Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Дәріс 11. Оқушыларды еңбекке тәрбиелеу және оларға кәсiби бағдар беру





 

Баланы еңбекке тәрбиелеу отбасынан басталып, мектепте еңбектің қарапайым міндеттері жайлы түсінік қалыптасады. Еңбек адамның психикасы мен адамгершілік түсініктерін қалыптастыратын құрал болып табылады. Еңбек ету оқушылардың табиғи ақыл-ой және дене қызметінің қажеттілігіне айналуы тиіс. Еңбек тәрбиесі оқушылардың политехникалық дайындығымен тығыз байланысты. Политехникалық білім беру техника, технология және өндірісті ұйымдастыру туралы білім қалыптастырады; оқушыларды жалпы еңбекке қажетті білім, дағдылармен қаруландырады; еңбекке шығармашылық қатынас қалыптастырады; келешекке қажетті мамандық таңдауға көмектеседі. Сонымен политехникалық білім беру еңбек тәрбиесінің іргесін қалайды.

Жалпы білім беретін мектепте еңбек тәрбиесінің мынадай міндеттері жүзеге асырылады:

§ еңбек - өмірдегі ең жоғары құндылық екенін санаға сіңіру және еңбек етудің жоғары әлеуметтік мотивтерін қалыптастыру;

§ білімге танымдық қызығушылығын арттыру, еңбекке шығармашылық қабілеттілік таныту, білімін тәжірибеде қолдана білу;

§ жоғары моральдық сапалар қалыптастыру, еңбексүйгіштік, парыз бен жауапкершілік, алға қойған мақсатты кәсіби біліктілік, адалдықпен орындау;

§ ақыл-ой және дене еңбегінің мәдени дағдыларымен қаруландыру.

Еңбек тәрбиесінің мазмұны алға қойылған міндеттер арқылы шешіледі, жергілікті жердің шаруашылық-экономикалық жағдайымен және мектепте қалыптасқан дәстүр негізінде іске асырылады. Еңбек тәрбиесінің мазмұнына еңбектің мынадай түрлері қамтылады.

Оқу еңбегі ақыл-ой және дене еңбегінен құралады. Ақыл-ой еңбегі қажырлы күш-қуатты, төзімділікті, ыждахаттылықты талап етеді. Күнделікті ақыл-ой еңбегігіне әдеттену, басқа еңбек түрлерін меңгеру үшін де маңызды. Еңбек пәні оқу бағдарламаларында шеберханаларда, мектеп учаскелерінде дене еңбегімен шұғылдану ескерілген. Дене еңбегі барысында балалардың адамгершілік, ұжымшылдық, өзара көмек көрсету, адамдарды және еңбек нәтижесін құрметтеу қасиеттері пайда болады.

Қоғамдық пайдалы еңбек ұжым мен жеке тұлғаның қажеттілігіне қарай ұйымдастырылады.Отбасындағы және мектептегі еңбек түрлері (тұрмысқа қажетті еңбек, сыныпты және мектеп ауласын тазалықта ұстау, ағаштар мен гүлзарларды күту, демалыс кезіндегі бау-бақшада, құрылыста атқарылатын жұмыстар).

Өнімді еңбек оқушылардың материалдық құндылықтар өндіруге байланысты еңбек қатынастарына араласуы. Өнімді еңбекке араласу барысында оқушының кәсіби біліктері, бейімділіктері, қажеттіліктері дамып, экологиялық түсініктер мен ұғымдарды меңгереді. Өнімді еңбекті ұйымдастыратын жағдайлары бар мектептер, оқушыларды материалдық құндылықтар өндіруге қамти алады.

Еңбек тәрбиесін ұйымдастырудың педагогикалық жағдайлары. Еңбек тәрбиесін нәтижелі ұйымдастыру үшін педагогикалық жағдайлар қарастырылуы керек.

Оқушылардың еңбегін оқу, қоғамдық-пайдалы және өнімді еңбек мақсатын көздейтін оқу-тәрбие міндеттеріне үйлестіру керек. Осындай еңбек түрлерінде оқушы білік пен еңбек дағдыларын тәжірибеде қолдануды үйренеді. Еңбек тәрбиесінің міндеттері отбасында, үйірме жұмыстарында қосымша білім мекемелерінде жүргізіледі.

Қоғамдық мәні бар еңбекті, оқушы қызығушылығын ескере отырып, бірге қарастыру керек. Жеке басы, отбасы, қоғам үшін атқаратын еңбегінің пайдасын түсінуі тиіс. Еңбектің маңызын түсіндіру, олардың жас ерекшеліктеріне, жеке бас қызығушылықтары мен қажеттіліктеріне сәйкес жүргізіледі.

Атқарылатын еңбек баланың әл-қуаты мен күшін ескеруі қажет. Шамасы келмейтін жұмыстан нәтиже күтуге болмайды. Ондай жұмыс оқушылардың өзіне деген сенімін төмендетеді. Дейтұрғанмен де, атқарылатын жұмыс олардың шамасы келетін күш-қуатын жұмылдырып, өз қабілеттері деңгейінде орындалуы тиіс.

