Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Не себептен адамзат қауымы шындықты бірден қабылдай алмайды?





 

22–Хаж сүресі, 8, 9 аяттар.

Адамның кейі; білімсіз, жолбашысыз және сәуле беруші кітабы да жоқ. Алла жайында таласады. (8) Алланың жолынан адастыру үшін тоң мойындық істейді. Оған дүниеде қорлық бар. Әрі қиямет күнінде жандырушы азаптың дәмін таттырамыз. (9)

ҚҰРАН КӘРИМ, қазақша мағына және түсінігі. 333 бет.

 

Білімді алу жолы мен алу әдісіне байланысты оның ақиқаттығы да әртүрлі болады. Жалпы білім алудың екі жолы бар. Оның бірі – болмыс көрінісін төменнен жоғары қарай, немесе жалқыдан жалпыға қарай зерттеу әдісі болса, екіншісі – керісінше, жоғарыдан төмен қарай, немесе жалпыдан жалқыға қарай зерттеу әдісі. Төменнен жоғарыға қарайғы әдісте адам іздегенін білімнің ақиқат көзіне сүйенбей, өз күшімен, сезімдерін пайдаланып, ой-өрісімен табуға ұмтылады. Осылай ол табиғаттың бірнеше жеке көріністерінен жалпы тұжырым жасауға ұмтылады.

Жоғарыдан төмен қарай зерттеу әдісінде адам беделді білім көзіне сүйенеді. Ол осылай жалпы білімнен жеке тұжырым жасай алады. Мысалы, Құран Кәрімде адамның барлығы да бұл фәни әлемнен өтіп, түбінде Алла тағалаға қайтатыны туралы айтылады. Мұндай сенімді Құранның (21-93), (32-11), (7-29), (5-10), (28-70) тәрізді аяттарыннан /14/ алуға болады. Егер Құранға сенетін болсақ, онда ешқандай тәжірибе жүргізбей-ақ әркімнің бұл әлемнен бақи әлемге өтетінін білеміз. Осылай дәл және ақиқат тұжырымға келеміз. Бірақ, бұл үшін сенім керек. Сенім әркімге оңай беріле бермейді. Беделді білім көздеріне сүйенген адам білім қуғанда тәжірибе жасауға уақытын жібермейді. Ол көп уақытын үнемдеп, сонымен бірге, жеңіл жолмен мақсатына жетеді. Мұндай әдіс білім шыңына жыланша өрмелеп ұзақ уақыт жібермей, қыранша самғап аз уақытта көтерілуге мүмкіндік береді.

Заттық ғылымның пайдаланатыны адамның бес сезім мүшелері мен логикасы. Ғалымдардың қолданатын құралдары материалдық тұрғыдан алғанда қандай күрделі, жетілген болса да, ол кемшілігі көп сезімдер мен логиканың көмегімен жасалған. Сезімдер мен ойлап таразылаудың (логиканың) кемшіліктері бар. Ендеше, кемшілігі бар құралмен жасалған нәрсе кемшіліксіз болмайды. Сол себептен, заттық әлемді өздерінің сезімдері мен логикасының көмегімен зерттеген ғалымдардың жасаған жұмыстары да кемшіліксіз емес. Олардың ашқан жаңалықтары белгілі бір өмір жағдайында ғана ақиқатқа сәйкес келеді. Ал бұл жағдай өзгерсе, ол сәйкестігін жоғалтып, ақиқаттығынан айрылып қалады. Бұған табиғаттану ғылымдарынан көп мысалдар бар екені белгілі. Әрине, мұнан ғылымның ешқандай пайдасы жоқ деген ой тумаса керек. Фәни әлемде ғылымның үлкен орын алатыны ешқандай дау тудырмайтын ақиқат екені баршаға белгілі жағдай.

Ал бақи әлемді алатын болсақ – іс мүлде басқа. Фәни әлем әдістері мен зерттеу құралдары бақи әлем үшін қолдануға келмейтіндіктен, заттық ғылымның көрінбейтін әлемді зерттеуде пайдасы шамалы.

Бақи әлем – мінсіз әлем. Ал фәни әлемде мінсіз ештеңе жоқ. Ендеше фәни әлемде ақиқатқа жету өте қиын. Бұл өмірде сенімсіздік тудырып, әркім ақиқатты өзінше іздеп, өзінің таптым деген ақиқатын ғана мойындап, басқаларға сенімсіздік тудырады. Осылай жанкештілік (фанатизм), біржақтылық туындап, табиғаттың жаңа ашылған сырларын бірден қабылдауға мүмкіндік бермейді.

Табиғат сырлары шексіз. Оның себебі – заттық әлемге нәзік әлем үнемі әсер етіп, өзінің ықпалын жасап отырады. Соның нәтижесінде заттық әлем жанданып, өзгеріп, тіршілік көріністерін береді. Адамның нәзік болмысы нәзік әлемнің бір бөлігі болғандықтан, адам да өзінің ой-өрісімен қоршаған табиғатқа, материалдық элементтерге әсер етіп, оны өзгертіп отырады. Осылай нәзік әлем мен заттық әлем арасында байланыс үзілмейді.







Date: 2015-07-22; view: 684; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию