Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Дәріс 8. Тәрбиенің құрамдас бөліктері мен мазмұны
Жастарды адамгершілікке тәрбиелеу дегеніміз – олардың бойында болуға қажетті ізгі қасиеттерді сіңіру. «Адамгершілік – мінез-құлық дағдылары мен әдеттерін қалыптастыру, адамгершілік сезімдерді дамыту, моральдық сананы мақсатты бағытталған түрде қалыптастыру немесе мінез-құлық дағдылар мен әдеттерді, мінез білімдерін, моральдық қасиеттерді қалыптастыру процесі. Адамгершілік тәрбиесі – мақсатқа негізделген көзқарасты, сенімді, парасатты, мінез-құлық дағдылары мен әдеттерді қалыптастыруға және адамгершілік сезімді, ұлттық сананы, қарым-қатынасты дамытуға бағытталған жалпы адамзаттық тәрбиенің құрамдас бөлігі. Негізінен алғанда, адамгершілік тәрбиесін үш түрлі – функционалдық -әлеуметтік, теориялық және практикалық салада қарастырған дұрыс. Адамгершілік тәрбиенің әлеуметтік қызметі болашақ ұрпаққа жинақталған тәрбиені жеткізу болса, теориялық аспектісі білім саласын теориялық жағынан қамтамасыз ету болып табылады. Ал оның практикалық қызметіне адамгершілік тәрбиесі бойынша жұмыс мазмұны мен әдістемесін жетілдіруді жатқызуға болады. Қазақ Ұлттық инциклопедиясында: «адамгершілік – адам бойындағы гуманистік құндылық, әдеп ұғымы (кісілік, ізігілік, имандылық тәрізді ұғымдармен мәндес)»деген түсінік беріледі. Қазақ тілінің сөздігінде: «адамгершілік тәрбиесі – ізгілікке, инабаттылыққа баулудың жолы» деп түсіндіреді. Ал Ж.Ж.Руссоның тәрбие принципі – адамгершілік және еркіндік. Оның ойынша, балаа әрқашан өз іс-әрекеттерінде еркіндңкті сезінуі тиіс. Оның талаптарын ол талап қойып жатқандықтан емес, оған керек болып жатұандықтан орындау керек, яғни адамгершілік тәрбиесі – ол жүрек тәрбиесі, жүрек, эмоция, жақмылыққа деген сүйіспеншілік, адамгершілік тәрбиесінің қасиеті ретінде Ж.Ж.Руссо адамдермен араласуды айтады.В.Г.Белинский мен А.Герцен адамгершілікке тәрбиелеудің жаңа жүйесін ойлап тапты. Бұл жүйе:әділеттілік, ұлтын сую, басқаларға жанашырлықпен қарау. В.Г.Белинскийдің әділеттілігінің басты ерекшелігі оның адам ар-намысын балағаттауды көргендегі аяныш сезімінен байқалады, оның пікірінше, адамның халқына, жұртына деген сүйіспеншілігі – бүкіл адамзатқа деген махаббаты. Адам капиталы теорияның негізін қалаушыларды бірі Т.Шульцтің пайымдауынша, «егер білім қоғамға, өндіріске әсер етсе, мұның өзі ел экономикасы үшін өте маңызды, яғни ол – капитал формасы», демек, адамның, қоғамның дамуы тікелей қоғамға байланысты. Ал экономикалық тәрбиенің мақсаты – қоғам сұранысын қанағаттандыратын экономикалық сана қалыптастыру. Экономикалық тәрбиеде жастардың ұлттық кіріс, қаржы, еңбекақы, өзіндік құн, пайда, ақша және т.б. ұғымдардың мәнін түсіне отырып, өзіндік тұрғыдан іс-әрекет жасауға даяр болулары көзделеді. Экономикалық білім мен тәрбие арқылы жеке адамдардың экономикалық мінез-құлқы қалыптасады. Тұлғалар арасындағы экономикалық қатынастардың дамуы және сандық тұрғыда артуы білім беру қызметі рыногын қаржыландыру ерекшелігіне негізделеді. Тұлғаны тәрбиелеу мен білімдендіруде маңызды рол атқаратын – құқықтық тәрбие мен білім. Құқық – қоғамдағы ең маңызды және негізгі қатынастарды реттейтін, қоғамға пайдалы, қажетті қатынастардың дамуына жол ашып, қорғап, ал қоғамға зиянды қатынастарды шектеп, тыйым салатын құрал. Құқықтық нормалар мен ережелері адамдардың іс-әрекеттері мен мінез-құлықтарының қоғамдық мүддеге, белгілінген ережеге, қабылданған заңдарға сай болуын талап етеді. Құқықтық тәрбиенің мақсаты – жас