Еңбекті атқару үшін талап қою, шарт, өйткені бастапқы кезде балалар барлық қызығушылығымен жұмысқа кіріскенмен де, тез жалығады. Тәрбиешінің мақсаты бастаған жұмыстың нәтижесіне жету үшін бірқалыпты жүйелі жұмыс жасауға қалыптастыру. Сынып ұжымы әр ұжым мүшелерінен нәтижелі жұмысты талап етуге құқылы.

Ұжымдық және жеке бастық еңбек формасын үйлестіру. Оқушылар кішігірім топта, ұжымда бірімен-бірі түсіністікте еңбек етуге және жеке міндеттерін сапалы және дер кезінде орындау жауапкершілігі жүктелуі шарт.

Еңбек тәрбиесі оқу еңбегінің щығармашылық белсенділігі мен нәтижелілігін, азаматтық және адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуының іргетасын қалайды.

Оқушыларға кәсіби бағдар беру. Мектеп үнемі оқушыларға мамандық таңдауға көмектеседі. Оқушыларға кәсіби бағдар беру ХХ ғасырдың 60 жылдарынан басталады. Педагогтар мен психологтар оқушыларға кәсіби бағдар беру теориясы мен әдістемесін терең зерттеді (А.Е.Голаншток, Е.А.Климов, П.П.Костенокв, А.Д.Сазонов, В.Ф.Сахаров, С.Н.Чистякова, т.б.).

Кәсіби бағдар беру оқушы жастарға болашақ мамандығын анықтауға көмек көрсететін әлеуметтік-эконмикалық, психологиялық-педагогикалық, медициналық - биологиялық, өндірістік-техникалық жүйелерді негіздеп түсіндіру. Дұрыс таңдалған мамандықтың, оқушының қызығушылығы мен қабілетіне сәйкес келуі, болашақта оған қуаныш пен қанағат сезімін сыйлайды.

Таңдаған мамандықтың әлеуметтік маңызы қоғам талаптарына сай абыройлы, шығармашылық сипатта және материалдық жағынан жоғары болуы құнды.

Заман ағымына қарай қоғамда түрлі мамандыққа сұраныс өзгеріп отырады, солай болған жағдайда да, оқушылардың өз қажеттіліктері мен қабілеттеріне сай, мамандық таңдауға дер кезінде ақпараттық көмек беру керек.

Оқушы жастарға кәсіби бағдар беру жүйесі мынадай құрылымнан тұрады: кәсіби ағартушылық, кәсіби диагностика, кәсіби консультация, кәсіби таңдау, кәсіби бейімділік.

Кәсіби ағартушылық жұмыс оқушыларға әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктер туралы білім туралы және сол мамандыққа қажет психогиялық-физиологиялық талаптармен таныстыруы тиіс. Оқушыларды шаруашылық пен өндіріске, түрлі жеңіл өнеркәсіп салаларына қажетті мамандықтармен таныстыру жұмысы жүргізіледі. Мектеп пен ата-аналар бірігіп, оқушылардың дұрыс мамандық таңдауына белсенді түрде түрткі тудырып, мамандық таңдауға жан-жақты көмек көрсетуі қажет.

Кәсіби диагностикалық жұмыс арнайы мамандардың жастардың таңдаған кәсібіне жарамдылығын белгілі әдістер арқылы тексеруі. Онда жоғары нерв жүйесінің ерекшеліктері, ден-саулығы, қызығушылығы, мотивы, құндылық бағдары, мамандық таңдаудағы басты ұстанымы ескеріледі.

Кәсіби консультация арнайы мамандардың (психолог, педагог, дәрігер) кеңес беруі, таңдаған кәсібіне қойылатын талаптармен, жеке басынан талап етілетін ерекшеліктермен таныстыру.

Кәсіби таңдау жеке тұлғаның еркімен өзіне қажетті мамандықты таңдауы. Жоғары оқу орындары мен арнайы оқу орындарының оқуға түсушілерге және қызметке қабылданушыларға қояатын талаптарына сай болуы.

Кәсіби бейімділік жас маманның кәсіби қызметке араласуына, өндіріс жүйесіне, еңбек ұжымына, жұмыс жағдайына, мамандықтың ерекшеліктеріне бейімділігі. Адамның бейімділік сапасы мамандықтың дұрыс таңдалғанын көрсетеді.

Оқушыларға кәсіби бағдар беру құрылымдары бірімен-бірі тығыз байланысты. Мектептің әр сатысында оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай жүргізілетін кәсіби бағдар беру еліміздің түрлі саладдағы жетістіктерінен оқушыларды хабардар етіп, өмірдегі өз жолын табуға көмектеседі.

 

Date: 2015-07-22; view: 2733; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию