Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Руақ болмысы





 

Енді формуламызды әрі қарай талдайық. Бұл формуладан тәнді алып тастасақ не болар екен? Жанның тәнді тастаған сәті адамның өлімі деп аталатыны белгілі. Ендеше тәнді тастағанда өзін тәнмен балап жүрген адам өледі. Онда адам кімге айналады? Адам әруаққа айналады. Жан өзінің рухымен және нәзік болмысымен басқа көрінбейтін, көмескі әлемге өтеді. Ол әруақ болады. Формула былай болып жазылады:

 

ӘРУАҚ = РУХАНИ БОЛМЫС + МАТЕРИАЛДЫҚ БОЛМЫС = (ЖАН + РУХ) + НӘЗІК ДЕНЕ

 

Сыртқы қабат, тән ескіріп бұрынғыдай әрекет жасай алмаған кезде жан оны тастайды. Бұл ағаш қабығын, дән қабыршағын тастағандай, немесе адамның жарамсыз болған ескі киімін тастағаны тәрізді. Жанның бұл қабыршағын тастауын күнделікті өмірде «өлім» деп атаймыз. Бірақ мұның нағыз өлім емес екенін білген Абай «мен» мен «менікінің» айрылғанын «өлді» деп ат қойыпты өңкей білмес» деп мұны білместікке балайды емес пе. Себебі, мәңгілікті жан өлмейді, ол тек қана сыртқы қабыршағын ғана тастады. Жердегі өмірде жан өзімен байланысқан заттық денемен қысылып, оның қасиеттерін шектейтін қыспақтан құтылып, енді еркіндік алады. Ол тек қана заттық тәнді ғана тастады. Бірақ ол өте нәзік, ауа тәрізді салмақсыз, адам мүсінді нәзік болмысын қалдырады. Бұл оның ішкі көйлегі тәрізді, өте нәзік.

Бұл нәзік болмысты жан толығымен өзімен алып кетпейді. Нәзік болмыстың тәнмен тығыз байланысқан қоюлау бөлігі әуелде тәнмен қалып, сөйтіп ол біртіндеп тарайды. Оның бөліктері үш, жеті, қырық және бір жылда тарап, кеңістікке сіңеді. Сондықтан қазақ халқында ғана емес, сонымен бірге, көптеген халықтарда үшін, жетісін, қырқын, жылын беру деген дәстүр бар.

Жан нәзік денесімен, периспритпен келесі көрінбейтін әлемге өтеді. Жанның бұл өзінің рухымен нәзік денелері арқылы байланысқан қалпын әруақ дейміз. Әруақ өзінің нәзік денесін өзгерте алады. Ол нәзік денесін (периспритті) буды (парды) қоюландырғандай қоюландырып, көзге көрінетін жағдайға келтіре алады. Осылай ол тіпті жансыз заттарға да әсер етіп, оларды қозғалтып, секіртіп жылжыта алады. Осылай ол түрлі шу, қағазға жазу және сол сияқты көптеген іс-әрекеттер жасай алады. Әруақтар затқа әсер жасайтындықтан, сол әсерімен Алла тағалын бұйрығын орындап, бүкіл заттық әлемді басқарады.

Сонымен, әруақ дегеніміз тәнді тастаған жан. Ол нәзік денесімен көрінбейтін көмескі әлемге өтіп, сонда өмірін әрі қарай жалғастырады. Бірақ тәннің өзі адам емес екені тәрізді, нәзік дене де әруақ емес. Себебі нәзік дене ойлай алмайды. Нәзік дене жанмен біріккенде ғана әруақ болып, оның сезіну, ойлау қабілеті пайда болады. Шын мәнінде әруақтың нағыз өмірі нәзік әлемде ғана басталады. Ал бұл өмір оның өзінің бұрынғы жіберген күнәләрін өтеу үшін, не болмаса, тәжірибе алып, әрі қарай тазарып, жоғарылау үшін, кейде Алла тағаланың әмірімен белгілі бір миссияны (мысалы: пайғамбарлар, елшілер, өкілдер) орындау үшін келеді. Сондықтан бұл өмірдің мақсаты міндетті дұрыс орындап, келесі өмірге дұрыс өтуде жатыр. Ал түпкі мақсат – Алла тағалаға қайту. Бұл мақсат өте алыс, оған жету үшін жан бір емес, бірнеше рет біресе адам, біресе әруақ болып қайталаудан өтуі керек. Ол қайта туу неше рет болатынын ешкім айта алмайды. Оның барлығы әуелі Алла тағаланың әмірі, сонан кейін әркімнің өзінің талпынысына байланысты болады. Шәкәрім ілімі бойынша бұл фәни өмірдің түпкі сыры, міне, осында жатыр екен.

 







Date: 2015-07-22; view: 735; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию