург осылай аталатын, 80-жылдардың соңы еді. Сол кезде кездескен адамдарымыздың кәсіпкерлік көңіл-ниетіне, ресейліктерге тән қуат пен жаңа экономикалық мүмкіндіктер ашуға деген талпыныстарына таңданған едік. Мәселенің мәні мынада. Бүгінгі күні Ресейдегі бизнеспен айналысушылардың бәсеке күресінің шеңберінен шығуы және бәсекеге орын жоқ нарық кеңістігінің «көгілдір мұхиттарын» жасауы үшін өз күш-қуаты мен ой өрісін қалай жұмсағаны дұрыс болады? Қайткенде ресейлік бизнес-компаниялар табысты дамуға жол ашатын және Ресейдегі ғана емес, әлемнің басқа елдеріндегі тұтынушылар үшін қол жетімді болатын өнімдер мен қызметтер жасай алады? Ғаламдық деңгейдегі бәсеке барған сайын қатігездене түсіп, ал сауда тосқауылдары қирап жатқан заманда бұл сауалдарға жауап табу аса маңызды болып тұр. Осынау күрделі мәселені шешу мақсатында «Көгілдір мұхит стратегиясы» кітабында тұжырымдаманың өзі ғана ұсынылып қоймай, әрбір ресейлік компания өз қызметінің кез келген саласында - өнеркәсіп өнімін шығару, тұтыну тауарларын жасау, қызмет көрсету, бөлшек сауда, мейрамхана қызметінен бастап цирк қойылымдарына дейін – қолданыла алатын аналитикалық құралдар мен әдістемелер беріліп отыр. Соңғы он бес жыл бойына біз өз тарапымыздан жүргізіліп келе жатқан зерттеулеріміз арқасында бітіспес бәсеке майданының шеңберінен шығуға мүмкіндік беретін көгілдір мұхит жасаудың айқын стратегиялық үлгілерін белгілеуге қол жеткіздік. Біз сіздерді осы кітапты оқып шығып, ондағы идеялар мен тұжырымдамаларды өз компанияларыңызда, өз кәсіпорыныңыздағы тәжірибеде қолдануға шақырамыз. Мүмкіндіктердің көгілдір мұхиттары айналамызда жатыр. Өз жігерімізді жасампаздық іске бағыттай алсақ біреумен бәсекеге түсудің қажеті жоқ. Жаңа, жоғары табыс беретін нарықтарға жол ашу үшін «Көгілдір мұхит стратегиясын» пайдаланыңыз, сонда барлығы – компаниялар, тұтынушылар және жалпы қоғам ұтатын болады. Осы кітап гүлденген ресейлік экономиканың құрылуы ісіне септігін тигізетініне сенеміз. Date: 2015-08-15; view: 558; Нарушение авторских прав |