Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Тылсым дүниемен тілдесуім





Араға бір жыл салып оралдым, ақпан айында қайтыс болған Зеріп анамның қырқын бердік. Жұмыстарымды жайластырған соң қайтпақшы едім, Қаскелеңнің автобекетінде Орынбек деген бауырым жолығып қалды.

– Орынбек, қайда барасың?

– Осында Сәрсенбай деген емші бар, барсаң жүр, бірге барайық.

Ол кісіні өзара «қасқыр ата» деп атайды екен. Үйіне бардық, дастархан жайылды, сонан соң ол кісі құран оқып жіберіңдер деді. Мен құран оқыдым, бір уақытта:

– Аманжол бауырым, домбырамен ән саласың ба?

– Иә.

– Бәсе маған келіп айтып отыр.

– Кім сізге айтқан, Орынбек пе?

– Жоқ, мына жақтан аталар келіп айтып жатыр ғой.

Ол кісі де аталар ордасына кіргізді көп әңгімелестік, мен бес уақыт намаз оқитынмын. Намаз оқыдық.

– Аманжол сенің біраз қасиеттерің бар екен, сен ешқайда кетпе, біраз күн менің қасымда бол. Әулие аралаймыз, сонан кейін рұқсат. Батамды беремін.

– Сәрсенбай аға, қалтамда ақшам жоқ, әулиеге қайтіп барамын?

– Жоқ, сен менің қасымда бол, ар жағын көре жатармыз.

Сонымен Орынбек екеуміз қалдық. Емге күнде кісілер келеді, мен Сәкеңнің оң жағына отырамын. Біртіндеп менде де көретін қасиет пайда бола бастады. Ол кезде Арыстанбабтың, Құл Қожахмет Йасауидің басына барып көрмегенмін, тіпті қайда екенін де білмеймін.

Бір кезде Арыстанбабтың басында тұрған кесенесін, ал Құл Қожа Йасауидің басындағы керемет алқызыл раушан гүлдерді, Гаухар ананың бесік сияқты жасалған зиратын көрдім. Айша Бибі ананың басында акквариум сияқты шынының ішінен қара жылан ирелеңдеп жоғары қарай зу ете қалатынын да көріп отырдым. Осы таңғажайып құбылысты Сәрсенбай ағадан сұрап едім: «Бұл Айша Бибі ананың кесенесі» –деді.

– Неге жылан болып көрінеді?

– Себебі әкесі теріс бата бергеннен кейін, судың бойында жылан шағып өлтірген екен. Айша Бибі анамыздың әруағы біреуге жылан, енді біреуге әдемі 16 жастағы қыз болып көрінеді. Саған жылан болып көрінді.

Сәрсенбай ағаның қасында 12 күн отырдым. Жүрекпен сөйлей бастадым. Жүрекпен сөйлеу дегеніміз, аталардың әруақтары айтар сөзіңді жүрегіңе құйып береді, сол кезде аталардың аруағынан сұрайсың: «Мынаны айтайын ба жоқ па?» – деп. Айт десе айтасың.

Оныншы күндері бір жас аяғы ауыр келіншек күйеуімен үйге кіріп бара жатқанын көрдім, мен осы сәтте базар жаққа барып келейін деп үйден шығып бара жатқанмын. Келсем кетіп қалыпты. Ертесіне олар қайта келді. Отырмыз, біраз отырғаннан кейін менің көзіме Алпамыс батыр мен Бекет батыр көрінді. Осы жерде оларға тұрып сәлем беріңіздер деп, бәріміз тұрып сәлем бердік.

– Қайсың кіші жүзсің?

Жігіт: «Мен кіші жүзбін», келіншек: «Мен орта жүз Қоңыратпын» – деді. Бұларға бір сарбас қой, 2100 теңге ақша және ақтық түсті.

Зираты Ақши ауылының жанындағы Белағаш әулиеге, Зиада апаға, сопы Абылай атаға жол түсті. Маған осылардың бәрі көзіме анық көрініп тұрады, осы өзім көріп тұрған заттарды, әруақтардың бейнесін адамдарға қаз-қалпында айтып беремін.

Ертеңіне зиарат етуге жолға шықтық, ойлап қоямын: «бұлар не іздеп жүр, не жетпей жүр?» – деп. Белағаш атаның басына келіп құран оқыдық, ары қарай Зияда апаның басына кеттік, ол жерде менің әкем мен анам жатыр. Келдік, әруақтарға құран оқиық деп отырғанымыз сол еді, бұрын қайтыс болған Мейрамбек деген құрдасым бар еді, соның аруағы шыбын сияқты ыз-ыз етіп ұшып келіп менімен тілдесіп амандасты, хал жайымды, ел жұртты сұрады, бейнесі сол қалпы, іле-шала өлген адамдардың әруақтары жан-жақтан ызылдап ұшып келіп қаптап кетті. Сонан соң Орынбектің әкесі марқұм Мамыт аға атбегі болып еді, ол кісінің де аруағы ызылдап ұшып келіп маған баласын табыстап, ақылыңды айта жүр деп тапсырып жатыр. Бір уақытта әкем марқұм жаныма келді, ризашылығын білдірді, киімі бұрынғы өзінің басында шляпасы, үстінде көстем шалбары жақсы киінген, көңілі көтеріңкі.


Абылай ағаның басына келіп құран оқығанда, әкем жанымда оң жағымда жүрді, Абылай ағаның жүрегінде де менің жүрегімде де керемет қуаныш, ол кісі тура тірі күніндегідей ақ киімі сол қалпы әкеме қарап: «Ой, Жәке, мына інім қандай жақсы болды, мына Ақ жолға келгені қандай жақсы болған, Жәке осы сіздің сүйікті жақсы көретін ұлыңыз еді» – деп әңгімелерін айтып жатыр. Одан әрі әкелерімнің әкелерінің бұрынғы қорым қорғандары болған. Маған құран оқы деді, оқып жатырмын үлкен ата-бабаларымның біреуі Жауынбай деген батыр болыпты, бірақта ол кісінің зираты Күрті өзеніне шайылып кетіп қапты, сол кісінің басына келіп құран бағыштағанда, өзі келіп оң иығымнан қолымен ұстап: «Жарайсың балам, рахмет!» – деді. Сөйтіп әруақтарға бағыштап құран оқып отырғанда ар жағынан керемет арлан қасқыр болып біреу келді, бірақ оларды танымадым.

Содан шығып көлігімізге отырғаннан кейін, құдіреттің күші, маған әңгіме пайда болды. Жаңағы жігітке айтамын: «Әй, сен мына келінге неге жала жауып жүрсің? Бөріктінің намысы бір, сен келінмен араларыңда кикілжің болғаннан кейін келіпсің ғой, неге олай істеп отырсың?» – дедім.

– Оны қайдан білдіңіз?

– Маған қазір аян беріп жатыр, ертең осы келін шекесі торсықтай, шотмаңдай, халқына қызмет ететін жақсы ұл туады, сондықтан сен келінді мәпелеп, дұрыстап қарап, көріп білгеніңді ертең елге жария қылмай ішіңде сақтайсың. Аяқ астынан Ақсақ темірдің дүниеге қалай келгенін айтып бердім. Түсіндің бе деп едім, түсіндім деді. Сөйтсем ол жігіттің өзі де тегін емес екен, сол жігітке кезінде аян беріпті: «Сен ең бірінші намазға жығыл, сонан соң үйлен, онан кейін Ақ жолға түсесің де, өзіңнің ауылыңда Ақтөбе жақта көмулі жатқан құран кітап бар соны табасың» – деп.


– Осының біреуін ғана орындадым.

– Дұрыс, үйленіп алғаннан кейін шатақ шығарып отырсың, бала кімнен деп. Бала сенің өзіңнен, өз беліңнен.

Қайтарда Белағаш әулиенің басына келдік, келсек өзіміз әпке дейтін кемпір отыр екен, бұл кісі өзінің қасиетін ұстай алмай жүрген Белағаш атаның тұқымдары болатын. «Әпке амансыз ба» – деп қолымды созсам қолындағы таяғын маған қарай лақтырып жіберіп: «Міне саған 80 жас» – деді. Таяқты қағып алып: «Қабыл алдым апа!» – деп тізерлей отыра кеттім. Таяғын қайтарып беріп жаңағы кісіге қарап отырсам, керемет сүйкімді кіп-кішкентай, ақшақардай әппақ киімді кемпір болып отыр, үш қабат қарадым. Сонан кейін жүкті келіншектің күйеуінің қолына қарасам екі қолы кісендеулі, аяғы тұсаулы. Ол кезде бұндай тылсым құбылыстарды жөнді түсіне бермейтінмін. Сәрсенбай ағадан сұрасам: «Ол жігітке тазару керек, қол аяғы байлаулы тұр, ісі алға баспайды» – деді.

– Жаңағы апа неге аппақ киіммен кіп-кішкентай болып отыр?

– Ол Алланың сүйікті құлы, о дүниеге барғанда ол кісі бейіште болады.

Үйге қайттық, ерлі-зайыпты жас жұбайлар бір-біріне разы болып, келесі жылы қайтып келеміз деп олар да қайтты.







Date: 2015-07-22; view: 657; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию