Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Тағдыр деген не? Тағдырды қалай өзгертуге болады?





Өмір, дүние, жер мен көк, өткен заман,

Ажал алмай қоймайды ешкімді аман.

Өлмей, өшпей, қартаймай жүргің келсе,

Ол болмай ма тағдырды жамандаған? Шәкәрім

 

Жаратушы шексiз мейiрiмдi болғандықтан, бұл материалдық әлемде Ол ешкiмдi де жiберген қателiктерi үшiн жазаламайды. Жаратушы тек қана материалдық әлемнiң заңдылығын ғана жасады, ал оны дұрыс, не болмаса бұрыс қолдануына байланысты өмірдің әділет (қарымта) заңы бойынша әркiм өмiрдiң рақатын, не болмаса қасiретiн көредi. Бұған Жаратушы араласпайды. Осылайша әркiм өзiнiң бақытын өзi жасайды.

Біз тағдырымыздың соққысын тұрпайы денемізбен және нәзік денелерімізбен де аламыз. Болашақта болатын оқиғалардың тұқымы және ауыратын ауруларымыз нәзік денелерімізде: ауруларымыз төменгі есте, ал болашақтағы оқиғалар – жоғарғы нәзік әлемде бұғып жатыр. Дененің, жердің, ғарыштың қабықтары көзге көрінетін және көрінбейтін болып екіге бөлінеді. Адам өміріндегі барлық болатын оқиғалар алдын ала белгіленіп қойылған, тек уақытын ғана тосуда, сондықтан да қарапайым адам өз еркімен мұны өзгерте алмайды. Кей кездерде болашақта болатын оқиғаларды түсімізде көреміз, біз өзгерте алмаймыз, болатын нәрсе қайтсе де іске асады. Қазақ осыны тағдыр немесе: «пешенеңе не жазса соны көресің», – дейді. Егер адам фәни дүниенің шырмауынан шыға алмаса, Құдайға сенбесе қарымта қайтару заңы мүлтіксіз жұмыс істейді, оған күмәныңыз болмасын, ал егер Құдайға сеніп, имандылық жолына түсіп аштық ұстаса, онда оның күнәлары кешіріліп жеңілдей бастайды. Осыған сәйкес адамның тұрмыс жағдайы да түзеліп, бақытты өмір сүре бастайды. Осы кезде Жаратушы адамның тағдырына араласып қарымтасын – тағдырын өзгертіп жібереді. Осы ойды атам қазақ «Алланың жаққан отын адам үрлеп сөндіре алмас» деп қысқада нұсқа түйіндеген.

 

Алла тағала несібеңе жараса ырыс береді, артықша сұрама, нәпсіңді тый.

Пайғамбарымыз Мұхамедд (с.ғ.с.)

 

Біз өзіміздің ақымақтығымыздан қорғаушыны жерден іздейміз. Кейбір күшті тұлға өмірімізде жарылқаушы болады деп ойлаймыз, оның да осы өмірдегі уақытша пенде екенін ұмытып кетеміз. Өмірде бәрі де өзгеріске ұшырауы мүмкін: сізге қамқоршы болып жүрген адамыңыз қас жауыңызға айналуы, жан досыңыз дұшпаныңызға, ерлі зайыптылар арасындағы бірін бірі алдау т.б. сезім тұрақсыз болғандықтан: сүйіспеншіліктен өшпенділікке, достықтан қастыққа, сондай-ақ өмірдегі араласып жүрген жора-жолдастарыңыз да тұрақсыз. Сондықтан да, адамды толық қанағаттандыратын және толық бақытқа жеткізетін жалғыз тұрағы – Аллаға деген махаббаты, сүйіспеншілігі. Ол үшін біз рухани іліммен дами беруіміз қажет. Бұл дегеніңіз – мәңгілік ақиқат, бақыт.

 







Date: 2015-07-22; view: 824; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию