Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Кашпировский әруағының Жұматайдың аяғын кесіп алып емдеуі
Жұматай Нұртазаұлы Абылхан: тел: 8 701 557 28 57; Үйі. (87223028) 1-59; «Жоқ, сен жақсылық, жамандықты жаратқан – Құдай, бірақ қылдырған Құдай емес, ауруды жаратқан – Құдай, ауыртқан Құдай емес, байлықты, кедейлікті жаратқан – Құдай, бар қылған, кедей қылған Құдай емес деп, нанып ұқсаң болар, әйтпесе – жоқ». Абай Бұл әңгімені баяндайтын ШҚО, Ұржар ауданы, Науалы ауылының тұрғыны кәсіпкер – Жұматай Нұртазаұлы Абылхан. Кітап авторы ретінде өз басым ақылды, қазақ келіндерінің «символы» биязы келін Динаны да, дарынды ұлы Әділетті, алғыр қызы Зерені де өте жақсы білемін. Абылхан Жұматай 40-тың қырқасына шыққан, қамал алатын жасқа келген шымыр денелі, аса қайратты, қара торы, мейірбан өңді, сұңғақ бойлы, терең ойлы, әр сөзін салмақтап сөйлейтін, асыл тектілігі – айтқан уәдесіне құрыштай беріктілігінен, алған бетінен қайтпайтын қайсарлығынан, жанының жомарттығынан, мінезінің кеңдігі мен рухани санасының жоғарлылығынан, жүрегінің тазалығы мен имандылығының ерекшелігінен айшықталып тұратын жігіт ағасы. Қазақ баласында сирек кездесетін қайталанбас ерекшелігі: Абайдың қара сөздерін, өлеңдерін түгел дерлік жатқа біліп қана қоймай, осылардың философиялық мәнін терең түсінеді, талдайды. Негізгі мамандығы Алматы ауыл шаруашылық институтын бітірген инженер-механик. Жұматай Нұртазаұлы баяндайды: Бұл 1993 жылы болған оқиға. Мен өзіміздің Науалы ауылында МТМ меңгерушісі болып орналастым, ол да күні бойы тыным таппайтын жүрісі мен жүгірісі көп мазасыз жұмыс. Сол жылы жазда бір ауру жабысты, тізем қақсайды. Ол кезде 32 жастамын. Таңертең жұмысқа кетем, ал түстен кейіннен бастап сол аяғым тізеден зырқырып қақсайды, жүргізбейді. Кешке таман шойнаңдап жүре алмай қаламын. Жұмыстан келе салысымен төсекте аяғымды көтеріп 1...1,5 сағат қозғалмай жатамын. Жаз айы аяқталып, жайма-шуақ тамыз айының басы болатын. Менің бір әдетім, өзім ұйықтайтын бөлмемнің терезесін ашып тастайтынмын. Бір күні ұйықтап жатыр едім, ол кезде ұлымыз Әділет үш жаста, Дина екеуміздің ортамызға жатады. Мен әдеттегідей терезе жақта жатқанмын. Түннің бір уағы, терезе ашық тұрған. Бір кісілер күбірлеп терезенің сыртына кеп қалды. Кейде көшеде өткен кісілердің даусы естіліп тұратын. Қорада малды көп ұстаймыз, қарамасаң қағып кетеді. Жастықтың да желігі шығар, ит үріп сезікті сықыр естілсе терезеден қарғып түсіп, мал жақты шолып қайтатынмын. Ұры-қары барма дегендей. Әгәрәкім ешкім жоқ болса, терезеден қайта секіріп түсіп ұйқымды жалғастыра беретінмін. Түннің бір уағында, өзім күнде секіріп жүрген терезеден бері қарай үш кісі: алдымен біріншісі дүңк етіп, сонан кейін екіншісі, соңынан үшіншісі дүңк-дүңк етіп үйдің ішіне секіріп-секіріп түсті. Қозғалайын десем қозғала алмаймын. Қараңғы, сұлбаларын көріп жатырмын. Әлгі үш кісі төсектің аяқ жағына келді. Сол кезде үй қараңғы болса да бәрінің түрлерін көрдім. Ортада ұзын бойлы Кашпировский, қара водалазка киген, шашын дөңгелектеп кескен. Сол кездерде Кашпировскиді теледидардан жиі көрсететін. Жанында ұзын бойлы жіңішке қара сұр екі жігіт. Түрлері тәжік, өзбектерге келеді. Біреуі әй-шәй жоқ көрпені ашып сол аяғымды көтеріп алды да, тізеден сәл төмен 3 см жерден бірдемемен тыз еткізіп жіліншігімді кесіп бөліп тастады. Сол аяғым жеп-жеңіл болып қалды. Айналам тұманданып кетті, сөздерін естіп жатырмын. Өзара күбірлесіп жатыр, сөздері орысша. Сонан кейін Кашпировский орысша: «Костный мозг положите на место», – деді. Келіншегім мен ұлым пыр-пыр ұйықтап жатыр. Бір мезетте аяғымды қайта көтеріп, кесілген жіліншігімді орнына қойғандай болды. Көрпемді қайтадан жапты да жанымнан өтті. Терезеден үшеуі ары қарай қайта секіріп кетті. Сол кезде маған қимыл бітті. Жан-жағыма қарадым, Динаны оятайын ба, оятпайын ба деп ойланып: «Қой шошып кетер», – деп оятпадым. Біраз жатқаннан кейін қолма-қол ұйықтап кетіппін. Нақ болған оқиға екенін білемін, таңертең келіншегіме айттым. – Түнде келген кісілерді көрдің бе? – Қайдағыны айтады екенсің, ешкімді де көрген жоқпын. Сонан кейін жұмысқа кетіп қалдым, жырлайтын уақыт жоқ. Түсте келдім. Әкем, келіншегім үшеуміз тамақ ішіп отырғанда түндегі көргендерімді тәпіштеп айтып бердім. Әкеме айттым: – Теледидардан өзің көріп жүретін Кашпировский екі көмекшісімен түнде келіп аяғымды кесіп алып, емдеп кетті. – Е, келсе келген шығар. Онда аяғыңды емдеп кеткен ғой. Жақсы болған екен! Менің әкемді ешнәрсемен таңқалдыру мүмкін емес-ті болатын. Содан бері тіфә-тіфә аяғым ауырғанды қойды. Одан бері 15 жылға аяқ басты аяғымның қақсауы сап тиылды. Қазір ор қояндай орғи басамын! Осы айтып отырғаным нақ болған оқиға. Бұған өзім онша таң қалмағаным, осындай тылсым оқиғалар әкемнің де, арғы аталарымның да бастарынан жиі өткен. Жас күнімнен осы оқиғаларды естіп өскенімдіктен де болар. Әруақтарды көре алатын Аманжол Шәріпқұловтың әңгімелері:
Аманжол Әбдіғалиұлы Шәріпқұлов: 8 701 556 10 53; Елтай ауылы, Қарасай; Жарамсыз болса біздің жол, Дәлеліңді айт, жақпаса ол. Ұқпасаң, қылар лажым не, Мен кеттім, сіздер аман бол, Айуанмен анық теңдерім! Таза ақыл ақты барлайды, Дәлелсіз сөзді алмайды. Танитын жанға кез болса, Хақиқат жерде қалмайды, Жалғанға сатпас шыныңды. Шәкәрім Date: 2015-07-22; view: 682; Нарушение авторских прав |