Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Керуенмен саяхаттап әулиелердің басын аралауым





Күндердің күнінде бір кісілер келіп, соларды бес атаға алып бару керек болды. Түктібай атаның басына бардық, жауын құйып тұр, ол кезде атаның басы жай ғана қоршау болатын. Құран оқып отырсам көз алдыма Түктібай ата келді. Үлкен еңгезердей мұртты қара кісі екен.

Шырақшының үйіне қондық, әңгіме басталды. Бір уақытта қарасам Жамбыл ата аппақ сақалымен жырын төгіп отыр, Түктібай ата, Сүйінбай аталар да жүр. Бір уақытта үстінде сауыт саймандары, қолдарында найзалары бар қазақтың жауынгерлері қаптап, сатыр-күтір шайқас басталып кетті. Шайқас біткеннен кейін, сарбаздар отырған адамдардың әр қайсының жанына барып сап түзеп тұра-тұра қалысты, сөйтсем келген адамдардың ойлары шартарапта, әркім өзінше лағып отыр екен, осыларды келген сарбаздар жөнге салыпты. Осыдан кейін әңгіме тыңдамай өз бетінше қиқалаңдап күбірлесіп отырған адамдар жым-жырт, әңгімеге бар ықыластарымен ден қоя бастады.

Таң ата түс көріп жатыр екенмін Сәрсенбай аға оятады.

– Әй, Аманжол, тұр кетейік.

– Түс көрдім.

– Не көрдің.

– Есек көрдім, бірақ сіз оятып жібердіңіз.

– Е, ол жақсы түс екен, ол пайғамбарымыздың тұлпары ғой.

Таңертең Жамбыл атаның басына келдік. Сол кезде алдында жатқан қызыл жолбарыс көзіме оттай басылды. Сәрсенбай ағадан сұрадым:

– Мынау не болады?

– Жамбыл атаңның қызыл жолбарысы осы болады.

Жамбыл атаның басына құран оқып Нұрғиса ағаның басына бет бұрған кезде, ағамыздың өзі дирижер болып, керемет күймен қарсы алды. Жанымдағылардан сұрап қоямын, сендер әуен, күй естіп тұрсыңдар ма? Олар бетіме ажырайып қарайды. Кеткенде де солай күмбірлеген күй әуенімен шығарып салды.

Енді әулие аралау керек, Арыстанбабқа бару керек деген сөз болып жатты, бірақта менде баратын тиын-тепшек жоқ. Сол кезде менің көз алдыма бір машинаның бейнесі келіп тоқтап, ішінен жас жігіт шығып артқы есігін ашып тұрды. Мен таңырқап қарап тұрғанда Сәрсекең келді де: «Аманжол да, Орынбек те барады, машина дайын» – деді.

Қайттық, қызыл жолбарыс бәйге аттар сияқты керемет көсіліп шауып, сол жағымызда бізбен ілесіп келе жатыр, мен анық көріп келемін. Көп ұзамай алдымыздан қайқалаңдап бір қатын шықты: «Қап мынау жолымызды кесетін болды ғой» – деп ойлап едім, жаңағы жолбарыс барып әлгі әйелдің алдына кесе көлденеңдеп тұра қалды. Әйел тұрған орнында сілейіп қатып қалды. Қызыл жолбарыс бізді Сарыбай атаға дейін шығарып салды.

Үйге келдік, ертесіне Арыстанбабтың басына баруға жолға дайындалдық. Сол кезде қалтамда көк тиын ақшам жоқ болатын.

– Сәрсенбай аға, мен қалай барам, қаражатым жоқ.

– Саспа Аманжол, Алланың мейірімі түссе барып қайтасың.

Сол күні аталардың басында маған көрінген жігіт келді, көзіме оттай басылды, бірден таныдым өзін де, машинасын да. Сәрсенбай аға: «Міне көлігің келді, енді барасың» – деді. Әлгі машинада орын бар екен отырып алдым.

Арыстанбабтың басына бардық, түні бойы намаз оқыдық. Ертеңіне кетіп бара жатқанда, мен топтың алдында келе жатыр едім, алдымнан сұр жылан асықпай керіліп маған қарап жылжып кетіп бара жатқанда маған қайта-қайта қарай берді, көзіне көзім түсті, көзі мөп-мөлдір моншақтай екен. Мен не істерімді білмей бісімілла, бісімілла деп тұрып қалдым, сол кезде Сәрсенбай ағам да жаныма жақындап келіп қалды. Менің абыржып тұрған түрімді көріп:


– Аманжол, неден сескендің?

– Аға, ана жыланды көрдіңіз бе, неге маған қарайды?

– Жолымыз болады екен Аманжол, Ақмоншақ саған рахмет – деп жыланды шығарып салды. Жылан ғайып болды.

Одан Құл Қожахмет Йасауидың басына келіп бата алдық, бірақ бабамыздың аруағын анық көре алмадым. Сол жерге жерленген батырлардың басына барып құран оқығанда: «Рахмет балам, жарайсың!» – деп баталарын берді. Батырларды сауыт-саймандарымен, кейбіреулерін анық көрдім.

Домалақ ананың басына келіп түнеп, ертесіне Бәйдібек бабаның басына келдік. Осы арада сары бәйбіше Марау анамыздың бейнесін көрдім, сұңғақ бойлы, әдеміше келген орта жастағы кісі болып көрінді, ризашылығын білдірді. Бәйдібек бабамыз да, тура суреттегідей екен. Қазіргі кезде қасиетті ата-бабаларымыздың суреттері аянмен салынған.

Бала Бөген өзенін жағалай отыра Қошқар атаның басына келіп тірелдік. Осында өзінің ұрпағынан шыққан шырақшы отыр екен. Басында кішкентай мешіт пен атаның күмбезі бар. Шырақшының айтысында, ол бұрын трактор айдап, тылсым дүниені мойындамай жүрген пенде екен, бірақта аталар сынаққа салып содан аттан жығылып біраз күн жатып қалады. Түсінде: «Кілтті өз қолыңа ал деп» аян береді. Амал жоқ, күмбездің кілтін көрші ауылдағы молдадан сұрап әкеп ашайын десе, алдында ұзын, қызғылт тас түстес жуандығы білектей жылан керіліп жатады. Сол кезде ол кісі сасқалақтап тұрып қалады. Жылан басын көтеріп: «Е, ұрпағым келдің бе, рахмет саған» – деп ысылдаған күйі атаның қабіріне кіріп кетеді.

Қошқар атаның басында құран оқып отыр едім, оң жағымнан ысылдап айдахар келді де, өзінің қабіріне кіріп бара жатып: «Ей, ұрпақтарым келдіңдер ме» деп ризашылығын білдіргеннен соң, Сәрсенбай ағаға қарап: «Балам, сені көптен бері күтіп едім» дегенде, Сәрсенбай белбеуін мойнына салып, екі көзінен жас парлап екі бүйірін таянып бар даусымен: «Ата, алдыңа келіп отырмын, біліп істеген, білмей істеген күнәларымды кеше гөр, бұдан былай күна істейтін болсам мойынымды қайырып артыма сал» деп ант берді.

Таразға Айша Бибі ана аруағының басына келдік, сол кезде баяғыда Сәрсенбай ағаның жанында отырып көрген аквариум көзіме оттай басылды, қара жылан зу етіп жоғары қарай өтіп кеткенін анық көрдім. Құран оқыдым, осы кезде менің арқама Айша Бибі анамыз аюдың терісін жауып, батасын беріпті, бірақ оны өзім байқаған жоқпын, мұның бәрін Сәрсенбай аға мен бір жігіт айтты.


Айша Бибі анадан шығып Қарахан батырдың басына бардық, өзім Қарахан батырды 20 жастағы сауыт сайман киінген батыр бейнесінде анық көрдім. Шырақшыға сұрақ қойдым: «Аға, біреулер Қараханды 80 жасқа келген шал деп еді ғой, мен оны жас қалпында көрдім, неліктен?».

Шырақшы маған былай деп айтты. Қарахан 20 жастағы қылшылдаған жас жігіт батыр болған. 16 жастағы Айша Бибі екеуі бірін-бірі ұнатып, осы өңірде кездесіп сөз байласып қосылмақшы болады. Екі жастың қосылуына Айша Бибідің әкесі қарсы болып: «Сені қарасудың бойында қара жылан шағып өлтірсін» – деп теріс батасын береді.

Айша Бибі қара судың бойында, уәделескен жерде Қараханды күтіп суға түсіп жуынып жатқанда қара жылан шағады, Айша Бибі жан тәсілімін бермей Қараханды күтіп жатады. Қарахан келгеннен кейін өздері ақ некесін қидырғаннан соң, Айша Бибі бақи әлемге аттанады. Осындай қатігездікті түсінбеген көпшілік Айша Бибінің әкесінен сұрайды: «Сіз неге өз қызыңызға теріс батаңызды бердіңіз?». Сонда байғұс әке: «Осы сұрақты халқымның қоятынын біліп едім. Себебі, Қарахан батыр – өмірі ат үстінде, елдің шетінде, жаудың бетінде, желдің өтінде, қырғын қантөгісте өтеді. Қарахан соғыста қаза тапса зиарат етуге бара алмаймын, баламның жастай жесір қалуын қаламап едім, Алла тілеуімді берді» – деп өкініштен өзегі өртенген сорлы әкенің жауабы осы болыпты.

 

Көзге көрінбейтін көкжал, тәж киген жылан, тайраңдаған тайлақ

Сәрсенбай ағаның қорғаушы жай пенденің көзіне көрінбейтін арлан қасқыры бар, ылғи қасында жатады, ол тек көрінетін адамға ғана көрінеді. Мен оны анық көремін. Осы ордада тағы бір көретінім Райымбек атамыздың тайраңдап тайлағы да келеді. Тайлақ келгеннен кейін жүрекке құйылатын сөз келеді. Ол жәй келмейді, бір хабар алып келеді. Сонан кейін біреулердің алыстан не жақыннан қандай мақсатпен келе жатқанын білдіреді.


Тағы бір ғажайып Сәрсенбай ағаның «Ақмоншақ» атты, басына тәж киген ақ жыланы бар, келгенде билеп келеді. «Ақмоншақ» та келген адамдардың қандай оймен, қандай пиғылмен келгенін хабарлайды және аурулардың емін айтады. Ол Сәрсенбай ағаның ойына, тілегіне байланысты келеді, сұрақтарының жауабын айтады.

Кей кездерде жазылмайтын сырқат адамдар келеді, сонда оларды жайма шуақтатып шығарып салыңдар деген аталардың әруақтарынан сөз келеді. Ондай ауруларды мәйпездеп қана жолға шығарып саламыз.

Астанаға қайтып келдім, намаз оқимын, сол кезде Сәрсенбай ағаның қасқыры қасымда бірге жатады. Жаныма келіп отырады, кей кезде алдыма келіп тілін салақтатып жатып алады. Кей кездерде екі бүйірі ентігіп тілін салақтатып келеді. Жүрекпен сұраймын:

– Қайда барып келдіңіз?

– Жәй, жан-жақты біраз жортып, шолып келдім – деп жауап береді.

Үлкен ұлым Мәрлен үйленді, құдаларым Талдықорғаннан екен, тойын жасадық. Той болғаннан кейін амалсыз арақ-шарап құясың. Той ойдағыдай өтті, Қарлығаш екеуміз Қабанбай ауданындағы құдаларымызға барып қайттық. Намазымды қаза қылмай оқып жүрмін, бірақ арлан қасқырым ұшты күйлі ғайып боп кетті. Күндердің күнінде жолым түсіп Сәрсенбай ағаға келдім. Ордаға кірдік, әңгімелесіп отырғанда:

– Аманжол, сен көкжалды неге ренжіттің?

– Мен ренжіткен жоқпын, бірақ кетіп қалды.

– Ренжіткенде сен онымен ұрсысып төбелескен жоқсың, сенің үйіңде арақ құйылыпты, соған көкжал ренжіп кетіп қалыпты. Мен көкжалды сенің қасыңа өзіңді қорғап-қолпаштап жүрсін деп әдейі жіберіп едім, көкжал енді мені қайтып жібермеңіз деп жатыр. Әттеген-ай! Қайталанбас қателік жіберіп алған екенсің бауырым!

Сәрсенбай ағаның қорғаушы көкжалы қасымда жүргенде тылсым дүниенің ғажайыптығын сезінетінмін. Жұмысымда керемет өрлеп шарықтаған. Өкінішке орай, қазір бойыма Алланың берген көптеген қасиеттерінен айырылып қалдым. Осы тылсым құбылыстардың бәрі – Сәрсенбай ағаның ордасында екі апта шәкірт болғандағы көрген тылсым дүниелерім – нәзік әлемнің фәни заттық әлеммен байланысын, қарым-қатынасын айқындайтын дәйекті, бұлжытпас, бұлтартпас дәлелдерім.







Date: 2015-07-22; view: 647; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.01 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию