Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Дәріс 14. Тұлғаны дамыту мен қалыптастырудағы ұжымның рөлi
Жеке тұлға мен ұжымның даму үрдісі диалектикалық байланыста болады. Тұлғаның дамуы, ұжымның даму деңгейіне, оның құрылымындағы әрекеттік және тұлғааралық қатынастармен анықталады. Тәрбиеленушілердің белсенділігі, олардың тәндік және ақыл-ой дамуы, жеке бас мүмкіндіктері ұжымның тәрбиелік ықпалына әсер етеді. Неғұрлым ұжым мүшелері белсенді болса, соғұрлым өздерінің жеке бастық мүмкіндіктерін ұжымның дамуына қолданады. Балалар мен жас жеткіншектердің шығармашылық дамуы ұжым белсенділігімен өзара байланысты. Әр оқушы қоғамдық пайдалы еңбекке өз еркімен қатыса білсе, оның ұжым ішінде алатын орны жоғары болады да, ұжымға өз тарапынан ықпал ете алады. Оның ұжымдағы орны неғұрлым жоғары болған сайын, ұжымның жеке тұлғаның өз еркімен қоғамдық әрекетке араласуына әсері күшейе түседі. Тұлғы мен ұжымның дамуы өз ара ықпалдас процесс. Адам табиғат пен адамдар арасындағы қарым-қатынастар жүйесінде дамиды. Адамның рухани байланысының ауқымы, тұлғаның қоғамдық, ұжымдық байланыстарымен бейнеленеді. Ұжымның даму кезеңдерi. Педагог оқушылар тобындағы жағдайды аңғара білуі тиіс. Оқушылар ұжымын қалыптастыру жұмысы үнемі үздіксіз жүргізіліп отыруы қажет. Ұжымының күнделікті дамып жетіліп отыруы, жеке тұлғаның қалыптасуына барынша ықпал етеді. Сондықтан да тәрбиеші ұжымның тәрбиелік деңгейін арттыруды көздеп, дамытып отыруы абзал. А.С.Макаренко ұжымның қалыптасуын үш кезеңге бөледі. Бірінші кезеңде топтағы балаларға талапты тек педагог қана қойып, олардың әрекеттері мен қылықтарын реттейді. Бұл кезеңде топ мүшелерінің нақты жауапкершіліктері анықталмағандықтан, сынып өміріне қатынастары бәсеңдік танытады. Топта қоғамдық пікір қалыптасып үлгермегендіктен жеке пікірлер орын алады. Топ құрамындағы балалар өзін топтан оқшау сезінеді. Топтың жеке тұлғаға тәрбиелік ықпалы стихиялы түрде болады. Осылай біріккен балалар тобының қалпын Л.И.Уманскийдің жіктеуі типіне қарай номиналды топ деп атауға болады. Мұндай топпен педагогтың тәрбиелік жұмыс жүргізуі күрделі және тәрбиелік нәтижесі төмен. Сондықтан, тәрбиеші оқушыларды түрлі іс-әрекеттер арқылы қызықтырып, топ аралық қатынастарды дамытып, ұяң балаларды мықтылардың жәбірлеуінен қорғап, оқушылар арасынан көмекшілер белгілеп, топпен жұмыс жүргізуді ұйымдастырады. Екінші кезеңде оқушылар тобының құрылымы анықталып, олардың жауапкершілік міндеттері бөлінеді. Біртіндеп топ ішіндегі оқушылар педагогикалық міндеттерге орай түрлі қарым-қатынасқа түсіп, жолдастық-достық қатынастары нығайып, мұғалімді қолдайтын оқушылар саны артады. Біртіндеп күнделікті оқу-тәрбие процесінде және сынып жиналыстарында, ұжым мүшелерінің қоғамдық пікірі қалыптасады. Топқа ортақ іс-әрекеттерді атқару, олардың қарым-қатынасын дамытып, қоғамдық өмірге қатысуға белсенділіктерін арттырады. Топтың жеке тұлғаға тәрбиелік ықпалы күшейеді. Осыдан бастап, тәрбиеші ұжым жұмысын бір арнаға бұрып, оны нәтижелі ұйымдастыруды көздейді. Л.И.Уманский балалар бірлестігінің осындай қалпын ассоциациялық, кооперациялық және автономиялық топтар типіне жатқызады. Тәрбиеші ұжымның бірінші және екінші даму кезеңінде жүргізетін жұмыстарын онан ары жалғастырып, белсенді топтар арқылы олардың өміріне ықпал ете бастайды. Үшінші кезеңде педагогтың тікелей басшылығы, сырттай бақылауға алмасып, балалардың өзін-өзі басқаруына мүмкіндіктер жасайды. Топ өздігінен жұмыс жүргізетін деңгейге көтеріледі. Нәтижесінде барлық оқушылар ортақ жауапкершілікті сезініп, әр қайсысы өзіне тапсырылған міндеттерін жауапкершілікпен орындап, күнделікті топ мүддесіне қызмет ету барысында олардың жолдастық-достық қатынастары нығаяды. Сөйтіп, топ жалпы мектеп өміріне қамтылады. Топ мүшелері қоғамдық пікірге бой ұсынып, өз ісіне сын көзбен