ұрпақты қоғамның заңдары мен нормаларын бұлжытпай орындау сыйлауға елін, жерін оның байлығын қорғауға тәрбиелеу. Ол үшін: - жастарға мемлекет, оның құрылымы, құқық және құқықтық нормалары туралы білімдерді меңгерту; - мемлекет рәміздерін, заңдарын сыйлау мен қорғауға тәрбиелеу; - өмір сүру дағдыларын заң, ережелерге сай құрасыруларын дағдыландыру; - адам және оның құқын, таңдауын құрматтеуге үйрету қажет. Жоғары мектептегі тәрбие жұмыстарының бағыттары рухани-адамегершілік, қоғамдық-саяси және құқықтық, патриоттық және ұлтаралық, мәдени эстетикалық және этномәдени, парасаттылық, ақыл-ой, ғылыми-зерттеушілік, экологиялық, экономикалық, салауатты өмір салты тұрғысында іске асырылады. Оларды қысқаша қарастырып көрелік. Рухани адамгершілік. Маманның рухани-адамгершілік мәдениеті оның жеке тұлға ретіндегі табысты түрде өз іс-әрекеттеріне іске асырылатын әлеуметтік мәні бар қасиеттер жүйесінің жетілуінен және дамуынан көрінеді. ЖОО осы бағытта мақсатты, жоспарлы тұрғыдан мамандардың адамгершілік бейнесі мен дүниеге көзқарасын қалыптастырады. Қоғамдық-саяси және құқықтық. Маманнық қоғамдық-саяси және құқықтық мәдениеті оның өмірге белсенді көзқарасымен идеялық-саяси көзқарастары мен сенімдерімен, Қазақстан Республикасының заңдары мен заң актілерін білуімен сипатталады. Осы мақсатта студенттермен оларға қоғамдық өмір туралы, оның дамуы туралы, қазіргі заманның күрделі мәселелерін түсіндіруге, саяси-мәдениет қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар (дәрістер, әңгімелер, кештер және т.б) жүргізілуі тиіс. Патриоттық және ұлтаралық. Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы ұлттық санасын, отанға сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік рәмізді, тілді құрметтеуге, толеранттыққа тәрбиелеу көзделеді. Мәдени-эстетикалық және этномәдени. Бұл бағытта жеке тұлға бойына қажетті мәдени құндылықтар ақпарат жүйелері, кітапханалар, жетекші мамандар, барлық саладағы оқытушылар арқылы сіңіріледі. Парасаттылық. Бұл тәрбиенің мазмұынына адамның бүкіл танымдық қызметтерін дамыту арқылы парасатты дамыту енеді: түйсік, қабылдау, ес, ойлау, қиял, сөйлеу сияқты психикалық процестер; тәрбиешілердің жеке парасаттылық қабілеттерін және танымдық мүмкіндіктерін дамыту; студенттердің санасын сның шығармашылық әлеуетін қалыптастыру. Ақыл-ой тәрбиесі. Білім алу мен оқыту арқылы іске асырылады. (пікірсайыс, ойын, дебет және т.б.) Ғылыми-зерттеушілік. Алдымен студенттер теориялық білімдерін практикалық тұрғыда қолдануға машықтанады. Оқу барысында олар ғылыми–зерттеу жұмыстарын іске асырады. Студенттерді ғылыми-зерттеу жұмыстарына баулу арқылы олардың ғылыми-зерттеу мәдениеті қалыптасады. Экологиялық. Экологиялық тәрбие саласында жалпы ақпараттандыру мен студенттердің техникалық білім алуымен қатар қоршаған ортаны қорғауды басқару және экологиялық саясатты жасау мен оған белсене қатысу саласындағы түрлі оқуларды іске асыруға баса көңіл аударылады. Экономикалық. Экономикалық тәрбие жүйесі студенттердің екінші кезектегі жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу, ЖОО қызметінегі жұмыс орнын анықтау, кәсіпкерлік және коммерциялық бірлестіктерін ұйымдастыру бағытында жүргізіледі. Салауатты өмір. Студенттердің денсаулығының кепілі де салауатты өмір салтын ұстануларынан басталады. Қоғамда дені сау адамды тәрбилеуде бұл тәрбиенің орны ерекше. Ол белгілі орындарда, яғни спорт алаңдарында, сауықтандыру орындарында іске асырылады. Date: 2015-07-22; view: 4641; Нарушение авторских прав |