Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Шатын тәлеңкенің мені бақылауы, болған әсері





Енді осы ұшатын тәлеңкенің мені қолдарына түсірмекші болып қалай аңдығанын айтып берейін. Бұл оқиға 1992 жылы қараша айының басында болды. Үлкен қызым Айнұр Семейде оқуда, жұбайым қызыма барып келемін деп сонда кеткен. Қайтар күні үйге телефон шалып: «ертең мені автобустан күтіп ал», – деді.

Біздің үй ауылдың шетінде, сондықтан автобусты аялдамадан емес айдаладан күтесің. Тосып алатын жерім ауыл шетінен бір шақырымдай, Қытайға баратын күре тамыр жолдың бойында, қарағаш өсіп тұрған қазақ зиратының маңы. Семейден шыққан автобус таңғы төрт пен бестің аралығында келеді.

Сол күні түнгі үш жарымда оянып, асықпай жәймен аяңдап зират маңына келдім. Ызғарлы қара күздің басталған шағы, Қараша айы, күздегі қалың жаңбырдың басталған уақыты. Жиын терімді бітіп «ух!» деп терең дем алып жүрген кезім. Түн көзге түрткісіз, қап-қара. Жер бауырлай ұшы-қиыры жоқ қорғасын өңдес сұр бұлттар жөңкілуде. Бірақ бұлттардың ар жағынан ай көрініп тұр. Ойымда ештеме жоқ, темекімді тұтатып аспанға қарап бұлттың көшкенін қызықтап қарағашқа сүйеніп тұрғанмын. Бір уақытта ай екеу болып кетті, жалмажан көзілдірігімді алып сүртіп жіберіп, көзіме бірдеме елестеп тұр ма деп, қайта қарадым. Жоғарғы кәдімгі ай орнында қозғалмай тұр, ал әлгі айым дыбыссыз ақырын ғана бірте-бірте төмендеп келеді. Жарығы күндізгі жарық сияқты, бір уақытта менің төбеме келіп асылып тұрып алды. Орнынан қозғалмайды, бір орнында тапжылмай тұр. «Бұл не сұмдық?!», – деп ойлап үлгергенімше, тіпті шөгіп маған қарай төніп келе жатыр. Өзім андай-мұндайдан ыға қоймайтын жігіт сияқты едім, қорыққанымнан жол бойындағы қалың қарағаштың ішіне қалай сүңгіп кеткенімді өзім де аңғармай қалдым. Бүк түсіп отырып ішімнен білетін дұғаларымды оқып жатырмын: «Ара-тұра а Құдай, Өзің сақтай гөр!», – деп Жаратушыға жалбарынып қоямын. Әлгі пәле кететін емес, бір уақытта жарықтарын ойқастатып мені іздей бастады. Дымымды шығармай қарағашты құшақтап, жерге жабысып мен отырмын. Жарты сағаттан астам уақыт өтті, мен де өзіме-өзім келе бастадым. Төбем күндізгідей жарқырап тұр, бір уақытта жеті түрлі жарық түсіре бастады, осы жарық басқа жаққа шашырап кетпейді де, тура мен тығылып отырған қарағашқа бағытталған. Жүрегімді тоқтатып өзіме-өзім келген соң: «е, ұшатын тәлеңке деген осы екен ғой, адамды алып кетеді деуші еді, осыған жем болып кетпейін, басқа барып тығылатын жерім жоқ, осы ағаштың түбінде отырып, не болса да әліптің артын бағайын», –деген шешімге келдім. Түн, бұлт тіпті қоюланып, қараңғылық тұмшалап барады, не жол бойында қыбыр еткен көлік жоқ. Осы не болды екен, түр-түсін анықтап көріп алайыншы деп басымды көтеріп қарайын десем, бірдеме байлап тастағандай басымды көтере алмаймын, желкемнен тәп біреу құрсаулап ұстап тұрғандай сезіндім. Арбасып отырмыз, бір сағаттан астам уақыт өтті, тәлеңке ары кетсе 70...80 м биіктікте, ешқандай шу, дыбыс естілмейді. Айнала жым-жырт, тіпті әшейінде ауыз жаппай үретін иттердің де үндері өшкен. Маған тек жарығы ғана көрінеді, түр-түсі, сұлабасы көрінбейді. Бір уақытта Малақ ауылының төбесінен машинаның жарығы көрінді, жарық жақындай бергенде төбемде ілініп тұрған тәлеңкем өзінің жарығын өшіре қойды. Машина Қытайға жүк апара жатқан үлкен КаМаз машинасы екен, ол ұзаңқырап кеткеннен кейін төбемдегі пәле жарығын қайта жақты. Біраздан соң Қытайға жүк артқан машиналар үздік-создық ағыла бастады. Әлгі тәлеңкем машинаның жарығы жақындаса өзінікін өшіріп, ұзаса болды қайта жағады, мені бақылап отыр. Отырған орнымда тырп етпей мен отырмын. Күз кезінде таң атпайтыны белгілі, не Семейден тосып отырған автобусым жоқ. Сонымен қойшы, тәлеңкенің мені күзетіп отырғанына үш сағаттай уақыт болды, ол жарығын сөндіріп жандырудан жалықпайды, мен бүк түсіп отырудан жалықпаймын. Сағат 7-ден аса таң қылаң бере бастады, жер ала көлеңке бола бастағанда тәлеңкем де ғайып болды, менің тосқан автобусым да ентігіп жетті.

 







Date: 2015-07-22; view: 643; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию