Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Шатын тәлеңкенің Саяуыш Қасабаевті бала кезінде қууы





Қайрат етер мезгілде,

Жүк көтерер нардай бол.

Ақыл айтар мезгілде,

Мың жасаған шалдай бол. Бауыржан Момышұлы

 

Бұл оқиға 1987 жылдары болған, егін шауып жатқанбыз. Бір күні комбайнер болып жүрген Қасабаев Өндірхан деген ағамыз келіп: «Менің ұлым Саяуышты ұшатын тәлеңке қуыпты», – деп айтып келді. Ол кезде оқушы Саяуыш әкесіне көмекші болып жүрген. Таңертең Саяуышты жұмыс арасында шақырып алып: «ал бауырым, ана әкең не айтып жүр?», – деп сұрадым.

– Әсет аға, кеше сағат таңғы 4-те Семейден автобуспен келетін шешемді қарсы алайын деп, велосипедіме мініп Малақ аялдамасына бардым. Бір уақытта аспаннан бір жарық көрінді де, жайылып жүрген екі сиырдың үстіне біраз қалықтап тұрып, тура менің төбеме келді, ешқандай шу естілмейді. Төбемде қалықтап тұрып алды, ары кетсе 70...80 метр биіктікте. Жарығы күндізгі жарыққа ұқсайды, біраз таң-тамаша болып қарап тұрдым, сұлабасы көрінбейді, бір уақытта жеті түрлі жарығын тура маған түсіре бастады, қорыққанымнан ауылдың шетіндегі бір шақырымдай жердегі Мұқаметқазының үйіне қарай велосипедіме міне салып тұра қаштым, ұшатын тәлеңке де менің соңымнан қалмайды, үнсіз ғана жылжып еріп отырды, даласында тұрған комбайнге жете бергенде мұрттай ұшып түстім. Сонда да аяғыма оралып жүрген велосипедімді сүйрей-мүйрей комбайннің астына кіріп кеттім. Ертеңіне таң ата түс көрдім, түсімде адамдардың бас сүйектерін соққылап жүр екенмін, осы түсті қайталап бірнеше қабат көрдім.

Саяуыш Өндірханұлы Қасабаев – Ресейдің Рязань қаласындағы армия генаралы Мергалов атындағы әскери-әуе десант академиясының түлегі. Қояма-қолтық шайқастан (рукопашный бой), ережесіз айқастан (бой без правил), панкратионнан (гректердің ережесіз шайқасы) және соғыс самбосынан, осы аталып өткен шайқастардың төртеуінен де халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Ресей Федерациясының әскери әуе – десант күштерінің бұрынғы офицері, қояма-қолтық шайқастан Ресей Федерациясының әскери-әуе десант күштерінің 4 дүркін, Ресей қарулы күштерінің 3 дүркін, Омск қаласында өткен бүкіл Ресейлік жарыстың 4 дүркін, Рязань қаласында бокстан өткен бүкіл Ресейлік жарыстың алтын жүлдегері, 2 дүркін халықаралық және 2 дүркін панкратионнан өткен халықаралық турнилердің алтын жүлдегер жеңімпазы, орыс төбелесінің (русский бой) және жан-жақты шайқастың (универсальный бой) Европадағы күміс жүлдегері, Соғыс самбосынан Қазақстанның 2 дүркін жеңімпазы, 2006 жылы Бішкек қаласында өткен соғыс самбосынан Азияның алтын жүлдегер жеңімпазы, 2006 жылы Ташкент қаласында өткен соғыс самбосынан әлемдік біріншіліктің күміс жүлдегері.

Мен жігіт, он бес – отыз арасында,

Бұл жаста көп: бересі – аласым да..

Жалыны бойға симай сырттан көрініп,

Күн сайын тұрады артып қайрат күшім.

Сұлтанмахмұт Торайғыров

 

Бұла күш пен қайрат Саяуышқа бала кезінде ұшатын тәлеңке көргеннен кейін пайда болған, оның бір ерекшелігі қандай шайқасқа болмасын «Ә, әруақ!» деп, әруақтардан көмек сұрап айқайлай кірісетіндігінде. Сол кезде бойына алапат күш пайда болып жеңбейтін қарсыласы болмайды. Саяуыш өзін әрқашанда киелі аталардың және ата-бабаларының әруақтары үнемі қолдап-қолпаштап жүретінін бар болмысымен сезінетін, жүрегіне имандылық ұялаған – аса мәдениетті, зиялы, жас болса да өмірде көргені өте көп, жаратылысы ерекше азамат.

 







Date: 2015-07-22; view: 1360; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию