Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Дәріс 7. Тәрбие жұмысын ұйымдастыру формалары





 

Мектепте ұйымдастырылатын тәрбие жұмысының негізгі формасы – сынып немесе тәрбие сағаты. Сынып сағаты оқушылардың дүниетанымын, мәдениетін, іс-әрекетін қалыптастырады. Сынып сағаты ағартушылық, бағыттаушылық, болжамдық және қалыптастырушылық қызмет атқарады.

Тәрбиенің ағартушылық қызметі оқыту формаларының түрлі жүйесінде іске асырылатын жетекші идея мен әрекет түрлерін, білім жүйесі мен дүниетанымды меңгеруге, біліктер мен дағдылардың қалыптасуына көмектеседі. Тәрбиенің ағартушылық қызметі оның болжамдық қызметімен тығыз байланысты. Болжамдық қызмет оқушыларда өмір шындығына белгілі бір қарым-қатынас орнатуға, рухани және материалдық құндылықтар жасауға талпындырып, оларды бағалай білуге үйретеді. Тәрбие формасының бағыттаушылық қызметі оқушылардың өмірін тәжірибелік әрекетке бағыттайды. Нақты бағытты белгілеудің тәрбиелік ықпалы жоғары болады, ол оқушының мінез-құлқын жетілдіре түседі. Қалыптастырушылық қызмет тәрбие формасының алдыңғы аталған қызметтерінің іске асырылуымен байланысты, атқаратын ісін ойланып іске асыруға, өз өміріне керекті құндылықтарды бағалай білуге, өзгелермен тіл табысуға, өз пікірін дәлелді жеткізуге тәрбиелейді.

Сыныптық-сабақтарда басты екі мәселе қарастырылады. Оқушылардың апта бойындағы оқу үлгерімдері, тәртібі, қоғамдық істері, бірімен-бірінің қарым қатынасын қарастыратын сынып жиналыстары мен әр аптада атқарылатын тәрбиелік шаралар.

Сыныптан және мектептен тыс жүргізілетін тәрбие жұмыстары да сынып немесе тәрбие сағаттары деп аталады. Онда түрлі мәдени, сәулет орындарын тамашалауға, табиғат аясына, өзіне жақын айналасындағы өндіріс және шаруашылық орындарымен танысуға, т.б. шараларға кеңінен қамтылады.

Сынып сағаты белгілі жоспарға байланысты нақты белгіленген уақытта өткізіліп отырады.

Біртұтас педагогикалық процестегі оқыту мен тәрбие формаларының ортақ түрлері бар. Дәстүрлі формалары: сабақ, дәріс, әңгіме, экскурсия, дәстүрлі емес формалар: конференция, пікірталас, саяси хабарлама, дөңгелек үстел, оқырмандар конференциясы, тақырыптық конференция, баспасөз конференциясы, конкурстар, т.б.

Мектептегі тәрбие формаларын сынып жетекші ұйымдастырады. Сынып жетекшілік – ерекше ұйымдық форма, ол орта мектептегі әлеуметтік және психологиялық өзгерістерге қарамастан дәстүрлі түрде қалыптасты және дамыды. Сынып жетекшісінің қызметі әр баланың жеке дамуына қамқорлық және жеке қабілетін неғұллым дамытуға әсер ету қажет болатын тәрбие үрдісінде туындайды.

Сынып жетекшісінің кәсіптік мақсаты топтың тіршілік әрекетін әр түрлі топтың әрекетін ұйымдастыру, жалпы адамзаттық, әлеуметтік, жеке өмірін ұйымдастыру. Осы міндеттерді орындаған кезде сынып жетекшісі балаға әлеуметтік-психологиялық тәрбиелеу қалай әсер ететінін аңғарады. Ол баламен жеке түзету және педагогикалық көмек көрсету мақсатында жұмыс істейді.

Сабақтардың әр түрлілігін, балалардың дүниемен байланасын, топтың оқу-даму деңгейін сынып жетекшісі бақылайды. Сынып жетекшісі мектептегі құндылықтарды сақтауға және оларды ұлғайтуға баулиды. Балаларды дене шынықтырумен, түрлі жарыстарға қатысуға, көркемдік өнермен айналысуға үйретеді. Мектептің отбасылармен жүргізілетін барлық жұмыстары ұжымдық және дербес болып екі топқа бөлінеді.







Date: 2015-07-22; view: 7072; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию