Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Келушілердің 8 белгісі
Енді екінші ғажап: 12 қыркүйек 2008 жылы кешкі сағат 5-тен 22 минут өткенде жүретін Қостанай поездына, Қарағандыға барып кітаптарымды өткізіп келу үшін билет алдым. Қайтар билетім 13. 09. күнгі кешкі 9-дан 45 минут өткенде жүретін Астана-Алматы поезды. Менің бір ерекшелігім жазған қолжазбамды өзім компьюторға бірден түсіріп, баспаға бергеннен кейін, осы кітаптарымды чемоданға, рюкзакка салып алып, арқалап жүріп таратамын. Көбінесе желілі бизнес жөнінде өтетін жиын (конференция) болатын жерлерде жақсы өтеді, себебі білім іздеген оқырмандар осындай жиындарға үзбей қатысады. Кітап дүкендеріне аз ғана мөлшерін өткіземін. Барған жерімде кітаптарымды талап алып кетеді. Түс кезінде, мөлшері 12-ден аса, жолға дайындалып жатқанмын, ұялы телефоныма хабарлама (сообщения) келіп түсіпті, ашып қарадым. Таң қалғанымнан сілейіп тұрып қаппын, себебі осы кітаптың негізін жазып болған бетім еді. Хабарламада: «Бұл әулиелер батасы. Жортқанда жолың болсын. Жолдасың Қыдыр болсын» деген сөйлемдерді оқыдым. Хабарлама жіберген адаммен хабарласып білсем, Аякөз қаласында тұратын «Тяньши» коорпорациясында істейтін, 60-тан асқан, имандылық жолымен жүретін, адамгершілігі мол, бойында тылсым қасиеті бар Тұрсынбай Ахметбаев деген танысым екен. Ол кісі менің қайда кетіп бара жатқанымды білмейді, себебі өте сирек хабарласамыз. Содан Түкеңе хабарластым, сіз мына хабарламаны қалай жібердіңіз деп. Ол кісі айтады: «Өзімнен-өзім отырып автоматты түрде жазып жібердім, қалай болғанын түсіндіріп айта алмаймын. Біреулер түрткілеп жаз-жаз деп тұрғандай болды». Әулие бабалардың әруақтары, сонау 700 шақырым жерде жатқан Тұрсынбай Ахметбаев деген азаматтың ұялы телефоны арқылы менің сапарыма жол тілеп, баталарын бергендеріне күмән, шек келтіре алмай қалдым. Себебі, мұнда тұрған ешқандай құпия, тылсым жоқ. Бәрі де белгілі бір заңдылыққа бағынады. Заттың өздігімен қозғалуы үшін үш нәрсе керек. Ол әлемдік тоқ, медиум (сұңқар мен аққу) тоғы және әруақтың тоғы. Әруақ әлемдік тоқты жинап, медиумның тоғымен қосып затты жандандырады. Әлемдік тоқ өте нәзік болғандықтан, оны затқа енгізу мүмкін емес. Ол үшін соған сәйкес затталған нәзік дене керек. Бұл нәзік дене тек тәндегі рухта, яғни адамдарда ғана бар. Сондықтан, әруақ әлемдік тоқты затпен байланыстыратын нәзік денені тек адамдардан ғана алады. Сонан кейін ғана әруақ әлемдік тоқ пен аққу не сұңқардың (медиум) тоғын қосып затқа енгізіп, өзінің нәзік денесімен жанданған затты қозғалтып, оның қозғалысын басқара алады. Бұл жерде киелі әулие бабалардың әруақтары – Тұрсынбай Ахметбаевтың нәзік денесінің тогы мен әлемдік тоқты қосып, оны ұялы телефонға кіргізіп өздерінің нәзік денелері арқылы Тұрсынбай мен телефонды басқарып, маған хабарлама арқылы өздерінің тілектерін, баталарын берді. Үшінші ғажап: «Кімде кім менің сүннәтімнен қырық хадисті жаттап алып таратса, мен оны (Алла тағаладан күнәсін кешіруін сұрап алатын адамдардың қатарына қосар едім) өз шарапатыма кіргіземін». Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)
Кітаптың негізгі бөлігін жазып болғаннан кейін, сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) кітаптағы хадистерін санасам тұп-тура 40 болыпты. (Соңынан бірталай хадистерді кітапқа кіргіздім). Мені бір тылсым күштің компьюторда жазу жазғанда бақылап, бағдарлама беріп отыратынын бұрыннан сезіп жүретінмін, осы кітапты жазу барысында олардың қасымда тұрғанын, әр сөзімді қалт жібермей қадағалап, ойыма қажетті сөздер мен сөйлемдер ұйқасын түйдек-түйдегімен салып отырғанын бар болмысыммен сезіп отырдым. Ұйықтағанда мені біреу түрткілеп оятқандай болады, сонан соң қолма-қол жұмысқа кірісемін. Таңғы 3-тен кешкі сағат 21-ге дейін тапжылмай отырамын, шаршау, әлсіреу деген мүлдем болмайды. Тың қалпымда қалай отырдым, солай тұрамын да, қолма-қол ұйықтауға жатамын. Басым жастыққа тиісімен-ақ қатып қаламын, ұйқым сәбидікі сияқты. Компьютордың алдында 17...18 сағат жұмыс істеймін. Тылсымнан өзіме қуаттың да құйылып жатқанын сеземін. Кітап жазу барысында 40 күн тамақ ішпеймін. Ішетінім ыстық суға дәмін келтіріп бал, лимон салып ыстық күйінде, ұрттап-ұрттап ішемін. Артынан «Таң» сусынын. Барлық кітаптарымды жазғанда осы әдісті ұстанамын. Осы 40 күннің аралығында бір кітапты қиналмай-ақ жазып бітіремін. Алла жолында өз нәпсісіне қарсы келетін адам әулие. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)
40 күндік ашығуды жер бетіне келген пайғамбарлардың бәрі ұстаған. Сол уақытта оларға әлемнің тылсым сырлары ашылып, ғарыштан рухани азық алып, осы ілімді адамзат баласына жеткізген. Өз басым 40 күндік: өзім ойлап тапқан әдіспен ашығуды ұстағаныма бірнеше жылдар болды. 40 күндік ашығуды ораза айларына қабаттастырамын. Бұл жөнінде өзімнің 50 күндік ашығуды қалай ұстағаным, 2006 жылы басылып шыққан «Жасару құпиясы» кітабында кеңінен баяндалады. Өзіңіз де 40 күн ашығып: тәніңізді, рухыңызды, жаныңызды тазалап көріңізші, тазаланған сайын тылсым дүние сізге құпиясын аша түсіп, өзіңіз де әруақтармен, ғарыш әлеммен байланысқа түскеніңізді бар болмысыңызбен сезе бастайды. Тылсым дүние де, фәни әлем де – белгілі бір заңдылыққа бағынады. Осыдан кейін қалай ғана тылсым дүние, әруақтар жоқ деп күмандануға бола ма? Фәни әлеммен бақи әлемнің өзара тығыз қарым-қатынаста емес деп қалай айта аласыз?! III Бөлім: Абайтанушы Досым Омаровтың болмыс сырлары туралы толғаулары Бір сағат білім іздеу, үйрену түні бойы намаз оқып шыққаннан артық. Бір күн білім үйрену үш ай ораза тұтқаннан да артық. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)
– Досым Қайырбекұлы, Абай мен Шәкәрім ілімін зерттеу жолына қалай түстіңіз? – Мен әуелі не себептен Абай, Шәкәрім мұрасын зерттеуге кіріскеніме тоқтала кетейін. Жас кезімнен бері мені болмыс сырлары толғандыра беруші еді. Ал рухани ізденіс жолына түскеннен кейін Абай мен Шәкәрім тәрізді ғұламалар маған бірте-бірте кеңінен ашыла бастады. Мен Абай, Шәкәрім ілімінде салауатты өмір сүру үшін адамға керектінің барлығы барын түсіндім. Сондықтан, Абайдың, оның шәкірті Шәкәрімнің ілімдерін толығырақ ашып, оны халық игілігіне айналдыруға ат салысуды, олардың ұлылығын көрсетуді өзімнің міндетім деп санап, өзіме өмірлік мақсат етіп қойдым. Ол үшін ұлы Абай мен Шәкәрім тұлғасына ақын, не болмаса ағартушы-моралист ретінде бұрынғы қалыптасқан көзқараспен қарау жеткіліксіз болды. Мен бұларды бүкіл адамзат деңгейіндегі жоғары дамыған рухани ұстаздар ретінде қабылдап, олардың рухани мұраларын осы тұрғыдан зерттей бастадым. Осылай олардың рухани мұраларына жаңаша көзқарас туды. Жаңа нәрсенің бірден қабылданбайтыны белгілі. Мен өз зерттеулерімде Абай мен Шәкәрімнің Алла тағалаға, адам болмысына деген бұрын ғалымдар назарынан тыс қалған тұстарға зер салдым. Сол арқылы бүкіл болмысқа ортақ жалпы заңдылықтарды көрсетіп, оларға жұрттың назарын аударуға ұмтылдым. Абай мен Шәкәрімге бұрынғы атеистік көзқарастың ықпалымен қарап, ескіше дағдыланып қалған кейбір зерттеуші ғалымдарға бұл ұнамай, тосын көрініп, олардың арасында менің еңбектерім бірден қолдау таппады. Мені абайтанудан шеттету, өзіме қарсы қудалау әрекеттері ұйымдастырылып кетті. Өз басыма түскен бұл тосын уақиғаларды Алла тағаланың жіберген сынағы ретінде бағалап, сабыр сақтадым. Сонымен бірге, алған рухани білімнің арқасында мен үшін маған қарсы ұйымдастырылып жатқан әрекеттердің себептері ешқандай құпия емес еді. Бұл маған тағдырдың әділеттілігіне сеніп, сабыр сақтап, жұмысымды әрі қарай жалғастыра беруге мүмкіндік берді. 2008 жылы «Шәкәрімнің үш анығы» және «Шәкәрім шыңы» атты дүниетанымдық кітаптарды жазып, нәзік әлемде әруақтардың бар екенін нақтылы рухани және ғылыми тұрғыдан дәлелдеуге ұмтылдым. Қазақстан Республикасының Ұлттық академиясының, Ресей ауыл шаруашылық ғылымдары академиясының, Украина аграрлық ғылымдар академиясының академигі, биология ғылымдарының докторы, профессор Рақым Алмабекұлы Оразалиевпен сұхпат:
– Құдайға шүкір еліміз, экономикамыз қарқынды дамуда, бастапқыдай емес: «қолы қимылдағанның аузы да қимылдап жатыр». Бізге ендігі жетіспейтіні тек осы рухани ілім мен ұлттық идеология ғана. Осыны дұрыс жолға қоя алсақ көптеген келеңсіздіктерден құтылар едік. Тек қана бір мысал: егер де біз Алланы тануды, Оның Жоғарғы Тұлғасын оқып үйренуді, бүкіләлемдік әділеттілік қарымта заңын, рухани әлемнің, нәзік бақи әлемнің, фәни әлемнің айырмашылықтарын, әруақтардың кімдер екенін т.б. табиғат заңдылықтарын Абай, Шәкәрім ілімі арқылы халқымыздың жүрегіне ұялатып, осы идеяны іс жүзіне асыра білсек – жемқор да, парақор да, қылмыс та, маскүнем мен бәңгішілер (наркомандар) өзінен-өзі азайып, көпшілік ел-жұрт имандылық жолына түсіп, өздерінің еңселерін езіп басып тұрған тұрмыс тауқіметтері мен созылмалы сырқаттарынан құтылып, жалғыз бастылар жұбын тауып, бала жоқтары сәбилі болып бақытты өмір жолына адаспай түсер еді. – Рақым Алмабекұлы, сіз ұлттық идеология жайында жақсы айттыңыз. Жаңа нәрсенің бірден қабылданбайтыны белгілі. Досым Омаровтың өз зерттеулерінде Абай мен Шәкәрімнің Алла тағалаға, адам болмысына деген бұрын ғалымдар назарынан тыс қалған көзқарастарына зер салғанын көре білдіңіз. Сол арқылы бүкіл болмысқа ортақ жалпы заңдылықтарды көрсетіп, оларға жұрттың назарын аударып ашып айттыңыз. Абай мен Шәкәрімге бұрынғы атеистік көзқарастың ықпалымен қарап, ескіше дағдыланып қалған кейбір зерттеуші ғалымдарға бұл ұнамай, тосын көрініп, көп дау тудырды. Сонымен бірге, фәни өмірдің пенделеріне тән көре алмаушылық, қызғаншақтық, мансапқорлық тәрізді ұнамсыз қылықтарға түрлі саяси ағымдар қосылып мәселені мүлде ушықтырып жібергенін де дөп басып, біліп отырсыз. Әсет Ризаұлы, «Білмегенге үйрет, жерге соқаны салып сүйрет» демеуші ме еді дана халқымыз. «Еңбегі жоқ ғалым – ыстығы жоқ жалын» дегендей, өздері жаза алмайды, жазған адамды көре алмайтын көкіректері көр соқыр, қызғаншақ, көре алмайтын кейбір «абайтанушылардың» байбаламының кімге қажеті бар? Осындай ерекше, «Абайдың рухани мұрасы», «Шәкәрімнің үш анығы» және «Шәкәрім шыңы» т.б. ғажайып кітаптарды жазған Досым Қайырбекұлын тек қазақ халқы ғана емес, бүкіл әлем халықтары мақтаныш тұтатын күн туар. Тіршілік болса бұған да екеуміз куә болып, адамзатпен бірге қуанатын боламыз. – Әсет бауырым, осы жөнінде алысқа бармай-ақ өзіміздің досымыз, әрі алдында үшеуміз бірігіп жазған «Жасару құпиясы» атты кітаптың авторларының біреуі Досым Қайырбекұлының Абай, Шәкәрім ілімі арқылы, қазақ баласында ешкімнің тісі батып көрмеген: Жаратушының Жоғарғы Тұлғасы, Құдай туралы ілімді қазақ тілінде алғаш рет өте түсінікті тілде өзінің «Абайтану» және «Абайдың рухани мұрасы», «Шәкәрімнің үш анығы» және «Шәкәрім шыңы» атты еңбектерінде жазғанын екеуміз де жақсы білеміз. Жасыратыны жоқ, осы Досыммен танысқалы теология іліміне де сусындап, Жаратушыны толығырақ танып-білдік десек қателеспейтін шығармыз. Кезінде Досым Қайырбекұлын дұрыс түсінбеушіліктен, немесе басқа себептердің ықпалымен болған қарсылықтар және жазғандарын сынға алып, тіпті, философия ғылымдарының докторы атағын алу үшін жазған дайын диссертациясын да қорғатпай тастағанын да ел білмесе де, екеуміз жақсы білеміз. Досым Омаров жазған абайтану тарихындағы алғашқы "Абайтану" кітабы институттың ғылыми кеңесінде талқыланып, қолдау тапқаннан кейін жиырма шақты ғалымдардың жақсы пікір жазып, оқу министрлігі оны оқу құралы ретінде бекітіп, оқулықтар шығаратын арнайы "Мектеп" баспасынан он екі мың данамен 2002 жылы басылып та шықты. Осыншалықты қолдау көріп, оқу құралына қойылатын барлық шарттарға сай жарық көруіне қарамастан бұл кітап туралы бүкіл теледидар, газет-журнал беттерінде сонша шу көтеріліп, бірнеше айлар бойы басылмай қойғаны, әрине, бұл – таңқаларлық көрініс. Ал сол шуды ұйымдастырып жүрген адамдардың кітапты оқымағандары, ал кейбіреулерінің көрмегендері мен үшін тіпті таңқаларлық жағдай. Әсет, сенесің бе, сенбейсің бе, Абай әруағына қарсы шығып жүргендерін білмей, Досымның жазғандарын қаралап жүргендердің барлығы да Алла тағаланың кәріне ұшырап, өздеріне тиесілі жазаларын алды. Осының өзі болмыс үйлесімділігін қорғайтын әділет заңдылығының, яғни, қарымта заңының бір көрінісі емес пе?! Естеріңізде болсын! Жаратушының қанатының астында жүрген қасиетті адамдармен, не болмаса олардың әруақтарымен ойнауға, тиісуге болмайды! Әруақтардың киесі атады! Әсет Ризаұлы, өзің білесің, марқұм Шыңғыс Айматов екеуміздің дос болғанымызды. Енді осы Шыңғыс Айтматовтың «Абайтану» кітабы туралы өзінің маған білдірген жеке пікірін айта кетейін. Досым Омаровтан «Абайтану» кітабын бір қырғыз азаматтары сұрап алып оқып шыққан соң, өздеріне қатты ұнағаннан кейін, әлемге әйгілі өздері пір тұтатын бәйкелері – заңғар жазушы Шыңғыс Айтматовқа апарып беріпті. Ұлы жазушымен кездескен бір сәтімде ол менен: «Рахым Алмабекұлы, философ-теолог Досым Омаров бауырымызды білесіз бе?» – деп сұрады. Мен айттым: «Досымды білмек тұрмақ – Досым, шәкіртім Әсет үшеуміз бірігіп «Жасару құпиясы» атты кітап та жазғанбыз» дедім. Сол кезде ол таңырқаған түрмен маған қарап: «Рақым Алмабекұлы, бұл кітап абайтану саласын жаңа рухани деңгейге көтерген еңбек екен. Осы еңбекті кейбір қазақ ғалымдарының дұрыс бағалай алмай жүргендері рас па?» деді. Мен күмілжіп үндей алмай қалдым. – Рақым Алмабекұлы, Досым бауырыңыз туралы Абай мен Шәкәрімді өте терең түсінетін кейбір жазушылардың пікірін білгіңіз келе ме? – Әрине. – Өзіңіз жақсы білетін әлемге әйгілі спортшы: соғыс шайқастарының төрт түрінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Ресей Федерациясының әскери әуе-десант күштерінің бұрынғы офицері Саяуыш Қасабаев бауырымызға ұлтымыздың әйгілі бір жазушысы кездескен бір сәтінде былай депті: «Сенің ағаң Досым Омаров қазіргі заманда Абай мен Шәкәрім сияқты алыптарға жете қабыл данышпан» депті. Рахым Алмабекұлы, осы пікір Досым Қайырбекұлына халқының оған берген бағасы тәрізді. – Әсет бауырым, менің ойым да, айтар пікірім де, Досым бауырымның жазған еңбектеріне деген көзқарасым да осы еді.
Date: 2015-07-22; view: 681; Нарушение авторских прав |