Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Жаңа нарықтық кеңістік
Cirgue du Soleil-дің табысқа жетуінің себебі: болашақта жеңіске жету үшін компаниялар өзара бәсекелестікті қоюы керектігін түсінді. Бәсекені жеңудің жалғыз жолы – жеңіске ұмтылуды тоқтату еді. Cirgue du Soleil-дің не нәрсеге қол жеткізгенін түсіну үшін, екі: алқызыл және көгілдір мұхиттан тұратын нарық әлемін көз алдыңызға елестетіп көріңіз. Алқызыл мұхиттар осы сәтке дейін тіршілік етіп жатқан салаларды білдіреді. Бұл – нарықтың бізге таныс бөлігі. Көгілдір мұхиттар - әзірше жоқ салаларды білдіреді. Бұл – нарықтың ашылмаған аймақтары. Алқызыл мұхиттардағы шекаралар белгіленген әрі келісілген, бәсекенің ойын ережелері баршаға аян1. Ондағы компаниялар қолда бар сұраныстың көбірек бөлігін өзіне тарту үшін өз қарсыластарын басып озуға тырысады. Нарық аясы тарылған сайын даму мен пайда түсіру мүмкіндіктері де азая түседі. Өнімдер - сапасы төмен қолды тауарға айналып, мейірімсіз бәсекелестер бір-бірін бауыздап, алқызыл мұхитты қанға бояйды. Көгілдір мұхиттар, керісінше, нарықтың жан баспаған аймақтарын білдіреді, шығармашылық дарынды талап етеді және өсу мен жоғары кірістер алуға мүмкіндік береді. Кейбір көгілдір мұхиттар саладан тыс жерде жасалғанымен, олардың көпшілігі алқызыл мұхиттардың ішінде пайда болады, сөйтіп - Cirgue du Soleil дегідей - саланың бұрыннан бар шекарасын кеңейте түседі. Көгілдір мұхиттарда ешкімге бәсеке қаупі төнбейді, себебі ойын ережелерін белгілеу енді басталады. Алқызыл мұхиттардағы ең басты нәрсе – жүзген кезде өз бәсекелестеріңнен оза білу. Алқызыл мұхиттар ешқашан өз маңызын жоймайды және іскерлік өмірдің шындығы болып қала береді. Десе де, түрлі саладағы ұсыным сұраныстан аса бастаған кезде, тұрақты өсімді ұстап тұру мақсатында нарық үлесі үшін күресу қажет, бірақ ол жеткіліксіз2. Компанияларға бәсеке шеңберінен шығу қажет. Жаңа кірістер мен ары қарай даму мүмкіндіктерін иелену үшін, олар көгілдір мұхит жасауы тиіс. Өкініштісі, көгілдір мұхиттардың карталары болмайды. Соңғы жиырма бес жылдағы барлық стратегиялық шешімдер көбіне алқызыл мұхиттардағы бәсекеге бағытталды3. Нәтижесінде біз алқызыл сулардағы бәсекелестермен қалай күресуге болатынын, сала негізінде жатқан экономикалық құрылымға талдау жасауды, стратегиялық жайғасымды – төмен шығындар, саралаулар немесе фокус - таңдаудан бастап, бәсекелестік бенчмаркингке дейін жақсы біліп алдық. Көгілдір мұхиттар туралы айтыс-тартыстар тоқтаусыз жүріп келеді4. Алайда осындай мұхит жасауға қатысты практикалық нұсқаулар тым аз. Лайықты аналитикалық құралдарынсыз және тәуекелдерді тиімді басқарудың белгіленген қағидаларынсыз көгілдір мұхит жасау ісі қол жетпес қиял, ал менеджерлер үшін тым қауіпті стратегия болып қала береді. Бұл кітап көгілдір мұхиттарды жүйелі түрде іздеуге және оларды билеп алуға арналған практикалық сызбалар мен аналитикалық құралдарды ұсынады.
Date: 2015-08-15; view: 533; Нарушение авторских прав |