Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Дәріс 12. Эстетикалық тәрбие беру ерекшеліктері
Эстетикалық мәдениетті қалыптастыру – жеке тұлғаның айналадағы сұлулық пен өнерді толық және дұрыс қабылдау қабілетін дамыту процесі. Ол көркем бейнелер, көзқарастар мен сенім, сезім және талғам жүйелерін дамытуды көздейді. Оқушылардың бойындағы сұлулық, нәзіктік сезімдерін жетілдіріп, ұсқынсыздық пен төмен деңгейдегі талғамдардан жоғары тұруын қалыптастыру және өнер туралы өзінің білімін үнемі байытып отыруды іске асыру. Бала өмірінің эстетикасы. Адам бойындағы сұлулық сезімі оның еңбек әрекетінен көрініп тұрады, өйткені ол әрекет арқылы өзін және айналасын өзгеріске түсіреді. Адамның сұлулыққа деген қатынасы еңбек барысында пайда болады. Еңбек барысындағы қимыл-әрекеті мен рухани қызметінен адамға пайдалы, қажетіне жарайтын әсем дүние жасалады, яғни еңбек арқылы жеке тұлғаның эстетикалық талғамының негізі қалыптасады. Бала еңбектен тез жеріп кетпеуі үшін, оның атқаратын жұмысының қоғамдық мәні жоғары тұрғыдан түсіндіріліп, ептілік қимыл-әрекетпен, аз уақыт аралығында көтеріңкі көңілмен әсем нәрсе жасалуы шарт. Дене әрекетінің үйлесімді қимылы оқушының ішкі дүниесінде рухани сұлулықты тудырып, белгілі екпін, епті қимыл-әрекет арқылы өз еңбегінің нәтижесін көріп, қуанышқа бөленуі тиіс. Еңбектің нәтижесін бала үлкен эстетикалық құндылық деп қабылдап бағалайды. Оқу барысында түрлі сабақ мазмұны арқылы оқушы эстетикалық сезімге бөлінеді. Мәселен, математикадан есеп шығару негізінде үйлесімділік жатыр. Оқушылардың мұғаліммен және өзара қарым-қатынасы, үлкен-кіші арасындағы адамгершілікке негізделген қатынастары да балалардың эстетикалық талғамына, нәзік сезімін оятады. Отбасындағы қарапайым, мейірімсіз, қатал қарым-қатынас бала жүрегін жаралайды. Балаларға әділ талап қойып, адамгершілік қатынас құру, жоғары эстетикалық талғам мен моральдық сезімді, ар-ұят, намысты дамытады. Баланың тәрбиелік ортасы, оқитын және үйдегі сабақ даяарлайтын орны эстетикалық тұрғыдан жабдықталуы, оның сұлулық сезімінің дамуына ықпал етеді. Оқушылар кез келген тәрбиелік ортада: мектепте, үйде, бос уақыттарын өткізетін, тынығатын орындарында үнемі әсемдікті сезінуі тиіс. Сондықтан да оларды сыныпты, мектепті, пәтерді эстетикалық тұрғыдан жабдықтауға қатыстырудың маңызы зор. Табиғатты эстетикалық тұрғыдан қабылдау. Табиғат тұнып тұрған сұлулық, ол адамның сезімін, бақылағыштығын, қиялын оятып, адам бойындағы адамгершілік қасиеттерін арттыра түседі. Табиғат сұлулығын сезіну, адамның адамгершілік қатынасын қалыптастырады. Табиғат - қоғамдық моральдың көрсеткіші болмаса да, баланы адамгершілік қатынасқа, үйлесімділік, сұлулық, үнемі жаңаруды сезінуге, табиғи заңдылыққа бағынуға, онымен үйлесім табуға, түрлі формалар мен бедерлер, табиғи бояаулар мен дыбыстар оқушының ішкі сезімін оятып, әсемдікті түсінуге, оны сүюге баулиды. Баланың табиғаттағы шынайы әсемдікті тануы, табиғаттың байлығын, үйлесімділігін қорғап сақтай білу сезімі сұлулықтың өміршеңдігін түсінуге, ал табиғатты бүлдіру ұсқынсыздыққа, апатқа әкелетінін саналы меңгереді. Эстетикалық тәрбие жаратылыстану пәндерін оқыту барысында, табиғат құбылыстарын бақылау арқылы қалыптасады. Табиғат аясына экскурсия, серуен құру, оқушылардың сұлулықты қабылдау сезімін, қиялын, бейнелі ойлау қабілетін арттырады. Тәрбиешілер оқушының эстетикалық сезімі мен талғамын оятып, жетілдіру үшін жазушылардың табиғат сұлулығын бейнелейтін көркем шығармалары мен өнер туындыларын кеңінен қолданауының маңызы ерекше. Мәселен, көркем шығармалардың ішінен табиғат сұлулығын суреттейтін мәтінді тауып оқу, өздері ұнататын табиғат туралы көркем материалдарды жазып алу, табиғат мезгілдерін суреттеу, табиғат аясындағы өзінің іс-әрекетіне мән беріп ойлану, табиғатты қорғау, табиғат сұлулығын сезініп, оны өлең, шығарма, сурет арқылы бейнелеу. Табиғатқа эстетикалық қатынас орнатуға әңгіме, конференциялар ұйымдастыру үшін, түрлі табиғат туралы көркем шығармаларды пайдалану. Мысалы, «Ұлылардың әсемдік жайлы ұлағаты» деген тақырыпта дәріс, баяндама жасауға болады. Ә.Қастеевтің «Көкшетау», «Бурабай» картиналарын таныстырудың тәрбиелік мәнін кеңінен қолдану. Эстетикалық мәдениетті өнер құралдары арқылы қалыптастыру. Адамның көркемдікті қабылдау қабілеті өнер арқылы мейілінше жетіледі. Кез келген өнер адам еңбегінен туындап, кейінгі тарихи даму барысында материалдық өндірістен ажырап, арнайы іс-әрекет түріне бөлініп, қоғамдық сананың бір формасы ретінде дамыды. Өнер адамның болмыс шындығына деген эстетикалық қатынасын бейнелейді. Мектептегі өдебиет, музыка, бейнелеу өнері пәндері көркемдіктің негізін қалайды. Педагогикада жеке тұлғаның өнер құралдары арқылы эстетикалық дамуын көркемдік тәрбиесі деп атайды. Көркемдік тәрбиесі тікелей өнер туындыларына сүйене отырып, адамның сұлулықтың түрлі қырын қабылдай білуге тәрбиелейді. Әр адам кәсіби суретші немесе өнер танушы, зерттеуші болмаса да, өнер туралы белгілі көлемде түсініктері болуы тиіс. Әдеби көркем шығармаларды оқу, оны сезіну үшін оқушының оқу мәдениетін арттыру қажет. Оқушылар әдебиет сабақтарында көркем шығармалардағы кейіпкерлерді көзге елестете отырып, олардың мінез-құлқындағы ерекшеліктерді сезініп, сан-алуан әрекеттерінің төркінін түсініп, оларды ой елегінен өткізіп, сипаттама беруге үйренеді. Әдеби көркем шығарманы оқу мәдениетін меңгеру барысында, оқушы оқыған шығармасы туралы ойланып, оның неге үйрететінін, қандай көркем құралдар арқылы жазушы оқырманның сезіміне терең әсер еткенін түсінеді. Оқушылардың көркемдік талғамының артуы, оларды эстетикалық әрекетке бағыттап, әсемдікті өмір бойы сезінуге дағдыландырып, оны өмірде қолдануға бейімдейді. Кез келген шығарманы баяндау барысында оқушы өз ойы мен сезімін қоса отырып, кейіпкердің көңіл-күйін суреттейді. Осындай кішігірім сезімдік дағдылар арқылы оқушы сезімі мен талғамы жетіліп отырады. Жас буынды өнер сүюге баулуда айырықша орын алатын – айтыс. Айтыс өнердің ақындық мектебін қалыптастырады. Бүгінгі айтыскерлік дәстүрді таныту, оның тәрбиелік мәнін түсінуге оқушыларды тәрбиелеу. Оқушылардың айтысын өткізудің, жеңіл тақырыптарды жырлауға баулып, сөз өнеріне, шешендікке тәрбиелеудің ұлттық ақыл-ой жүйесіне ықпалын қолдану. Сөз өнері, сөз құдыреті, тіл тазалығы, көркемсөз туралы оқушылар түсінігін қалыптастырып, мәнерлі таза, мәдениетті сөйлеуге, шешендік өнер мен ақындыққа бейімдеудің маңызын түсіндіру. Қазақ халқының көне музыкалық аспаптарымен таныстырып, домбыра, қобыз, шаңқобыз, жетіген, керней, адырна, тұяқтас, дауылпаз, сазген, асатаяқ, дабыл, уілдек, шартылдауық, дүңгіршек секілді аспаптарының ұлттық және фольклорлық болып екі топқа бөлінетінін түсіндірген жөн. Қорқыт ата есімімен, Кетбұғының “Ақсақ құлан” күйімен, Т.Молдағалиевтің “Боз інген” поэмасының аңыздар мазмұнымен байланысты тууы, оларды балар жүрегіне жеткізудің тәрбиелік мәніне тоқталуға болады. Қазақтың әйгілі күйшілерінің тарихтағы, мәдениеттегі орны. Асанқайғы, Қазтуған, Байжігіт, Абылайхан, Махамбет, Боғда, Тәттімбет, Құрманғазы, Дәулеткерей, Абыл, Қазанғап, Дина, т.б. күйшілік өнерімен таныстыру. Құрманғазы атындағы Мемлекеттік халық аспаптары оркестірінің мәдени өмірдегі орнын, оны ұйымдастырудағы А.Жұбановтың еңбегі. Жырау, сал-сері, суырып салма ақын туралы балалар түсінігін тереңдетудің қажеттігі. Музыкалық тәрбиенің негізі - хормен ән айту арқылы ерлік және лирикалық сезімді дамытуды, музыкалық талғам, ес-жады, үйлесім, ән айту дағдысы мен көркемдік талғамды қалыптастыруды қамтиды. Мектептегі ең басты нәрсе - оқушыларды музыкалық шығармаларды тыңдауға және алғашқы музыкалық сауаттылыққа үйрету. Жас ұрпақты көркем мәдениетке тәрбиелеу бейнелеу және сәулет өнері арқылы да дамытылады. Бейнелеу өнері оқушылардың көркемдік ойын, шығармашылық қиялын, көргенін есте сақтау, кеңістікті қабылдау, бейнелеу қабілеттерін дамытады. Ол үшін балаларға бейнелеу сауаттылығы мен сурет салу, сұңғат, мүсіндеу, қолданбалы-қол өнерімен айналысу дағдыларына үйрету көзделеді. Шындықты бейнелеу үшін оқушы қолданатын материалдың сапалық жағы, түсі - сызбасы-көлемі, жарық рең бере білу, ырғақ, форма, пропорция, кеңістік, композиция тәрізді көркемдікті бейнелейтін құралдарды қолданады. Педагогикалық процесте ұлттық бейнелеу өнер туындыларымен бірге басқа халықтардың озық үлгідегі көркем туындыларымен таныстырып, суретшінің көркем ойын түсіну, көркем мазмұн мен оны бейнелеу формасының байланысын, көңіл-күйге ықпал ететін көркем туындыларға сұлулық қатынасын тәрбиелеу. Өнер туындыларының өміршеңдігін оқушылардың санасында қалыптастыру үшін түрлі тақырыптар көлемінде, мысалы, Қ.Телжанотың «Бүркітпен аңға шығу», М.Қисамединовтың «Махамбет» картиналары, Х.Наурызбаевтың «Құрманғазы» атты мүсіні, Құрманғазының «Кішкентай» күйлерімен Х.Ерғалиевтің «Күйші» поэмасымен таныстыратын тәрбие сағаттарын белгілеуге болады. Сабақтан тыс уақыттағы оқушылардың эстетикалық мәдениетін қалыптастыру жұмыстарын ұйымдастыруда әңгіме, дәріс, дөңгелек үстел, мәдениет университеті, өнер қайраткерлерімен кездесу, т.с.с. Музыкалық фонотека жинақтау, қазақ өнер шеберлерінің түрлі саладағы музыкалық шығармаларын жинақтау, оларды тыңдау, түрлі өнер саңлақтарының шығармашылық өмірімен танысу, олардың ерекшеліктерін білу. Ерлік пен лирикалық музыкалық әндер арқылы балалардың рухын шыңдап, олардың эстетикалық мәдениетін арттыру жүзеге асырылады. Кино, теледидар, бейне фильмдерді оқушылардың тәрбиесінде педагогикалық тұрғыдан басшылық жасап, эстетикалық мәдениетін жетілдіруге болады. Сонымен, эстетикалық тәрбие тұтас педагогикалық процестің құрамды бөлігінің бірі ретінде оқушының эстетикалық мәдениетін қалыптастырып, өз өмірін сұлулыққа негіздей білуге үйретеді. Date: 2015-07-22; view: 2568; Нарушение авторских прав |