Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Дәріс 9. Патриоттық және құқықтық тәрбие беру ерекшеліктері
Патриоттық тәрбие тұлғаның сапалық қасиеті ретінде өз Отанын сүюді, оған жанын аямай қызмет етуді білдіреді. Ұлтаралық қатынастардағы жоғары мәдениет үлгісі, ол интернационалистік сезім, оған барлық халықтардың теңдігі мен өзара әрекеттесуі жатады. Интернационализм ұлтшылдық пен шовинистікке қарсы. Патриоттық тәрбиеде өз Отаны мен отандастарын құрметтеу мен сүю идеясы жатыр. Ал интернационализм – басқа халықтарды, мемлекеттерді құрметтеу және солармен ынтымақтастықта болуды білдіреді. Патриоттық тәрбие мен ұлтаралық қатынастарды қалыптастыру үшін оқушыларды өз Отанының мүддесіне қызмет етуге, отан тарихы мен мәдениетін, салт-дәстүрін құрметтеуге, отбасын, туған жерін сүюге тәрбиелейді. Отанын қорғауға әрқашанда даяар болуды, басқа халықтардың дәстүрі мен мәдениетін білу және құрметтеуді білдіреді. Патриоттық тәрбие Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін: елтаңба, ту, ән-ұран мен басқа да мемлекеттердің белгілерін білуге, оларды құрметтеуге тәрбиелейді. Патриоттық, елжандылық пен интернационалистік тәрбие гуманитарлық және жаратылыстану пәндері арқылы жүргізіледі. Осы пәндік циклдардың мазмұнында патриоттық тәрбиеге қатысты материалдар алынуы тиіс. Өз елінің табиғатын сүю, тарихын құрметтеу оқушының көңіл-күйіне әсер етіп, Отанға деген сүйіспеншілігін арттырады. Ұлтаралық қатынастар мәдениетін меңгеру үшін оқушылар түрлі халықтардың әр саладағы жетістіктерінен хабардар болып, белгілі ғалым, конструктор, жазушы, суретші, өнер адамдарын білетін болады. Азаматтық тәрбие Қазақстан Республикасының экономика, саясат, мәдениет, ғылым саласындағы жетістіктерін білуге, оны мақтаныш ету сезіміне бөлейді. Құқықтық тәрбие және балалар арасындағы тәртіп бұзушылықтың алдын алу. Құқықтық тәрбиенің мақсаты оқушы санасына құқықтық қалыптарды орнықтырып, оларды күнделікті өмірінде қолдана білуге тәрбиелеу. Жеке тұлға бойында кездесетін кемшіліктер мынадай тізбекпен көрінуі мүмкін: тұлғаның адамгершілі-еріктік кемшіліктері мен қате ұғымдырының санада тұрақты орнығып, көзқарас пен әдетке айналуы; қоғамға қарсы мақсатты түрде және белгілі құрал арқылы өзі ғана қалайтын әрекеттерді таңдауы; адамгершілік-құқықтық санасының қалыптан тыс өзгеруі; тәртіп бұзу; үнемі тәртіп бұзу; үнемі тәртіп бұзушылық әрекет ету; қылмыс жасау. Тәртіп бұзу әрекетіне бейім оқушының санасында орныққан білімі, қызығушылығы, қажеттілігі, адамдар мен әлеуметтік құндылықтарға қатынасы дұрыс қалыптаспайды. А.С.Макаренконың пікірі бойынша “Сананың дұрыс қалыптаспауы - әлеуметтік құбылыс, ол әлеуметтік қатынастардың, бір сөзбен айтқанда тұлға мен қоғам және тұлға талаптары мен қоғам талаптарының арасындағы қатынастардың бұзылуынан болады.” Оқушы санасындағы адамгершілік пен құқықтық түсініктерінің қалыптасуы отбасынан бастау алады. Отбасында кездесетін келеңсіз істер және көрер көзге жақсы көрінетін кейбір отбасыларда, біреуден пайда көздеу, амалын тауып пайда түсіру тәрізді теріс қылықтар орын алады. Осындай отбасында белең алған ахуал баланың еңбекке деген теріс көзқарасын қалыптастырып, жеңіл жолмен табыс табуға бағыттайды. Өз қажжеттілігін кез келген амалмен қамтамасыз ету үшін, мұндай отбасыларда тәрбиеленген бала сөзсіз қылмыстық әрекетке барады. Биресми топтардағы балалардың пікірі кез келген бала үшін маңызды болады. Сондықтан тәрбиеші биресми топтағы балалардың әрекетін қоғамдық құндылыққа бағыттау маңызды. Date: 2015-07-22; view: 2286; Нарушение авторских прав |