Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Нострадамус туралы бірер сөз





Жер бетіндегі ғұлама данышпандар аспандағы жұлдыздарға ұқсайды. Жерде де, суда да жұлдыздарға қарап жол табуға болады. Жұлдыздар көрінбесе жолаушылар адасуы мүмкін. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)

Мишеля де Нотрдам 1503 жылы Франциядағы Сен-Реми қалашығында, жақында ғана христиан дінін қабылдаған еврей жанұясында дүниеге келген. Әкесі Хайме бір зерттеушілер бидай сатумен шұғыланған десе, енді біреулері әйгілі заңгер нотариус болған дейді. Мишелдің ата бабаларында да көріпкелдік қасиеттер болған. Мишел дарынды оқушы болып, бала күнінен математика мен астрологияға қызығушулық танытқан.

14 жасқа толғанда, нағашы атасы Авиньон қаласындағы гуманитарлық білім алуға дайын деп, Прованс қаласындағы папаның қарауындағы жоғарғы оқу орнына береді. Онда Коперниктің астрологиялық ілімін ашық жақтағаны үшін, мұғалімдер тарапынан қуғындауға түседі. 19 жасында медицинаны оқып үйрену үшін Монпельдегі оқу орнына түседі де, 1525 жылы баклавар дәрежесінің емтиханын ойдағыдай тапсырады. ХYI ғасырда Францияны оба (чума) ауруы «қара өлім» дендеп алады. Нострадамус осы аурлармен белсене күресіп, өзінің тәжірибесін жетілдіре береді. 1529 жылы Мишель де Нотрадам Монпелге қайтып келіп, докторлық атақпен қоса, атын латынша Нострадамус деп өзгерту құқына ие болады. Атақты дәрігер деген атағы шығады. 1547 жылы Салон қаласына тұрақты тұру үшін келеді. Дәрігерлікті біртіндеп тастап, әрлендірумен (косметика) сегіз жыл шұғылданады, жақсы пайда табады.

Осы кезден бастап тылсым дүниеге бүтіндей беріледі. Үйінің жоғары қабатындағы кішкентай бөлмені лабораторияға айналдырып алады. Осы жерде өзінің жыл сайынғы болжамдарын жазады, көпшіліктің назарына ілігіп, қолдауына ие болады. Бұл оны онан әрмен жігерлендіріп төрт шумақты, жұмбақты катрендерін алты тілді: ескі француз, латын, италиян, көне еврей, араб, көне грек тілдерін араластырып жазады. Осылайша болашақ бүкіл әлемнің тағдырының болжамы жазылған «Центурий» атты кітабы жарық көреді. Сонан бері зерттеушілер неше ғасыр бойы, осы жұмбақтың шешуін табу үшін – күндіз күлкілерінен, түнде ұйқыларынан айырылып бастарын қатыруда.

«Центуридің» алғашқы үш кітабы 1555 жылы жарық көрді, ол баласы Сезарға жолданған. 1557 жылы 4–7 кітаптары шығады, бірақ аяқталмаған. Қалған үш томы 1557 және 1558 жылдары Генрих II-ге жолданып шығарылады.

Нострадамустың өтініші бойынша ол тірі кезінде «Центуриді» толық баспадан басып шығаруға болмады, себебі өзінің алты баласын осылайша жақтастарынан да, қарсыластарынан да қорғады.

ХYI ғасырда-ақ Нострадамустың өмірі өз замандастарына жұмбақ болып қалды. Ғасырлар ауысты, бір ұрпақты екінші буын алмастырып жатты. Бірақта осы күнге дейін «ғарыш оқымыстысы», көріпкел, медицина докторы, әрлендірудің (косметика) негізін қалаушы, емдік шөптердің білгірі, жемістерді консервлеуді ойлап табушы адам, өткеннің жарқыраған тұлғасы болып қала береді. Оны қалай дәріптейді, солай сынайды. Оның болжамдары әлі күнге дейін қарама-қайшылық айтыстың, керілдесудің қайнар бұлағы, бастауы болып қала беруде.

Нострадамустың 10 томдық «Көріпкелдік» кітабында 1110 болжам төрт жолды шумақ-катеран түрінде жазылған. Бұл бір қайталанбас дүние, себебі міне 400 жылдан астам уақыт бойы үздіксіз басылып келеді. Бұндай танымдылық әр кітапқа бұйырмаған.


Нострадамус радионы, сүңгуір кемені, ұшақты (самолет), ұшқыштардың кислород маскасын т.б. толып жатқан адамзат жетістіктерін алдын ала болжап кеткен. Оның болжамдарында Хиросима мен Нагасакиге ядролық бомба тасталатынын, адамның айға ұшатынын, қазіргі дін жүйелерінің түгелдей жойылып жоғалатынын, жер шарында бірақ үкімет, бірақ дүниетаным болатынын да айтып кеткен. Адамзат Алтын Ғасырдың босағасында тұр. Жер 1000 жыл бойы жұмаққа ұқсайды, бірақта келесі мыңжылдықта құлдырап, 3797 жылы күннің кеңейіп кетуінен, біздің ғаламшар жойылады. Бірақта, осы апатқа дейін адамзат басқа ғаламшарлардан орын тауып, тіпті Шаян шоқжұлдызына дейін орналасып, оның басына Алтын Ғасыр қайтадан орнайтын болады.

Нострадамустың соңғы болжамы өзінің өлімі туралы:

Өкілліктен келген бетте, өзінің силықтарын орналастырып қояды, басқа түк те істемейді. Ол жақында Жаратушысына қайтады. Жақын туыстары мен достары, бауырлары оны төсек пен орындықтың арасында жатқан жерінен табады.

Нострадамус 1566 жылы 2 шілдеде көз жұмады. Туған-туыстары оның бөлмесіне кіргенде, көріпкелдің төсекте, ісіп кеткен аяғын орындықтың үстіне созып жатқанын көреді.

Әйелі Анна күйеуінің соңғы тілегін орындап, оны түрегеп тұрған бойы жерлейді. Көріпкелдің табыты Салон қаласының Орден Кордельеров шіркеуінің ішкі қабырғасына құйылып тастайды. Құлыптасында мынадай жазу бар:

Бұл жерде әйгілі болған, өзекті жанның ішінен киелі қаламмен, жұлдыздардың ықпалымен, бүкіл әлемнің келешектегі болар оқиғаларын жазу мәртебесіне ие болған Мишель Нострадамустың қалдығы саябыр табуда. 62 жыл, 3 ай, 17 күн өмір сүрді. 1566 жылы Салонда жерленді. Болашақ ұрпақ мазасын алмауын өтінеміз. Анна Понс Жемель өзінің жарына шынайы бақытты тілейді.







Date: 2015-07-22; view: 1734; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию