Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Дәріс 15. Сынып жетекшісі, оның ата-аналармен атқаратын жұмыстары





 

Сынып жетекшісі ата-аналардың педагогикалық әдептілікті мектеп оқушыларының бойына сіңіруде педагогикалық оқуды дұрыс және ғылыми түрде жүйелі ұйымдастырудың маңызы зор. Осымен байланысты жоғары сынып оқушыларына ата-аналық міндет пен құқықты арнайы курс ретінде оқыту арқылы олардың педагогикалық сауаттылығын арттыруға, сөйтіп оқушылардың бойына мейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік, келешек ата-аналық жауапкершілік сезімдерін күн ілгері ұялатуға тура келеді.

Мұғалімнің отбасымен байланыс орнатуы ең маңызды мәселе. Осыған орай, мұғалім отбасы мүшелерімен танысқаны жөн. Ерекше назар аударатын мәселенің бірі - ата-аналалардың үнемі жұмыста болуы. Сондықтан мұғалімнің кез келген уақытта ескертусіз ата-ананың үйіне келуі, түрлі ыңғайсыздық туғызуы мүмкін. Сол себепті мұғалімді ата-ана өз уақытының ыңғайына қарай отбасына шақыруы тиіс. Мұғалім отбасына келетін уақытын алдын ала белгілеп, оқушының жетістігі мен кемшілігін педагогикалық тұрғыдан дұрыс көрсетіп, психологиялық жағынан шебер жеткізе білуі тиіс. Отбасы тәрбиесін дұрыс жолға қою үшін ғылыми-көпшілікке арналған әдебиеттерді пайдаланудың маңызы зор. Дегенмен де ата-ана сынып жетекшісінің айтқан пікірін өз баласының жағымды қырларын және бала тәрбиесінде жіберілген кемшіліктерін мұқият қабылдайды. Пікірлесу барысында кейбір отбасылардың жағымды тәжірибесінен хабардар болады.

Ата-аналармен байланыс орнатудың тағы бір түрі, оларға – педагогикалық тапсырма жүктеу. Мектеп үйірмелерін жүргізу, мекен – жай аумағында клубтар ұйымдастыру, спорттық секция жүргізу, техникалық үйірмеге қатысу, түрлі көмек көрсету, т.б. жұмыстарға да араласа алады.

Мектептің материалдық базасын нығайтуға, шаруашылық жұмыстарын жүргізуге көмектесу, кабинеттерді жабдықтауға, мектептің айналасын көгалдандыруға, т.б. істерге көмектеседі. Әр ата-ананың мектепке қандай көмек көрсете алатынын сауалнама арқылы анықтауға болады.

Отбасы тәрбиесінде әр халықтың биік мұраттары, мақсаты мен тәрбие құралдары көрініс береді. Осыларды жүзеге асыру, баланың ұлттық қасиеттерін қалыптастырады. Отбасы - этникалық ортаның рөлін атқарады.

Қазақстандағы педагогика ғылымы отбасы саясатының дамуына ешқандай назар аудармай келеді. М.Тәтімовтың демографиялық зерттеулерінде, Қазақстандағы отбасының 70 пайызы бір балалы екенін көрсетеді. Міне осыдан, бір балалы отбасындағы баланы тәрбиелеу мәселесін зерттеуге көңіл бөлу қажеттігі туып отыр.

Отбасы тәрбиесінің мақсаты, ақтаратын қызметі, тәрбие құралдары халық педагогикасының негізінде дамып, рухани құндылықтармен бірге қалыптасты. Қазақстан Республикасы зайырлы мемлекет болғандықтан мектептен дін мәселесі бөлек қарастырылады. Мектепте атеистік тәрбие жүргізілсе, Қазақстан Республикасының конституциясында әр халық өкілінің өзінің мәдениеті аясындағы дінді ұстануына шек қоймайтындығы белгілі. Демек, отбасындағы халықтық тәрбиенің діни дүниетаныммен байланысына да назар аударып, имандылық, ізгілік, адамгершілік мәселелеріне жете назар аудару да өз мәнін жоғалтқан емес. Діннің ізгілікке тән құндылықтарды ұстанатыны белгілі.

Отбасы тәрбиесіндегі әке мен ананың рөлі, олардың сыйластығы мен махаббаты, мейірімділігі мен қамқорлығы, балаларына талап қоюы, олардың ата-ана, Отан алдындағы жауапкершіліктерін арттыруы, тұрмыс-тіршілікті қамтамасыз етуі, балаларының білімдік-танымын арттыруға бағытталған тәрбиелік жұмыстардың мәні мен маңызы орасан зор.

Отбасының саяси және ақпараттық мәдениетін арттыру мақсатында «Шығыс – Батыс» өркениеттерінің өзара әрекеттесуін ескеріп, саяси саналылық пен азаматтық қатынас орнатуға да мән бергені абзал.

Отбасында жүргізілетін іс-шаралар - әңгімелесу, саяси ақпаратпен таныстыру, пікірлесу, саяхат жасау.

Date: 2015-07-22; view: 1431; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию