Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Тылсым дүниеден хабар алуым
Алла тағала құдіретті, ал сенде ондай құдірет жоқ. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) Доктор Тарик Аль Суаиди қасиетті Құран аяттарынан бір нәрсенің, екінші нәрсемен математикалық тең екенін байқапты. Ең таңқаларлығы Құранда «ер адам» деген сөз 24 рет қайталанса, «әйел» деген сөз де 24 рет қайталаныпты, немесе 24=24. Осыған таңырқаған ол аяттарды ары қарай талдаса осындай заңдылық Құран аяттарының бәрінде де тұнып тұр екен. Енді араб тілінде жазылған аяттардағы тең сөздердің кейбіреуіне шолу жасап қарап көрелік: Дүние (фәни әлемнің бір атауы) деген сөз 115 қайталанса, Ақирет (бақи әлемнің бір атауы) 115 рет қайталанған. Өмір 145 рет қайталанса, Өлім 145 рет қайталанған. Пайда 50 рет болса, Зиян 50 рет қайталанған. Адамдар 50 рет, Өкіллер 50 қабат. Ібіліс 11 қабат қайталанса, Ібілістен қорған іздеңдер деген сөз 11 рет айтылған. Қарғыс деген сөз 75 рет, ал Алғыс деген сөз 75 рет қайталанады. Шығын 73 қабат кездессе, Кіріс 73 қабат кездеседі. Адамды азғырушылар деген сөз 17, Өлген адамдар деген сөз тіркесі 17. Мұсылман 41, Кәпір 41. Алтын 8, Жеңіл өмір 8. Сиқырлы 60, Адасқандар 60. Зекет 32, Береке 32. Пікір 49, Үндемеу 49. Тіл 25, Уағыз 25. Жайбарақаттық 8, Қауіптену 8. Ашық сөйлеу 18, Жариялау 18. Ауыртпалық 114, Шыдамдылық 114. Мұхаммед 4, Шариғат (Мұхаммед ілімін оқу) 4. Ер адам 24, Әйел адам 24. Тағы бір таңқаларлығы – төмендегі сөздер мұншама қабат қайталанады. Ай деген сөз 12, Күн (тәулік) деген сөз 365 қабат қайталанады. Теңіз 32, Жер 13 қабат қайталанады. Теңіз+Жер = 32+13 = 45 Теңіз = 32/45*% 100 = 71.11111111 Жер = 13/45* 100 = 28.88888889% Теңіз+Жер = 100.00% Қазіргі ғылым жетістігі жақында ғана жер шарының 71.111 пайызын су, ал қалған 28.889 пайызын құрлық құрайтынын дәлелдесе осының бәрін пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғс.) кім білдірді? Жауап біреу-ақ: Құдіретті АЛЛА. Осыны қасиетті Құран Кәрим бізге хабарлайды. Асыл сөз адамдарды жақсылық ниетке баурайды. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)
Осы кітапты жазу барысында үш ғажап керемет тылсым жағдай болды. Біріншісі: Джон Хоугтің «Нострадамус. Новые откровения» атты кітабының 333 бетіндегі «Турнирная таблица» визионеров және Джон Хоугтің «Нострадамус. Полное собрание пророчество» атты екінші кітабының 481 бетінде, қазіргі заманда жер бетіне келетін өкілдердің 8 белгісі – тек қана индиалық мистик Бхагаван Шри Раджниш (Ошо)-да ғана бар деп жазады. Осы жоғарыда берілген өкіл болуға лайық деген 12 адамның дәйектерін кітаптағы таблица бойынша өзгертпей жаздым, оған тек қана «Ақ ұлдың» сәйкес келетін 8 белгісін қостым. Сонда сәйкес келетін екі-ақ адам болды. Біреуі Ошо, екіншісі «Ақ ұл». Осыны жұбайым Рахпар екеуміз талқылып, таң қалып біраз отырдық, себебі мен өзім кейбір аса маңызды деген тарауларды алдымен Рахпарға көрсетем, ол менің жазғандарымды мұқият оқып, өзінің пікірін, ойын айтады. Ол Ошоның 8 белгісінің сәйкестігіне, бірақ Ошоның аты әлемге әйгілі болса да, ізбасарларының соншалықты аз, он мыңдай ғана адам екеніне екеніне таң қалғанын жасыра алмады. Ескерту: Индияның Бомбей қаласынан 100 шақырымдай жердегі Пуна қалашығында Ошаның рухани ашрамы (табынатын, ұйып медитация жасайтын үйі) орналасқан. Онда әлемнің түпкір-түпкірінен жиылған Ошаның 10 мыңдай ізбасарлары, шәкірттері тұрады. Ең ғажабы, таңертең тұрып компьюторымды ашып қарасам, кешегі өзім жазған Ошоның 8-ші белгісі жоқ, тек қана 7 белгі ғана бар. Киелі аталардың әруақтары Джон Хоугтің жіберген қателігін түзеп, артық белгіні алып тастапты. 8 белгі тек қана «Ақ ұлда» ғана бар. Енді осыған қайтіп таң қалмайсыз. Тылсым дүниені қалай ғана мойындамайсың, Алланың құдіретіне қалай ғана табынбайсың! Бүгінгі қазақ даласында әруақтарды көре алатын, сан ғасырлық уақытты көктей өтіп, тылсымнан сыр шертіп, аталар үнін жеткізетін, Алланың ақ жолында халықты соңынан ертіп жүрген, халықаралық «Ата жолы» қозғалысының ұстазы, Жоғары нәзік әлемнен киелі ата-бабалардың әруақтарының жіберген өкіл «Ақ ұл», – Қыдырәлі Момбайұлы Тарыбаевтың бойында, Нострадамус болжамы бойынша, жер бетіне Жаратушы тарапынан келетін өкілнің 8 белгісінің бәрі де болуының өзі бұлтартпайтын айғақ, шырылдаған шындық, айқайлап тұрған ақиқат емес пе?! Енді осы киелі аталардың әруақтары Джон Хоугтің жіберген қатасын түзеп өзгерткен таблицаны тағы бір қабат мұқият қарап шығыңыз: Date: 2015-07-22; view: 1135; Нарушение авторских прав |