Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Болмыс дауы мәңгілікті
Жүректе қайрат болмаса, Ұйқтаған ойды кім түртпек? Ақылға сәуле қонбаса, Хайуанша жүріп күнелтпек. Абай
Адамзат қауымында болмыс мәселесі түрлі даулар, ағымдар туып, ол ежелден келе жатқан дәстүрге де айналды. Оның себебін түсіну де қиын емес. Ғажайып сырлы болмыс көріністері әркімге бірден ашыла бермейді. Ол үшін өте жоғары рухани деңгей керек. Сондықтан бүкіл адамзат қауымы болып бұл күрделі мәселені бірден түсініп, бір ортақ тұжырымға келе қалады деуге болмайды. Сол себептен болмыс мәселесі туралы түрлі ойлар ежелден айтылып келе жатыр. Бұл туралы Шәкәрім былай деп жазады: «Жоғарғы Тәңірі бар ма? Жан бар ма? Бұл сұрауларға баяғыдан бері талай жауап айтылып, талай ой жүргізілген. Сол жауап пен ойлардың кейде анасы үстін болып, кейде мынасы үстін болып келген». Шәкәрімнің «Жоғарғы Тәңірі бар ма? Жан бар ма? деген сұрағына материалистік және идеалистік көзқарастар бойынша екі түрлі жауап болатыны белгілі. Материалистік көзқарас бойынша бүкіл әлем жансыз материядан пайда болған және оның жаратылуында ешқандай себеп те, мақсат та жоқ, ол кездейсоқ атом қозғалыстарынан пайда болды. Әлем жансыз материядан жаралған, сондықтан, Жоғарғы Тәңірі жоқ дегенге саяды. Ал екінші сұраққа олар «Мәңгілікті жан жоқ» деп қысқа жауап береді. Идеалистік көзқарас бойынша, керісінше, болмысты бір білімді және шебер Жаратушы жаратқан және бүкіл болмыстың белгілі бір себебі және үлкен мақсаты бар. Адам өлген соң жан өлмейді, ол тек қана бұл тұрпайы заттық әлемнен көрінбейтін басқа әлемге өтеді. Бұл екінші көзқарас көрнеу әлемнің де, көрінбейтін көмескі әлемнің де бар екенін мойындайды. Шәкәрім бұл екі көзқарасқа да толық шолу жүргізіп, олардың түрлі дәлелдерін келтірді. Заттық көзқараспен өмірдің түпкі мақсатына жету мүмкін емес. Өмірдің түпкі мақсатына жету үшін болмыстың сыртқы сипатын ғана емес, оның ішкі сырын білу керек. Әр істің мәнісін ғана емес, оның ішкі мәнін білу керек тәрізді, болмыста да оның тек қана көзге көрінетін сыртқы заттық әлемін ғана емес, сонымен бірге, көзге көрінбейтін ішкі ғайып әлемін де білу керек. Сондықтан екінші көзқарастағылар өмірді толығырақ түсініп даму барысында алда болады. Сонымен бірге, бұл екі көзқарас та заттық көзқарасқа жатады. Себебі, нәзік әлем көзге көрінбегенімен, ол да материядан құралады. Нәзік әлемдегі жоғарыда айтылған әлемдік тоқ, одан пайда болатын әруақтардың нәзік денелері рух емес, ол да материя. Бірақ нәзік материя. Шын мәнінде, адам баласы ештеңені жаңадан жасамайды, ол тек қана бар нәрсені ашып, қайтадан көрсетеді.Себебі, Шәкәрім сөзімен айтқанда «ескі замандарда ойламаған ой, айтылмаған сөз, істелмеген іс қалған жоқ». Мұндай ойларды Абай да айтады. Бірақ көп заман өту себебімен олар ұмытылған. Олар кезінде қайтадан пайда болады. Материалдық әлем мәңгілікті, бірақ ол бірде пайда болып, бірде қайтадан жоғалып отырады. Сол сияқты білім, Алла тағаланың бір қуаты. Ол қуат көбеймейді де, және азаймайды да, тұрақты. Ол тек қана бірде пайда болып, бірде қайтадан көрінбейтіндей қалге келіп отырады. Бар нәрсені көруге әруақтар, не болмаса адамның өзінің ынта-жігері себеп болуы мүмкін. Талапты адамға шындық өзі ашыла береді. Барлығын жан, әруақ басқарады және әлемдік заңдылық бойынша, қандай ниет болса да орындалады. Бірақ оның уақытын күте білу керек. Ұмытылған бұрынғы ақиқаттар жаңарып, заманға қайта келіп отырады. Мәңгілік ақиқаттар ойын терең шоғырландыра алатын адамдар арқылы келеді. Ондай адамдар жоғары әлемдермен байланысып, ақиқатты оның шыққан қайнар көзінен алады. Сондықтан, олардың жүрегінде оянған шындыққа сене білу керек. Шәкәрімнің жазғандарының көпшілігі жүрек арқылы алынған ақиқат екені білініп тұрады. Оның кейбір өлеңдері «Тау басындағы ой» деп таңбаланған. Нәзік болмыс тұрғысынан алғанда тау, ен дала, орман ең таза орын болып табылады. Жаратушының жоғары қуаты осындай жерлерде шоғырланады. Сондықтан пайғамбарлардың көпшілігі тауда, не болмаса шөл далаға кетіп, 40 күндік аштық ұстап, ашығып ойын мәңгілікке шоғырландыру арқылы рухани бұлаққа жол таба алған. Ал көп халқы бар қала, көп қабатты үйлер ең былғаныш жер деп есептеледі. Елден кетіп, Шәкәрімнің көп жыл бойы Шыңғыс тауында мекендеген сыры да осында жатыр. Сондықтан ол ақиқатты жүрегімен қабылдап, жаза берген. Ойшылдың жазғандары бірден жүрекке орнығып, адамға рухани қуат береді. Date: 2015-07-22; view: 668; Нарушение авторских прав |