қарап, оған баға беруді меңгереді. Топтың әр мүшесі ортақ мақсатты атқаруға жұмыла отырып, өз ара қолдау мен достық қатынасты сезінеді. Мұндай жағдайда топтың жеке тұлғаға тәрбиелік ықпалы жоғары болады. Топ оқушыларының осылай бірігу қалпы ұжым деп аталады. Мұндай ұжымда тәрбиеші белсенді топтар арқылы ұжым жұмысын басқарып, ұжымның жеке тұлғаны дамытып, қалыптастыруына мейілінше жағдай жасайды. Жеке тұлғаны дамытып, қалыптастыру үшін ортақ мақсатты жүзеге асыруға бағытталған іс- шаралар ұйымдастырылуы шарт. Бала мектеп табалдырығын аттағаннан бастап, өз қалауымен түрлі ұжымның мүшесі болады. Сынып ұжымына мүше болу үшін қалыптасқан қарым-қатынас ережелеріне бой ұсынады. Ұжым талаптарын орындау оның іс-әрекеттерін жетілдіреді. Ұжымның талаптарын саналы және белсенді түрде орындау, өздік ұстанымының дұрыстығын дәлелдеу, өз пікірін ортаға салу, өзгелердің пікірімен санасу тәрізді шешімдер қабылдауы қажет болады. Сонымен ұжым, ұжымдық қарым-қатынас тәжірибесін меңгеруге, кез келген басшылыққа мойын ұсынуға немесе оған байыпты түрде өз пікірін білдіруге тәрбиелейді. Ұжымдық қатынастар баланың азаматтық, ізгілік, өз еркімен іске араласу, жауапкершілік, әлеуметтік әділдік тәрізді әлеуметтік сапаларын қалыптастырады. Ұжымда әр тәрбиеленуші өз іскерлігі мен қабілетін өзгелерге белсенділікпен көрсете алады. Тәрбиешінің басшылығымен әр ұжым мүшесі атқарған іс-әрекеттерімен құрдастарының қолдауына ие болады. Өзін-өзі бағалау, өзі қол жеткізгісі келетін мақсаттарды белгілеу, өзін құрметтеу, өзін тұлға ретінде сезіну, т.б. тұлғалық сапалар тек ұжымда ғана қалыптасады. Жеке тұлғаның тұлғалық сапалары: еңбексүйгіштік, құндылық бағдары, этикалық, экономикалық, құқықтық, көркемдік-эстетикалық қырларының ұжымда қалыптасатыны түрлі зерттеулерде дәлелденген. Ұжым жеке тұлғаның демократиялық өмір принциптерін игеруіне үлкен мүмкіндіктер ашады. Демократиялық принциптер алғашында мектептегі өзін - өзі басқару ісіне араласудан басталып, түрлі қоғамдық өмірдегі іс-әрекеттерді белсенді меңгерумен іске асады. Педагогикалық ұжым қоғамға әлеуметтік сапасы жоғары балалар ұжымымен қатар, жеке тұлғаны қалыптастыруға мүмкіндіктер жасайды. Мектептегi тәрбие ұжымының құрылымы. Мектепте тәрбие жұмысын тиімді жүргізу үшін балалар ұжымының құрамын білу керек. Тәжірибе көрсеткендей жалпы мектептік ұжым 400-500 оқушыны қамтиды. Жалпы мектеп ұжымы әр оқушыға жеке тәрбиелік ықпал жасамайды. Тәрбиелік ықпал алғашқы ұжымда іс-әрекеттікк және тұлғааралық қатынасқа түсу арқылы іске асады. Оқушылардың мектептегі ұжымдық өмірін ұйымдастыру барысында алғашқы ұжымның алуан түрін қамтып, олардың кейбіреулерін тұрақты, ал кейбіреулерін уақытша қолдану керек. Алғашқы ұжым атқаратын іс-әрекетіне қарай үш топқа бөлінеді: әр түрлі іс-әрекетке негізделе ұйымдастырылған ұжым, оның құрамында оқуға негізделген ұжым да бар (сынып, жасақ, т.б.); басты іс-әрекет негізінде құрылған ұжымдар (үйірме, секция, клубтар, т.б.); ойын және мекен-жайында басқа да іс-әрекет негізінде ұйымдасқан ұжымдар. Жас ерекшеліктеріне қарай ұжымдар жас шамасы бір мөлшердегі және әр түрлі жастағы балалар ұжымы болып бөлінеді. Мектеп ұжымның тиімді тәрбие жұмысын жүргізуі үшін алғашқы ұжым түрлерін өзара үйлестіре отырып, тәрбиелік міндеттерді шешуді көздеу қажет. Балалар ұжымы нәтижелі қызмет атқару үшін оны басқарып, үйлестіретін органы болуы тиіс. Ұжымның басты органы болып тәрбиеленушілер жиналысы саналады. Шұғыл тапсырмаларды орындау үшін оқушылар арасынан белсенді топ және староста белгіленеді. Мектептегі іс-шараларды орындау үшін уақытша ұжымдық орган құрылады (кеңестер, штабтар). Олар алғашқы ұжымның тапсырмаларын жоспарлап, жүзеге асыруын басқарып, бақылауы үшін тағайындалаған және сайланған ұжым мүшелерінен тұрады. Date: 2015-07-22; view: 2399; Нарушение авторских прав |