Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Жымдағы белсендiлер тобы – ұжымды нығайту орталығы





А.С.Макаренко ұжымның тұтастығын іске асыратын орталық - белсенділер тобы деп көрсетеді. Белсенділер тобына ұжымның тапсырмасын орныдаушылар мен орган мүшелері кіреді. Белсенділер тобына жолдастарының құрметіне бөленген оқушылар қамтылуы тиіс. Мұғалім белсенді топ мүшелігіне қоғамдық тәртіп бұзушы балалардың кіруіне жол бермеуі тиіс.

Белсенді топ педагогикалық жұмыстың мынадай түрлерін жүргізеді: ұжым мүшелеріне олардың міндеттері мен құқықтары туралы түсінік береді; күнделікті ұжымдық жұмыстың стратегиясын анықтауға көмектеседі; өзара тәжірибе алмасады; орындалған тапсырманы бақылап, баға береді. Белсенді топтың жұмысын мейілінше пайдалану арқылы ұжым мүшелерінің үйлесімді қарым-қатынасын, қалыптасқан дәстүрін сақтап, нығайтуға болады.

Ұжымның даму заңдылықтары. А.С.Макаренко ұжым қалыптасуының бірінші параметрі - педагогтың ұжымға қатаң талап қоюынан басталып, онан кейін әр ұжым мүшесі, өзіне талап қоя білуіне алмасуы тиіс деп көрсетеді.

Ұжым дамуының бірінші кезеңінде тәрбиеші тәрбиеленушіге қатаң талап қойып, оның орындалуын талап етсе, екінші кезеңінде ұжым талаптарын іске асырушылар - белсенділер тобы болса, үшінші кезеңінде тәрбиеленушілерге өзін-өзі басқару жүйелері талап қояды.

Қазіргі кезеңде ұжымның дамуына басқа көзқарас қалыптасты (Л.И.Новикова, А.Т.Куракин, т.б.). Бұл пікір бойынша ұжымның қалыптасуына ықпал ететін талаптармен қатар, басқа да тәрбие құралдары да қамтылады. Осыған орай, Л.И.Новикова ұжым дамуының үш кезеңін ажыратады: ұжымды біріктіру; ұжымды тәрбие құралына айналдыру; ұжым әлеуметтік тәжірибені түзетуші және әр тәрбиеленушінің шығармашылығын дамытушы.

Соңғы жылдары педагогикада даму деңгейлері жоғары, бірлестікке ұмтылған, кіріктірілген іс-әрекетке бейім, ұжымдық бағытта топтасқан адамдарды ұжым деп атау тенденциясы орын алуда (Я.Л.Коломинский, А.В.Петровский, Л.И.Уманский).

Топтың ең басты сапасы - оның әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан жетілуі. Жоғары деңгейде жетілген топ жаңа сападағы әлеуметтік топқа айналады.

Л.И.Уманский топтың әлеуметтік-топтық жетілуіне қарай, оны үш блокқа бөліп қарастырады:

Қоғамдық блоктың әлеуметтік құрылымының құрамдас бөлігінің бағыты, ұйымдасуы мен даярлығына қарай, топ өмірінің идеологиялық, басқарушылық және іскерлік қырын айтуға болады. Топтың бағыты белгілеген өмірлік мақсатында, атқаратын іс-әрекетінде, таңдаған құндылық бағдарында, идеологиялық санасында қалыптасқан әлеуметтік құндылықтарынан көрінеді. Топтың мықтылығы, өзін-өзі іс жүзінде тиімді басқаруымен сипатталады. Топтық іс-әрекет әр топ мүшесінен білім, білік, дағдыны және топтасып қызмет атқару тәжірибесін қажет етеді.

Тұлғалық блок құрылымының құрамдас бөлігі - зияттық, эмоциональдық және еріктік қарым-қатынас белсенділігінің бірлігі, яғни тұлға санасының үш қыры, топтың өмірге белсенді араласуына мүмкіндік береді. Зияттық қарым-қатынас – тұлғааралық түсіністік пен ортақ тіл таба білу, зияттық ақпарат алмасу, жалпы ұстанымдарын анықтау, топтық шешім қабылдау. Эмоциялық қарым-қатынас - тұлғааралық байланыстардан туатын топ мүшелерінің көңіл-күйі, топтың басыңқы көңіл-күйі, эмоциялық күш-қуаты. Эмоция топ өмірінде маңызды орын алады. Еріктік қарым-қатынас топтың түрлі кедергілер мен қиындықтарға қарсы тұруы, төтенше жағдайларға төтеп беру қабілетін білдіреді.


Жалпы сипаттағы блоктың (кешенділік, микроклимат, референттік, көшбасшы, топішілік және топаралық белсенділік) топ өміріндегі орны.

Топтың іс-әрекетін психологтар жан-жақты зерттеген. Кешенділік – топ мүшелерінің бірлігі, тұтастық өлшемі, ал егерде кешенділік болмаса, топ ажырап кетеді (А.Н.Лутошкин, А.В.Петровский, В.В.Шпалинский, т.б.); микроклимат - әр тұлғаның топта өзін үйлесімді сезінуі, топ ішіндегі өзінің орнына көңілінің толуы, өзін жайлы сезінуі (А.В.Лутошкин, А.А.Русалинов, т.б.); референттік - топ мүшелерінің топтық эталонды қабылдау дәрежесі, оны топтық құндылықтармен жақындастыру (Е.В.Щедрина); көшбасшы – топтың міндеттерін жүзеге асырудағы, жекелеген тұлғалардың топқа белсенді ықпалы (Е.М.Зайцева); топ ішілік белсенділік - топ мүшелерінің белсенділігі (Л.И.Уманский); топаралық белсенділік - бір топтың басқа топқа, мәселен бір сыныптың басқа сыныпқа әсері (А.И.Кузнецов, В.С.Агеев).

Оқу-тәрбие ұжымы – ұйымдастырылған топ, олай болса, топ мүшелері ортақ құндылықтар мен мақсатқа жету іс-әрекеттерімен бірігіп, өздері үшін маңызды, тұлғааралық қатынастарда тұлғалық және әлеуметтік мәнді істермен араласады.







Date: 2015-07-22; view: 2433; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию