Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Шәкәрімнің үш анығы нені білдіреді?





 

Шын мәнінде, үш анықтың не екенін Шәкәрімнің өзі «Үш анық» шығармасының басында-ақ былай деп ескертіп, аяғында тағы қайталайды.

«Адам ақиқатты бас көзімен көрмейді, ақыл көзімен көреді... Өлімнен соң бір түрлі тіршілік бар. Екі өмірге де керекті іс – ұждан. Ұждан –дегеніміз, ынсап, әділет, мейірім». Бұл сөздерден болмыс көріністерін адам бас көзімен көретінін білеміз. Бірақ бас көзімен көрген нәрсе ақиқат емес. «Бас көзі» деп бұл арада баста орналасқан көзді ғана емес, адамның сыртқы бес сезім мүшелері айтылып отыр. Бес сезім мүшелерін біріктіріп Шәкәрім «бас көзі» деп атайды. Бұл оның өлеңдерінен де байқалады. Сонымен, бірінші анық – сезім мүшелері қабылдайтын болмыстың заттық көрінісі. Бірақ болмыстың бұл көрінісі ақиқат емес, яғни толық болмысты білдірмейді. Толық болмысты, яғни ақиқатты ақыл көзімен ғана көруге болады. Ақыл көзі дегеніміз – адамның логикасы, немесе ақыл-ойының жұмысы. Шәкәрім «ақыл» деген сөзді оның кең мағынасында пайдаланады. Ақыл адамның ақыл-есін, ой-өрісін, сана-сезімін анықтайды. Сондықтан осы бір сөзбен адамның адами қасиеті белгіленіп отыр.

Екінші анық – өлімнен соңғы тіршілік, яғни болмыстың көзге көрінбейтін бөлігі. Болмыстың бұл бөлігі тылсым (эзотерикалық), көзге көрінбейтін әлемге жатады.

Ал үшінші анық – екі өмірге де, яғни көзге көрінетін заттық әлем мен көрінбейтін әлемге де керек – ұждан. Ұждан, немесе ұят жан қасиеті. Ал бұл қасиет адамның рухымен байланысты. Жан сипаты болып табылатын рух тәнмен осы адами қасиеті арқылы байланысады. Ендеше адамды адам ететін адами қасиет дегеніміз ақыл-ес, ой-өріс, сана-сезімнің рухтанған, яғни рухпен нұрланған қалпы. Жануарларда бұндай қасиет жоқ. Себебі, олардың рухы өте әлсіз, әлі дамымаған. Адамның жануарлардан негізгі айырмашылығы осында болса керек.

Шәкәрім көрнеу әлем ғана емес, көрінбейтін әлемнің де көп сыр-сипатын береді. Бұл үшін көптеген мысалдар келтіріп, оның ақиқат екенін дәлелдеп, көз жеткізуге ұмтылады. Бірақ бұл мысал ретінде келтірілген әңгімелердің ішкі сыры ашылмаған. Біздің мақсатымыз олардың заттық ғылымнан тыс, ішкі сырларын ашып, тылсым (эзотерикалық) мәнін көрсету. Сонымен бірге екі әлемнің тығыз байланысын, бұл байланыстың орындалуын талқылау. Екі әлемнің тығыз байланысын түсінгенде адамға өмірдің түпкі мақсатына жету үшін жол ашылады. Сондықтан бұл шығарманы дұрыс түсінудің маңызы кімге болса да өте үлкен.

Енді адам, аруақ және толық жетілген адамның болмыстары қандай болатынына тоқталайық.

 







Date: 2015-07-22; view: 1115; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию