Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Жәбірейіл періштені, Мариям ананы көруім
Кейбіреулер сұрайды: «Ұшатын тәлеңкенің өзіңе әсері болды ма деп?». Уақыт тезіне сала талдай келсем болғаны анық деп айтар едім. Себебі, былтыр бес атаға барған кезімде Түктібай атаның басында батада айтты, сені жер бетіне ерекше мақсатпен (миссия) жібергенбіз, сен халқыңа рухани ұстаз боласың, осы туралы танымды-тағылымды көптеген кітаптар жазасың, бірақ 3 жасыңда қаралық алғансың. Сенің санаңды, ойлау жүйеңді өзгерту үшін, саған әсер еткенбіз (менің түсінуімше ұшатын тәлеңкелер арқылы) және сені тәндік, руханилық тазалануың үшін ұзақ мерзімге аштық та ұстатып жүрміз. Мен өзім 2000 жылдан бастап 21 тәуліктен 40...50 тәулік аштықты жыл сайын бір қабат үзбей ұстаймын. Бұл жайында өзімнің жазған «Жасару құпиясы», «Аштықты ұстау – денсаулықтың кепілі», «Рух пен тәннің саулығы» және «Жүйке жүйесінің тылсым» атты кітаптарымда кеңінен баяндағанмын. Тағы бір айта кететін жайт, сәби бала күнімде мөлшері 4...6 жастың аралығында көргендерім. Ауылымыздың қарсы бетінде Малақ ауылының ар жағы көсіліп жатқан үлкен жота. Сол жотаның үстінен аспанмен бірдей бір адамның басы маған сондай жылы шыраймен, шексіз сүйіспеншілікпен үнемі қарап тұратын. Осыны тағы күнде көретінмін. Сонда анама айтатынмын: «Мама, мама қарашы, бір жақсы кісі бізге күлімсіреп қарап тұр», – деп. Ол кісі үндемейді. Сөйтсем ол тек маған ғана көрінеді екен, бұны кейіннен 50-ге таяғанда ғана барып түсіндім. Осы жайттар ұзақ жылдар бойы санамнан, ойымнан өшіріліп қалыпты. Ұзақ ашығуларымның бірінде ғарышкерлер жайлы бір кітап оқып отырғанда, бір ғарышкер ғарышта ұшып жүргенде тура осы күлімсіреп қарап тұрған адамның басын көргенін жазыпты. Сол мезетте менің бала, сәби күнгі көргендерім есіме сап ете түсті. Қазір Жәбірейіл періштенің бейнесін, тіпті теледидардан өзін көріп отырғандай көз алдыма анық елестете аламын. Өзім кейін «Ата жолы» қозғалысына келгеннен кейін, менің бала күнде көргенім Жәбірейіл періштенің бейнесі екеніне нық сенімдімін, осыны бар болмыссымен сеземін себебі, Жәбірейіл періште сәбилерге ғана көрінеді екен. Өзіңіз байқадыңыз ба, бесікте жатқан сәби кей-кездерде өзінен-өзі рахаттана күліп мәз болып жататынын. Сәби осы сәтте Жәбірейіл періштені көріп жатады. Бірақта, өкінішке орай адам осы фәни өмірде біртіндеп өзінің тәнін, жанын, рухын кірлетіп ластай бергендіктен бастапқы Жаратушы берген талай қасиеттерінен айырылып қалады. Мен ұзақ ашығу арқылы тәнімді, жанымды, рухымды тазалап, жүрегімнің кірін аршып алғаннан кейін бұрын бала күнімде Жәбірейіл періштені көргенімді Жаратушы қайта есіме салды. Өзіме тылсым дүние анда-санда көрініп тұрады. Соның бірі 45 жас шамасында ай бетінен Мариям ананың бейнесін кәдімгідей көруім. Ұшатын тәлеңкені бірнеше қабат көргеннен кейін түнде аспан әлемін қызықтауды әдет қылып қалыптастырып алғанмын. Қыстың қатты қақаған ораза айларының бірі болатын. Кешкі ондар шамасында далаға шықтым. Дала сүттей жарық, ай толық. Шыңылтыр аяз, басқан жерің сықыр-сықыр етеді. Аспан әлемі мүлгіген тыныштықта. Дөп-дөңгелек, жап-жарық толықсыған айды қызықтап қарап тұрғанмын, бір мезетте айдың бетінен Мариям ананың күлімсіреп маған қарап тұрған келісті келбеті көрінді, сасқанымнан отыра қалып өзім білетін құран аяттарын оқи бастадым, бұл көрініс 10 минуттай уақытқа созылды. Сол кезде өзіме бір рахат нұр сәулесі құйылып жатқанын бар болмысыммен сезініп отырдым, ерекше тіл жеткізе алмас күйге бөлендім. Мариям ананың келбеті ғайып болғаннан кейін, Иса пайғамбардың 12 сахабасының бейнелері ап-анық бірінен кейін бірі көріне бастады. Әрқайсы 2...3 минут аралығында кезек-кезек алмасып отырды, мен бәрін іштей санап отырдым. Мен бұрын Иса пайғамбарлардың сахабаларының бейнелерін көрмегенмін, бірақ жүрегім айтып тұрды. Сахабалардың бастарынан тәж сияқты шашырап тұрған нұрды көрдім. Әруақтардың барының нақтылы өзім білетін дәлелім: 2006 жылдан бастап 3 жылдың аралығында, киелі аталар әруақтарының қолдауымен, солардың басқаруымен 7 кітап жазуым. Тағы да таңқалатыным – ешқандай да қаржым болмаса да, ешбір демеушісіз-ақ кітаптарымның із суытпай, бірінен кейі бірі баспадан шығып жатуы. Кітап жазудағы ерекшелігім еш уақытта ойланбаймын. Тек қана қажетті материалдарды сұрыптап, солардың негізгі идеяларын алам, орысша болса еркін аударма әдісімен қолма-қол еш қиналмай-ақ, негізгі айтайын деген ойды ғана аударамын. Компьюторда отырғанда сөздер мен сөйлемдер лек-легімен ғарыштан құйыла береді. Тек компьютерге теріп үлгер. Тағы бір ерекшелігім, жазған нәрсемді қайта түзеп өңдемеймін, қалай қабылдадым, солай қағаз бетіне айна қатесіз, қаз-қалпында түсіремін. Тіпті шынын айтсам, қазақ тілі грамматикасы ережелерінен мүлдем бейхабармын, ұқпаймын. Жоғарыда аталып өткен кітаптарымнан басқа бизнес жайлы: «Ақыл есті билеп алған жоқшылық пен кедейшіліктен қалай құтылуға болады?», «Желілі бизнестің көмегімен ақымақтық пен жоқшылықтан қалай құтылуға болады?» (Желілі бизнес құпиясы), «Тибет медицинасы өнімдерінің негізінде – желілі жеке бизнесті құрудың құпиясы» (Тибет медицинасының құпиясы) атты үш кітап жаздым. Жазған 7 кітабымның жалпы тиражы 23 мың дана, осы жазған кітаптарым баспадан шыға салысымен-ақ қолдан-қолға тимей тарап кетеді. Оқырмандарым әлі күнге дейін сатылып, таралып таусылып кеткен кітаптарымды қайдан алуға болады, тауып беріңізші деп жиі телефон шалады, кей кездерде ризашылықтарын білдіру, арнайы танысу үшін ат сабылтып үйге келеді. Кітапқа алғыстарын айтады, ақ жүректерін ақтарады, шын пейілдерін білдіреді, бетімнен құшақтап сүйеді, алғыстарын айтады, ақ баталарын береді, пендеге осыдан артық қандай құрмет, қандай атақ керек! Мен не журналист, не жазушы, не тіл маманы емеспін, бар болғаны бүкіл саналы 30 жылғы өмірін – қаймағы бұзылмаған қазақ ауылдарында механизаторлардың, дихандардың, комбайнерлердің арасында, егістік алқаптарда шаң-шаң болып, күнге тотығып жүріп өткізген қарапайым агрономмын. Мен бәлендей шіреніп колхоз, совхоз басқарып директор не үлкен дәрежелі қызмет істеп, кісімсіген кісі емеспін. Мен осы тылсым құбылыстардың бәрін Алланың рұхсатымен жоғары әлемдегі әруақтардың басқарып отырғанына күман келтіре алмаймын, себебі басында түсініксіз болып көрінетін осы құбылыстар белгілі заңдылықтар арқылы, тылсым күштердің аралсауымен болып жатқанын қазір жан дүниеммен, бар болмыссымен сезінемін. Date: 2015-07-22; view: 692; Нарушение авторских прав |