Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Дәріс 10. Адамгершілікке тәрбиелеудің мәні мен мазмұны





Қоғамдағы кез келген адамның іс-қимылына үнемі адамдар тарапынан баға беріліп немесе сынға алынып отырады. Оны бір сөзбен мораль десек те болады. Мораль дегеніміз салт, мінез-құлық, ереже. Кейде мораль ұғымын этика немес әдептер жүйесі деп те атауға болады. Философияда этика ғылымы моральды зерттейді. Адам өз сенімі мен іс-қимылын қоғамдағы моральмен үйлестіре білсе, онда оның адамгершілік деңгейі туралы айтуға болады. Адамгершілік – қайырымдылық, адалдық, шыншылдық, еңбексүйгіштік, тәртіптілік, ұжымшылдық, жеке басқа тән мінез-құылықтарын реттей білетін сапа мен қасиеттерді біріктіретін тұлғалық сипат.

Адамның іс-қылықтары белгілі ережеге бағынады. Егер ондай ережелер болмаса, кез келген адам қылығының жағымды немесе жағымсыз екенін анықтау қиын болар еді. Сондықтанда, ортақ сипаты бар ережелер адамгершілік қалыптары деп аталады. Қалып - кез келген жағдайда адам не істеу керек деген ереже немесе талап. Адамгершілік қалып адамды алдын ала өрескел әрекеттен сақтандырып немесе жақсы, ұнамды әрекертке бағыттауы мүмкін. Қоғамдағы адамгершілік қалыптар адамның қоғаммен, ұжыммен, басқа адамдармен ара қатынасын анықтайды.

Қалыптарқатынастарға топтастырылып (кәсіби, ұлтаралық, т.б.) адамгершілік принциптерге бағынады. Мәселен, әр ұлт өкілдерінің қарым-қатынасы белгілі принциптерге негізделеді.

Мораль түсінігі жалпы барлық қарым-қатынастар жиынтығын қамтиды, оны барлық жағдайда, түрлі жердегі қарым-қатынастарда басшылыққа алады. Оларды адамгершілік ұғымдары деп атайды. Оған жақсылық, шындық, парыз, намыс, қадыр-қасиет, бақыт ұғымдары жатады.

Қоғам өмірдегі мораль талаптарын қабылдай отырып, адамгершілік идеал түсінігін қолданады, яғни адамгершіліктің үлгісі, оны үлкен-кішілер тегіс пайдалы, ойға қонымды, әдемі санайды. Белгілі бір әлеуметтік топқа қатысты адамдар, моральдық қалыптар, себептер, ұғымдар, идеалдарды қоғамдық адамгершілік сана формасы ретінде қабылдайды. Мораль қоғамдық сана формасы ғана емес, сонымен бірге жеке тұлғаның адамгершілік санасының да формасын бейнелейді, адамға рухани адамгершілік және өздік ерекшеліктері, сезімдері тән. Әр тұлғаның жеке басына тән сезімдері қоғамдық санамен жетіліп отырады. Әр адамның қабылдаған принциптері, қалыптары, идеалдары, ұғымдары сол адамның басқаларға, өзіне, еңбегіне, табиғатқа қатынасын білдіреді.

Оқушылардың адамгершілік мәдениеттін қалыптастыру мазмұнына төмендегі қатынастарды қалыптастыру енеді.

Басқа адамдармен гуманистік, яғни ізгі қатынас құру - оларды құрметтеу, өзара көмек көрсету, ұжымшылдық, отбасында үлкендер мен кішілерге қамқор болу, мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру, т.б. гуманды қатынасты, яғни адамшылықты білдіреді. Жеке тұлғаның өзіне деген қатынасы - қоғам алдындағы жауаптылығын ерекше түсіне білу, өз қадыр-қасиетін білу, қоғамдық парызын орындау сезімі, тәртіпке бой ұсыну, адалдық, шыншылдық, қарапайымдылық, парақорлық пен жемқорлыққа қарсы тұру, үлкендерді құрметтеу және басқа да моральдық-еріктік сапалар. Еңбек пен оқуға қатынасы – қоғам игілігіне адал еңбек, қоғамдық сана, қоғамдық игілікті сақтау, оқуды тыңғылықты, жауапты деңгейде меңгеру, еңбекті шығармашылықпен атқару, өз еңбегі мен өзгенің еңбегінің маңыздылығын бағалау, қоғамдық мүлікті сақтау. Табиғатқа қарым-қатынасы – табиғат байлықтарын үнемді пайдалану, табиғатты қорғау және сақтау, оны бүлдіруге жол бермеу.


Адамгершілік және мінез-құлық мәдениетіне тәрбиелеу үшін педагогикалық процесте адамгершілік мәселелерін білуге және барлық істерде оны сақтауға оқушыларды бағыттау қажет. Оқушыларға мәдени дағдыларды игеруге тәрбиелеубарысында адамдар арасындағы қарым-қатынас, сөйлеу мәдениетін меңгерту де маңызды.

Оқушылардың адамгершілік мәдениетінің негіздері мектеп, отбасы, қоғам арқылы дамып, жетіліп отырады.

Гумандылықты тәрбиелеу. Гуманизм (латын сөзі - адамгершілік) дүниетаным принципі. Оның негізіне адам мүмкіншілігінің шексіздігіне, өзін-өзі дамыту қабілетіне деген сенімі мен ерік бостандығын, абыройын қорғау, адамның бақытқа жету жолындағы құқығы мен оның барлық сұраныстарын қамтамасыз ету қоғамның түпкілікті мақсаты деген мұрат жатады. Гуманизм XIV-XVI ғ.ғ. қоғамдық ой-пікірде, әдебиетте, өнерде, ғылымда алдыңғы қатарлы прогресшіл идеялық ағым ретінде қалыптасқан. Бертін келе адамды барынша ардақтайтын, адамгершілік қасиеттерін, бас бостандығын қорғайтын біртұтас көзқарастар жүйесіне айналды.

Гумандылық адамды құндылық ретінде екі қырынан қарастырады, бірінші қыры - әр индивидтің табиғи өмірінің және екінші қыры - әлеуметтік тұрғыдан қоғамда атқаратын қызметі мен оның тұлғалық сапасының дамуы.

Гумандылықжеке тұлғаның адамгершілік-психологиялық қасиеттерінің бірлігі, адамды жоғары құндылық деп саналы қабылдауы мен сезіну қатынасын білдіреді.

Гумандылықтұлғаның сапасы ретінде өгелермен және тұлғааралық қарым-қатынаста қалыптасады. Тұлғаның бұл сапасына рахымдылық, достық, адамға дер кезінде көмекке келу, адамға мейірімділік көрсету тәрізді қасиеттер жатады. Рефлексия - басқа адамның мұқтаждығы мен көңіл-күйін сезіне білу, оның орнына өзін қойып, оның басынан өткен жағдайды сезіне білу, ол қиналғанда демеу көрсету. Толеранттық - өзгенің ой-пікіріне, сенімі мен қылықтарына төзімділік таныту.


Гумандылықты тәрбиелеу түрлі іс-әрекеттер мен тұлғааралық қатынастарда іске асады. Оқушы өзгелердің жеке басындағы түрлі жағдайларға түсіністікпен қарап, жолдастарының көңіл-күйімен бөлісе білуі тиіс. Оқушының басқалардың басына келген жағдайларға қаталдық танытуы мен бейжай қалып көрсетуі тәрізді жағдайлар, үнемі мұғалімнің назарында болуы керек. Мұғалімнің гуманитарлық кәсіби мәдениеті оқушыларда гумандылық сапаны тәрбиелеумен бірге, оны үнемі оқушылармен қарым-қатынаста қолдана білуі шарт. Ұстаздың оқушыға гуманды қарым-қатынасының тәрбиелік ықпалы өте жоғары болады. Сонымен қатар оқушылармен моральды-өтикалық ағарту жұмыстарын да жүргізуі қажеттігін назардан тыс қалдыруға болмайды.

Гумандылық, яғни адамшылықты тәрбиелеудің басты жағдайлары ұжымдық оқу жұмысы мен қоғамдық пайдалы еңбекке оқушыларды үнемі қатыстыру, әсіресе, біріне-бірі қамқорлық, көмек көрсететін, әлсіздерді қорғайтын ситуацияларды жиі пайдалануды қарастыру керек. Тәрбие барысында жақсылық пен жамандық, абстрактілі және практикалық гуманизм, әлеуметтік әділеттілік пен әділетсіздік туралы пікірлер, оқушылардың адамдар қарым-қатынасындағы гуманистік принциптерді түсінуіне мүмкіндік береді. Гуманистік дүниетаным жалпыадамзаттық сипатқа ие.

 







Date: 2015-07-22; view: 2352; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию