Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Жаратушы барлығын Өзінің рухани нұрымен жаратады
Бүкіл әлемді бір Жаратушы жаратты. Жаратушы барлығын Өзінің рухани нұрымен жаратады. Материалдық әлемде бұл рухани нұр шексіз көп қуат көзіне айналып, әуелі заттық әлемді, сонан кейін ол әлемдегі жан иелерін жаратады. Жаратушының төменгі және жоғарғы қуаты болады. Төменгі қуатына материалдық элементтер жатады. Материяның өзі тұрпайы заттық және нәзік болып бөлінеді. Тұрпайы заттық элементтерге: ауа, от, су және топырақ, сонымен бірге эфир жатады. Осы бес негізден әлемдегі барлық денелер құралады. Сонымен бірге көзге көрінбейтін нәзік әлемді жасау үшін соған сәйкес нәзік заттық элеметтер бар. Олар – сезім, ақыл, ес, «мен» деген түсінік. Бұл нәзік элементтер жан иелерінің нәзік болмысын, яғни ой-өріс, ақыл-ес тәрізді жан иесінің тұлғалық қасиеттерін құрайды. Адамда нәзік болмыс оның психикалық ерекшеліктері арқылы білінеді. Тұрпайы және нәзік элементтердің негізі Жаратушының рухы, нұры. Бұл нұрдың бір көрінісі әлемдік тоқ. Біз электр тоғының не екенін және оның қасиеттерін білеміз. Жаратушының нұрынан пайда болған алғашқы рухани нәзік элементті басқа сөз болмаған соң, оның сәйкестігін білдіріп әлемдік тоқ деп атаймыз. Біз білетін тоқпен салыстырғанда әлемдік тоқ өте нәзік. Осы әлемдік тоқ қоюланып, әлемдегі барлық элементтерді құрайды. Әрине, бұл арада «қоюланып» деген сөз де тек қана сол ағымды (процесті) түсіндіру үшін салыстырмалы түрде қолданылып отыр. Сонымен, әлемдік тоқ Жаратушының қуаты, барлық элементтердің алғашқы негізі. Жанның да рухы бар. Ол рухтың қасиеті Жаратушының рухымен сәйкес, бірақ өзгерген түрі. Шыбын жан рухы Жаратушы рухымен ұқсас болғандықтан оның да тоғы бар. Бірақ бұл тоқ та әлемдік тоқтың өзгерген түрі. Әлектр тоғы бар жерде магнит пайда болатыны физикадан белгілі. Оларды бір-бірінен бөлуге болмайды. Ендеше әлемдік тоқ болса, онда әлемдік магнит те бар. Әлемдік магнит болмысқа тарап, сонымен бірге, барлық жан иелерінің денесіне тарайды. Сонымен әлемдік тоқ тұрпайы материяға да, нәзік денеге де (перисприт), өмір беріп, оны жандандырады. Тоқтан шыққан магнит арқылы, яғни тоғы арқасында өзіне элементтерді тартып рух өзіне дене құрастырады. Бұл нәзік дене жартылай рухани жартылай материалды. Сперттер оны нәзік дене яғни перисприт деп атайды. Перисприт арқылы рух өзіне нәзік психикалық және тұрпайы заттық дене тартып, құрастырады. Осылай ол жер бетінде түрлі жан иелерінің бірі болып өмір сүреді.
Date: 2015-07-22; view: 778; Нарушение авторских прав |